Өзімді-өзім танумен өсіп келем

Тақырыбы: Өзімді-өзім танумен өсіп келем
Мақсаты: Өз бойындағы жақсы қасиеттерді барынша дамытып, аша білу, өзіндегі кемшіліктермен күресе білу, оны жоюдың тиімділігін арттыру.
Сабақты бір-бірімізбен сәлемдесумен бстаймыз. Өйткені бұл біздің бір-бірімізге, адамзатқа деген жақсы көзқарасымызды білдіретін белгі. Оның түрі бар екен.
1. Бір-бірімізге қарама-қарсы, көзімізге тура қарап, қолымызды алып, күліп амандасып, қал жағдай сұрау.
2. Бір бірімізге арқамызды беріп, осы сәтті қайталау.
3. Біреуіміз отырып, біреуіміз тұрып амандасу.
4. Ым-ишара арқылы қал-жағдайды білу.
Осының ішіндегі бізді жақсы көңіл-күйге, яғни табысқа бастайтыны біріншісі болмақ.
ozimdi-ozim-tanumen-osip-kelemСәлемдесіп болғаннан кейін, басты мәселе-денсаулыққа (жаттығу, тренинг, сауалнама) баса назар аударамыз.
1. Көзге гимнастика жасаймыз, өйткені сабақ барысында да, үйде дайындалған кезде оған көп салмақ түседі. Көз алмасын оңға, солға, жоғары, төмен қозғаймыз.
2. Желкеге, мойынға массаж жасаймыз.
3. Басты оңға, солға, жоғары, төмен бұрамыз.
4. Мықты, денені белден жоғары оңға, сол,а бұрамыз.
5. Саусақтарды шынықтырамыз.
Орыс ғалымы-психологі М.Панариннің тест сауалнамасы бойынша адамның тұлғалық қасиетін анықтау мақсатында компьютер арқылы 4 түрлі пішін көрсетемін.
— таңдаған өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының
шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
— Таңдаған лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым
— таңдаған жаңа идеяға жақынбілуге құмар,
ізденгіш жандар.
— таңдаған өте мейірімді, басқаның қайғысын да, қуанышында бөлісуге даяр тұратын жандар.

Авторы: Акимбаева Самал Курмангалиевна

Пікірлер1
  1. Гулзира

    Өзін-өзі тану сабағына мақаладағы тренингті қолданамын деп ойлаймын. Балаларға ашылуға өзін өзі мүмкіндікм береді. Жасалған гимнастикалық жаттығуларда баланың өзін еркін сезінуге, бойындағы шаршаңқылықты басуға септігін тигізеді.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ