Д дыбысы мен әрпі

Пәні: Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Дд дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Дд дыбысы және әрпімен таныстыру. Д дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, д дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Қайда сұрағына жауап беретін сөздерге тоқталып, сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою және сол сөйлемге жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Жаңа дыбыстың орнын анықтау.

2. Дыбысты дыбысқа қосып, буынды буынға қосып сөз жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Сабаққа деген ынта ықыласын, қызығушылығын арттыру.

3. Зеректікке, ұқыптылыққа адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікті сүюге тәрбиелеу.

Д дыбысы мен әрпі, Д дыбысы, дыбысы, дыбысы мен әрпіСабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, жинақтау, ауызша, жазбаша.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар.

                  Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық жағдай туғызу.

1, 2, 3

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Білімге жол бастаймыз, — дегендей білім алуға үлкен мән беретін біздің президентіміздің өзі сендерге әр күні сабақтан қаламай, сапалы да саналы білім алып болашақта еліміздің туын көкке желбірететін келешек ұрпақтары болады деген сенім артып отыр.

—         Ол сенімді ақтау үшін, біз не істеуіміз керек?

II . Ой қозғау.

—         Сонымен бізде қазір қандай сабақ?

—         Сауат ашу сабағында нені оқып үйренеміз?

—         Оқуды, жазуды оқып үйрену үшін біз не білуіміз керек?

—         Әріп дегеніміз не?

—         Дыбыс дегеніміз не?

III. Өткен сабақты пысықтау.

—         Сонымен өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?

Қ дыбысына арналған сөздерді есімізге түсіру үшін мен сендермен бір ойын ұйымдастырғым келіп отыр.

—         Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде біз барлық жемістерді теріп аламыз. Сендер қандай жеміс жегілерің келеді?

—         Жақсы. Онда біз сендермен « Алма теру» ойынын ойнаймыз.

Қ дыбысы бар сөз айтқан оқушылар алма теруге қатысады.

Қ дыбысына байланысты қандай аңдарды білесіңдер? Сендер алма жегенді ұнатасыңдар, ал қояндар не жегенді ұнатады? Онда біз қоянға сәбіз теруге көмектесейік. Буындап оқу арқылы тұтас сөздерді оқимыз. Әр сөзді дұрыс оқысаңдар, қоянның себетіне сәбіз салып көмегімізді көрсетеміз.

IV . Оқулықпен жұмыс.

Оқулығымыздың 55 бетін ашып, бағандағы сөздерді оқып шығамыз.

Диалог оқыту.

Енді тақтаға назар аударайық. Тақтадағы сөйлемді кім оқып береді? Сонымен өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Біз сонымен қатар өткен сабақта қандай қазақтың ұлттық аспабымен таныстық? Қобыздан басқа қазақтың ұлттық аспаптары көп екен. Қазір біз сендермен жақсы бір әуен тыңдаймыз.

V . Жаңа сабақ.

Бұл әуен қандай аспаппен орындалған?

Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспап. Домбырамен күй тартады. Жыр, толғаулар, термелерді сүйемелдеуге қолданады.

Домбыра.

Дыбыстық талдау жүргізу. Буынға бөлу, қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс екендігін табу.

Домбыра сөзінде ең бірінші қандай дыбыс естіп отырсыңдар?

Д д д – қайталау.

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Дд дыбысы мен әрпі.

Дыбыстың артикуляциясы.

Еріндер тістер ашылған, д дыбысын айтқанда тілдің ұшы төмен түседі және астыңғы тістерге барып тіреледі, дауыс желбезектері дірілдейді.

Д дыбысының таңбасы. Яғни қай түрін көріп тұрмыз? Баспа.

Енді осы дыбысты өз үйшігіне орналастырамыз Д дыбысы қай үйге қарай бет алды? Айтылуына қарай Д дыбысы қандай дыбыс екен?

Дала.

Мынау – дала. Далада жайқалған жасыл шөп, биік ағаштар мен бұталар көп болады. Даланың ауасы таза.

Да ла          до ға                 до да               Ду лат

Да уа          до ғал               доп                  Дар қан

Дала – алаңқай жазық жер.

Дауа – ем

Доға – қисық сызық

Дода – сайыс, жарыс

Доп – жел толтырылған рәзеңке.

VI . Сергіту сәті.

Жаңа сұрақпен танысу. Тақтаға назар аударамыз. Сұрақты оқимыз. Қайда? Қалада далада, тауда, аулада.

VII . Дәптермен жұмыс.

Д жазудың жазба үлгісін көрсетіп, бас және кіші әріптерінің элементтерімен таныстыру.

Ауада жазу. Дәптердегі үлгіні басшылыққа алады.

Оқулықтағы балалардың суретіне назар аударайық. Кімдердің суреті? Айдардың сұрағына назар аударайық. Сұраққа жауап береміз.

VIII . Жаңа сабақты бекіту.

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

IX . Сабақты қорытындылау.

Сабағыңа жөндеп әзірленсең еңбек

Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.

 X . Мадақтау. Сендер өз еңбектеріңмен жақсы нәтижеге жеттіңдер, — деп мақтау тәсілін жүргізу.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер5
  1. Аймекен

    Сабақ жақсы деңгейде өткізілген. Өз сабағымда қолдана алатындай мәліметтер алдым. Рахмет!

  2. Аманкелді Жайлыханұлы

    дәстүрлі сабақ жоспары деп қарауға болады.көрнекіліктерді молырақ қолданса оқушыларға тез жетеді.

  3. Гаухар

    Дәстүрлі сабақ болсада, керекті сабаққа қосар жерлері көп екен рақмет. Жұмыстарыңызғатек табыс тілеймін.

  4. Гаухар Ильясовна

    Сәлеметсізбе. Сабақ жоспарыңыздың құрылымы балалардың жас ерекшеліктеріне сай алынған. Жақында сабақ өткізбекші едім алып қолданам. рахмет сіздерге.

  5. Меруерт

    Сайттарыңызға сабағымның шыққанына өте қуаныштымын!
    Сіздерге сәттілік тілеймін!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ