Жаңа жыл кешінде

zhana-zhil-keshinde-2Тақырыбы:«Жаңа жыл кешінде»
Мақсаты:Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап,жаңа жыл мерекесін сезіне білуге үйрету
Жүру барысы:
Музыка әуенімен ортаға мультфильм кейіпкері спанчбоб билеп кіреді.
Спанчбоб:Құрметті қонақтар Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Жаңа жыл сіздерге бақыт әкелсін. Бүгінгі

«Ботақан»тобының жаңа жылдық мерекесіне қош келдіңіздер.Мен өзіммен бірге кішкентай бүлдіршіндерді алып келдім.Кәне ендше бүлдіршіндерді ортаға шақырайық
(Музыка әуенімен балалар келіп шеңберге тұрады.)
Спанчбоб: Балалар қараңдаршы шырша қандай әсем, көрікті әдемі моншақтарын тағып аоған, сіздерді күтуде. Қәне, көрікті шыршамызға арналған әсем әнімізді орындайық.

Хор: «Шырша жыры»
Спанчбоб: сіздер білесіздерме ? біздің балалар мерекеге ерекше дайындалды. Олар әдемә әндермен билер, тақпақтар әзірледі. Ендеше тақпағымызды айтайық.

1. Бану.
О, керемет, керемет
Бейне аппақ көбелек
Ақшақар жай көлбеңдеп
Қонып жатыр жерге көп
Шыр көбелек айналып
Қонып жатыр жайланып
Дейді, қайтып ұшпаймыз
Осы жерге қыстаймыз.
2. Е.Ерасыл
Жасыл шырша төгеді
Дейді бәрің көр мені
Кеткен әсем құлпырып
Ойыншықтары тұр тұнып

zhana-zhil-keshinde-13. Айнұр
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата әже, ана –әке
Құтты болсын жаңа жыл
4. Расул
Бүгін біз көңілдіміз
Жаңа жылды қарсы алып
Мерекеге келгендерді
Қарсы алайық ән салып
5. Дария
Келіңіздер көріңіздер
Би де билепберіңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер
6. Іңкәр
Не ойласаң жаңа жаңа жылда
Орындалсын бар арман
Жаңа жылды сондықтан
Күтеді екен балақан

Спанчбоб: балалар айтыңдаршы жаңа жылда біз әрдайым кімді күтеміз?Мен естідім аяз ата жаңа жылдық кешке кешігіп қалмайын деп ерте келіп,сендерді күтемін деп ұйықтап калыпты .Кәне бір жерден аяз атаның ұйықтап жатқан даусы шығатын сияқты.тыңдайықшы.
( аяз атаның қорылдап ұйықтаған даусы естіледі)

Біздің аяз ата шаршап ұйықтап қалған екен, ендеше аяз атаны ояту үшін қолдарыңды шапалақтап, азя ата деп айқайлайық.
(аяз ата ұйқысынан оянып балалардың қасына келеді)

ayaz-ataАяз ата:Сәлеметсіздерме балалар.Жаңа жыл құтты болсын мен сендерді күтем деп көзім ілініп ұйықтап қалыппын.сендерді көрмегеніме көп болыпты бір жылдың ішінде өсіп үлкен болыпсыңдар, бүгін бәріңде сондайәдемі болып кеткенсіңдер. Қәне енді мен сендердің өнерлеріңді тамашалайын.
Спанчбоб:Қош келдің аяз ата.Біздің балалалар өнерлі.Сізге арналған балалардың өнері бар.соны қабыл алыңыз.
Хор: аяз ата

Аяз ата:рахмет балалар! Менің қасымда ақшақар болу керек еді.Ол келмесе мен еріп кетемін.Ол сендер шақырсаңдар келіп қалар.Кәне ақшақарды шақырайық.
( музыкамен ортаға ақшақар келеді)
Ақшақар:Сәлетсіздерме.Жаңа жыл құтты болсын.Аяз ата асығып менен бұрын кетіп қалыпты.Мен кешігіп қалдым.Мен аяз атаны құтқарайын.Аяз атаны салқынтату үшін бір билеп берейін.
Би: « ұлпа қарлар»

Билейтіндер: Айназ, Бану,Ақбаян,Іңкәр, Нұршат, Дария
Аяз ата: ой, ақшақар қыздарым сендерге рахмет мені құтқардыңдар

Спанчбоб: Аяз ата, ақшақар келіңіздер төрге шығыңыздар балалардың өнерін тамашалаңыздар. Енді кезекті мерекелік тақпақтарға берейік.
7. Айкөркем
Қарңыз әсем шыршаға
Некен әсем көрікті
Жаңа жылдық думанға
Аяз ата келіпті
Балаларда көңілді
Би билеп жүр ән салып
Жаңа жыл жаңа өмірді
Қуанышпен қарсы алып
8. Б. Ерасыл
Ойыншықтар мұншама
Кім ілді екен шыршаға
Алақай айнала түрленді
Балақай би биле тұрма енді
9. З.Ерасыл
Той мереке салтанат
Думандатты шартарап
Келді міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап
10. Айназ
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды

11. Айнара
Жүзімде қуаныш
Әр көңілде жақсы үміт
Келе жатқан жаңа жыл
Әкелсін көп жақсылық
zhana-zhil-keshinde-3Ән: « Ақшақар мен балалар» орындайтын Бану,Айназ,Ақбаян.
Спанчбоб: Балалар тыңдайықшы маған бір дауыс естіліп тұр, ненің дауысы екен?
( музыкамен ортаға маймыл секіріп келеді)

Маймыл:ай,балалар мені неге жаңа жылдық кешке шақырмайсыңдар, биыл келе жатқан жаңа жыл мешін жылы емеспе? Мен сендерді құттықтаймын, осы жыл мен сендерге құт- береке бақыт байлық әкелемін. Жаңа жыл құтты болсын!
Спанчбоб: кешіріңіз, біз жаңа жылдық мерекені думандатып жүріп,сізді ұмытып кетіппіз.Төрлетіңіз қош келдіңіз.

Маймыл:Мен өзімнің достарыммен бірге би билегім кеп тұр.
Би: «Маймылдар»биі
Маймыл : Балалар енді бір ойын ойнайық.
Ойын: «Аққала құрастыру»
Спанчбоб: бүгінгі көңіл күйіміз керемет! Сендерге ұнап жатырма?
Ендеше тамаша көңіл күмен мерекелік тақпақтармен жалғастырайық.
12. Мансур
Аяз ата, ақшақар
Келіңіздер ортаға
Біз сіздерді сағындық
Асыға күтіп қаншама
13. Аделя
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа орап алды маңайды
Армысыздар халайық
Бармысыздар халайық
Жаңа жылды жұп жазбай
Бірге қарсы алайық

14. Нұршат
Бізбен бірге ойнайды
Жаңа жылды тойлайды
Барлық бала бақытты
Болса екен деп ойлайды
15. Расим
Аяз ата жол салып
Ақ боранмен алысқан
Балаларға базарлық
Алып келді алыстан
16. Ақбаян.
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам жол болсын
Төрле, төрле жаға жыл
Бізге құтты жыл болсын
spanch-bobСпанчбоб:рахмет балалар, неткен өнерлісіңдер. Бізге сонау алматыдан әнші Серік Ибрагимов қасында биші қыздарымен келіпті қане, қол соғыпқарсы алайық.
Пародия: « жаяу» әні
Орындайтын : Е. Ерасыл, Аделья, Айкөркем,Айнара, Айнұр.
Ақшақар: балалардың барлығыда өнерлі екен, енді мен олардың мамаларымен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Қар жинау»

Спанчбоб: балалар бүгінгі кешіміз аяқталып келеді, бүгін тамаша мереке болды, біздің аяз ата, ақшақар және маймыл досымыз орманға қайтатын уақыттары келді, ендеше бір әнімізді орындап берейік.
Хор: «Қаршақыз бен балалар»

Аяз ата: балалар сендер өнерлерлі екенсіңдер, біздің кететін уақытмыз келіп қалды, сендерге ризамыз, ақшақар әкелген сыйлықтарды балаларға таратып берейік.
Сау боыңдар балалар!

Спанчбоб: осымен «ботақан» ортаңғы тобының мерекелік кеші аяқталды, керіскенше сау болыңыздар!
Атырау обылыс,Индер ауданы, Елтай ауылы «Қызғалдақ мектепке дейінгі бөбекжай» «Ботақан» ортаңғы тобы

Авторы: Досқалиева Тұрар Ғинятқызы

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Гүлдана

    Ең асыға күтетінім жаңа жыл кешім?

  2. Бахтыгуль

    Жаңа жыл кешенге арналған құрылым жақсы құрылған. Рақмет.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ