Жанболат Омардың өлеңдер жинағы

Ана сүтінің дәмі аузынан кетпей жатып, оның бала жүрегі өлеңге құмартты.

Тағдыры жабырқатқан көңіл жүгін жырымен таратты. Әке мейірімін аңсап, анасын өлеңімен жұбатты. Өзі әлі әріп жаза алмайтын жаста , ол ойынан өлең шығарды.

Мен оны екі жылдан бері білемін. Оның кеудесінде тұнып жатқан бұлақ бар.

Бұлақтың көзін табу бүгіннің еншісі болса, сазды үнін халыққа жеткізу де жанашыр тілеулестердің міндеті. Жас Жанболаттың алғашқы балаң жырларының тұсауын кесіп, әдебиет әлеміне ақ жол тілеуге асықтық.

 Ізгі ниетпен: ұстазы Темірхан Әбдіков

 

Шығарма, ана тілі, өлеңдер жинағы, Көк туым -мақтанышым , Ана , Әже

Көк туым -мақтанышым

 

Көк туым , көк байрағым,

Өмірге оңай келмеген.

Көйлегі ол — көк болаттың,

Көк мұзда тоңдым демеген.

 

Көк туым – мақтанышым,

Күн сәулесі таралған.

Көк туым- мақтанышым,

Тұғыры берік қадалған.

 

Көк туым — мақтанышым,

Ұлттық өрнек салынған.

Көк туым — мақтанышым,

Қыраны көкте самғаған.

 

Көк туым — мақтанышым,

Әнге қосып жырлаған.

Аспандай ашық болсын деп,

Туған ел түсін таңдаған.

***

Ана              

Ана!

Ақылшымсың дана.

Өсірген өзің ғана,

Қарызбыз сізге ана.

***

Әже

Әже!

Келесіз қашан?

Күтіп жүрміз сізді,

Жейміз деп банан.

***

Итбалық

Итбалық, итбалық,

Жатырмысың қиналып.

Ауру келді қайдан?

Жұқты ма екен мұнайдан?

***

Гүлдерге  теңеу

Анамды мен теңеймін әппақ гүлге,

Ақ сүті оның аузымнан кетпейді де.

Он арқалап Меккеге апарсам да,

Қарызы оның мен үшін бітпейді де.

 

Қарындасты мен теңеймін сары гүлге,

Сары уайымға салмашы, сары күйге.

Еркелеші еркін жүрші сен қасымда,

Ағам бар , — деп қамқоршы бұл өмірде.

Қыздарды мен теңеймін қызыл гүлге,

Қызыл гүлдей жайнайды өздері де.

Мың бұралып тұрады бұраң қағып,

Бейне шолпы секілді күлкісі де.

 

Әппақ гүлдер, сары гүлдер, қызыл гүлдер,

Гүлдерді бір иіскемей өтпеңіздер.

Қызыл, сары , ақ болып құлпырады,

Көздің жауын алады еліктірер.

 

 Жанболат Омар

Ж.Байғұттиева атындағы өнер мектебінің шәкірті,

Арыс қаласы

Пікірлер2
  1. Насиева Фая Хисметуллаевна

    Еліміздің желбіреген көк туын мақтаныш еткен қандай керемет тақпақ. Қай өлеңді оқып қарасан да ұйқасын тауып тұр,тақырыбына сай,мағыналы жазылған.Осындай талабы бар кішкентай шәкірттің әдебиет әлеміне деген ақ жолын жалғастырған ұстазы Темірхан ағаға үлкен рахмет.
    Жанболат Омар талабыңа нұр жаусын.Қанатын талмай биіктерден көрін.

  2. Нұржәмила

    Тамаша,ұстазына рахмет!Шәкіртіне қолдау жасағанына рахмет!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ