kazakhsha russian

Бала тілі-бал

бала, тілі, бал, қызықты, әңгімелері, ана, әкеКішкентай қыз әкесінің төбені сырлап жатқанына қарап тұрады.
Анасы:
— Қызым, қарап үйреніп ал. Кейін өскенде әкеңе көмектесесің.
— Мен өскенше әкем сырлап бітпей ме? – депті қызы таңқалып.

*********************************************************

— Кеше сабаққа неге келмедің?
— Ағам ауырып қалды.
— Оған сенің не қатысың бар? Әлде емдедің бе?
— Жоқ, мен оның велосипедін тептім.

*********************************************************
— Айналайын, айта ғойшы, екіні екіге көбейтсе неше болады?
— Төрт болады.
— Жарайсың, міне саған сол үшін төрт кәмпит!
— Тууууу, он төрт деуім керек еді!

*********************************************************
Мұғалім бұзық баланың үйіне келеді.
— Анаң қайда?
— Жұмыстан әлі келген жоқ.
— Әкең ше?
— Ол да тығылып қалды.

*********************************************************

— Мама, бүгін бізді мектепте дәрігер қарады.
— Иә, ол не тексерді?
— Ол біз демаламыз ба, жоқ па, соны тексерді.

*********************************************************

— Әке, барабан сатып әперші.
— Жоқ, тарсылдатып, мазамды аласың!
— Жоқ, мазаңды алмаймын, тек сен ұйықтағанда ғана тарсылдатамын.

*********************************************************

— Сен неге сабақта алма жеп отырсың?
— Үзілісте уақытты бос жібергім келмейді.

Пікірлер9
  1. Ляззат

    Көптеген пайдалы ақпарат алдым. Балалар мен ұстаздардың шығармашылықтармен таныстым

  2. Кенжегууль

    Бала тілі балдан да тәтті

  3. Арслан

    өте жақсы

  4. Арслан

    керемет

  5. Maхаббат

    кызык екен)))))))

  6. тұрсынай

    керемет бала тілі сөздері жақсы жазылған

  7. uljan kuatova

    кызык

  8. инабат

    маған қатты ұнады

  9. Айнагуль

    Бала тілі -бал айдарына шыққан булдіршіндердің тәтті тілі кімнің болсын езуін бір тартқызары сөзсіз.
    маған қатты ұнады.

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ