Өнерлі өрендер №13

Менің атым Айкерім. Маған «Мөлдір бұлақ» журналы өте қатты ұнайды. Төл журналыма жыл сайын жазыламын. Басқа балалардың шығармашылығымен танысып отырамын . Мен де өз туындыммен «Еркетай» арқылы бөліскім келеді. Бұл шығармамды тәуелсіздік мерекесіне арнаймын .

Тәуелсіздік тұғырым

Тәуелсіздік тұғырым.
Мен қазақтың қызымын
Тәуелсіз мынау жерімде
Қымбат маған бәрі де.
Қазақтан мен жаралғам,
Қазақтан мен нәр алам.
Қазақтың байтақ жерінен
Бабам да менің нәр алған .
Ләззат, Қайрат Ерболдар
Ел намысын қолға алып
Тәуелсіздік туы үшін,
Құрбан болған біз үшін.

Алматы олысы, Райымбек ауданы Сарыжаз орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Әбдіманап Айкерім Бекетайқызы

Тәуелсіздік байлығым

Тәуелсіз ел

Атабабам ұзақ күткен теңдігін,
Ұланғайыр далам меніңкеңдігім.
Ұрпақтары көрді барлық бақытты,
Тәуелсіздікеркіндігім ,елдігім.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Күрескерлер қаймықпады,ерледі.
Қаны менен жанын берген ерлердің,
Есімдері мүмкін емес өлмегі.

Ақ мамық

Ақ мамық жауып аспаннан,
Жұлдыздар моншақ шашқандай.
Аппақты мұндай көрмедім,
Жаңа түскен ақ қардай.

Айналамыз аппақ қар
Қыс айының сәні бұл.
Болса да талай тақпақтар,
Жаңа жыр жаздым бәрібір.
Батырғали Мейірлан Құттыбекұлы.6сынып

Асыл әжем

Әжем мені еркелетіп маған тәтті береді.Мен әжемді қуантып жақсы оқимын,Әжем ылғи маған ақылын айтып отырады.Сабақтан келгенде мені еркелетіп қарсы алады.Әжем үйде болмаса үйдің сәні,менің көңілім де болмайды.Үлкеннің ақылын алып өскен балалар жақсы азамат болып өседі дегенге мен сенемін.Сондықтан мен әжемнің айтқан ертегілерін,ақылдарын тыңдап өсіп келемін.

Елек орта мектебі2 «Ә» класс оқушысы Мырзабай Дінмұхаммед

Сынып жетекшісі:Лаукенова Лаура

Әке

Еркелетсе күнім дейді,
Әкесінің аппақ қызы мен болам.
Жұмысқа кетсем сағынамын,
Күнде жүріп сағынамын,
Уақытта өтсе сағынамын
Аман болшы әкетайым!
Елек орта мектебі 2 «Ә» класс оқушысы Келдібек Назым

Сынып жетекшісі:Лаукенова Лаура

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ