Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Жұмбақ,жаңылтпаш, айтыс.


5-6 жастағы ересектер тобында балаларға халқымыздың қалаулы өнерінің айтыс, жаңылтпаш, тақпақ, жұмбақ секілді түрлерін таныстыруға күш салып жүрмін. Қыз бен жігіт айтыстары жайлы түсініктер беріп, қыз бен жігіт айтысының сөзін әуенімен қоса үйпетіп, жаттаттым.ондай сабақтар күй тыңдау, би билеу сияқты музыка сазымен үйлестіріле жүргізіледі. Балалар безендірілген залға кіреді. Қазақтың кең қанатты ақ киіз үйі ішкі жиһаздарымен жабдықталған. Ортада дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылады.
Балалар да ұлттық киімде. Олар бөлмеге кіргенкезде «Саржайлау» күйі күмбірлей жөнеледі. Күй аяқталысымен тәрбиеші:
5-6 жастағы балаларға жаңылтпаш– Балалар, бүгін бізде мереке «Айтыс» өнерін тамашалаймыз, алдымен жұмбеқ пен жаңылтпашқа жол берсек қайтеді, – дейді. Балалар кезегімен орындарынан тұрып, жұмбақ айта жөнеледі.

Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
(Түйе)
Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді
(Аттың екі кұлағы, төрт аяғы)
– Кезек жаңылтпашқа беріледі, – дейді.
Ай, ай Айдарбай,
Иір мүйіз сиырыңды,
Үйіңе айдай бар.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім-деп екі бала жаңылтпаш айтады.

Ендігі кезек биге беріледі.
«Қара жорға» биін ұл балалар, «Қамажай» биін қыз балалар билейді.
– Кезек айтысқа берілді,-деп хабарлаған ойын бастаушы оң және сол қолына асық жасырады. Асықты лақтырғанда қай асық шік, қай асық бүк түседі шік түссе бірінші ұлдар, бүк түссе қыздар бастайды деп ережені түсіндіріп, асықты лақтырады. Кезек ұлдарға тиеді. «Еркем-ай» әуеніне салып айтысады.
Ұл бала:
Қыздар, қыздар құртыңнан,
Қуып келдім жұртыңнан
Көрген астан бермесең,
Тесіп шықсың ұртыңнан.
Қыз бала:
«Сәулем-ай» әуенімен
Бала, бала, қу бала,
Аузымдағы құрт қана.
Сілекейлеп берейін,
Сусын болсын, жұт қане.
Ұл бала:
Қасқыр, қасқыр қара ала,
Бауыр жүні сары ала.
Біздің қойға жолама
Қыздардың қойын жарала.
Қыз бала:
Қасқыр, қасқыр қарасың
Қайда жортып барасың?
Мынау жалқау баланы,
Қой орнына аласың.
Айтыс осылайша аяқталады. Ойын бастаушы «айтыста қыз балалар жеңіске жетті» дейді.
Әр қыз балаға ақ орамал ұсынады. Ұлттық ойын «Орамал тастамақ» басталады. Ұлттық өнер салтымызды осылай там-тұмдап болса да жеткіншектер бойына сіңіре берсек, жас ұрпақтың өз халқына деген сүйіспеншілігі сәби кезінен қалыптаса бермек демекпін.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Алтын күз балабақшада ертеңгілік
  • «Осындай пішінді тап»
  • Музыка жетекшілеріне арналған шығармашылық ойындар
  • «Қолғап» ертегісі (балабақшада)
  • «Шыбық ектім ауылға»

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Бахтыгуль 03.07.2019 күні 17:45 уақытында

    Өзіме ұнады.Бірақ айтыстан кейін жеңген қыздарға ақ орамалың орнына қызыл түсті орамал бергенде жақсы болар еді деген ойдамын.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.