Ойыншықтар сыры

«Асанәлі»балабақшасы МҚКК. 

Ұйымдастырылған оқу – іс әрекеті

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным»

Білім беру саласының бөлімі:

«Тіл дамыту», «Сенсорика»Тақырыбы: «Ойыншықтар сыры» 

ЕлубаеваАйжамал Қуанышқызы.

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сенсорика, Тіл дамыту.

Тақырыбы: Ойыншықтар сыры.

Мақсаты:  Білімділік. Балаларды ойыншықтардың түрімен, қасиетімен,түсімен оның көлелімен, пішіндерімен таныстыру.

 Дамытушылық. Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорларын молайту. Балалардың қабылдау, есте сақтау қабілетін дамыту.Ойыншықтарға деген қызығушылығын,сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік. Ойындар ойнату арқылы достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Түрлі – түсті ойыншықтар, үн таспа.

Әдіс – тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойын,драматизациялау.

Сабақ барысы: Балалар музыка әуенімен топқа қолдарын шапалақтап кіреді. Келген қонақтармен амандасып.

Тіл дамыту, Сенсорика, Қатынас, балабақша, Таным, Ойыншықтар сыры

—          Сәлеметсіздерме?

Күлдірген келеді де балаларды күлдіреді (шарға отырып шар жарады)

Балалар менің атым күлдірген, әрі сиқыршымын.Мен жүрген жердің бәрі ғажайып түрге енеді.Балалар қараңдаршы бізге күн сәулесін төгіп тұр.Қане қолымызды жоғары көтеріп күннен жылу алайық.Енді осы жылуымызды бәріміз бірігіп досымызға сыйлайық.

—          Балалар сендердің аттарын кім?

—          Менің атым Даниал.

—          Ал сенің атың кім?

—          Менің атым Фатима.

—          Ал сенің жасың нешеде?

—          Менің жасым екіде?

—          Ой, қандай жақсы балалар, аттарын да жастарын да нешеде екенін біледі екен.

Менің сендермен ойнағым келіп тұр.Ойнайсыңдар ма?

Ойынның аты «Сылдырмақ». Әуен ойнағанда сылдырмақты сылдырлатамыз. Әуен тоқтағанда тығып қоямыз.Жарайсындар.Балалар сендер ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Олай болса менімен бірге ойыншықтар дүкеніне саяхатқа барайық.Ол үшін біз пойызбен барамыз. Пойызға міну үшін мен сендерге билет беремін (пішіндер, әр бала өз пішініне ұқсас вагонға мінеді)

Ал бәріміз пойызға отырайық.

Ал паравоз баста алға

Бәрімізді басқарда

Пыш-пыш біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік

Гу-гу гуілде

Қалып қойма біріңде.

Қане балалар біз келдік. Балалар қараңдаршы бізді Айсұлу  күтіп тұр екен  амандасайық.Айсұлудың бізбен бірге ойыншықтар әлеміне барғысы келеді бірақ  әдемі көйлегі жоқ екен Айсұлудың көйлегін әшекейлеп береміз бе?

Айсұлудың көйлегіндегі түймелерге гүлдерді  түймелеу.Айсұлуды ертіп ойыншықтар әлеміне келу.

(Ойыншықтар дүкеніне келіп, балаларды отырғызу)

2.Негізгі бөлім

Күлдірген: Балалар, қараңдаршы қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса кәне, балалар ойыншықтармен сырласайық.   Сендер қандай ойыншықтарды көріп тұрсындар айтындаршы.

Балалар: Аю, сиыр, доп, қоян, қуыршақ, мысық. Ойыншықтар әр түрлі болады, Қатты, жұмсақ. Көңілді, қорқынышты болады екен.Сендерде қандай ойыншықтар бар?

Күлдірген: балалар ойыншықтар туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалар: Иә.

—          Нұрасыл айта ғой.

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Бірге ойнап жүремін.

—          Мынау не?

—          Сиыр.

—          Сиыр қалай дыбыстайды?

—          Мө, мө дейді.

—          Мынау не? (мүйіз)

—          Неше мүйізі бар?

—          Мынау не? (ит)

—          Ал ит ше? ырылдайды

— р-р-р

-Ал мынау не?

-Аю

— Аю қандай? Үлкен, маймақ.

-Аю нені жақсы көреді

-балды

Енді балалар аюмен бірге сергіту жаттығуын жасайық.

Ормандағы аюдың

            Құлпынайы көп екен

            Теріп теріп алайық

             Қалтамызға салайық

—          Ал, мынау не?

—          Қоян.

—          Қоян қайда болады?

—          Қоянның жүні қандай?

—          Қоян нені жақсы көреді?

—          Қалай секіреді?

—          Тақпақ айтып берші

Ұзын құлақ, сұр қоян.

Естіп қалып сыбырды,

Ойлы, қырлы жерлермен,

Ытқып,ытқып жүгірді.

—          Ал мынау не?

—          Қуыршақ.

—          Қуыршақ қандай? Әдемі

—          Қуыршақты ұстап көрейікші.

—          Қуыршақ қатты.

—          Қуыршақ туралы тақпақ.

Ойыншыгым қуыршақ

Не берсем де жемейді

Еркелігі соншама

Көтермесем жүрмейді.

—          Ал мынау не? – Доп

—          Доптың пішіні қаңдай? Кім айтады?

—          Доңгелек.

—          Түсі қаңдай? – көк.

—          Доп туралы тақпақ білесің бе?     Айта ғой.

Добым – добым домала

Балшыққа сен жолама

Бүлдіресін қолымды

Жек көремін оныңды.

-Ал мынау не?( мұнара)

-түстері қандай?(қызыл,сары, көк)

Қане осы мұнараны құрастырып ойнайық.

Ойынның аты: «Мунараны қурастыр»

Кім, тез, шапшаң, дурыс мунараны қурастырады. (2 бала шығару)

Кәне балалар осы ойыншақтарға арнап ән айтайық.

Ән: ойыншықтар әні

1 Балабақша таңертең

  Біздерді күтеді

Ойыншықтар тізіліп

Бұрышта күтеді

Ала доп,қызыл доп

Қуыршақ,құлыншақ

Бақшамыз,биікте

Біз сені сүйеміз          

  Қайырмасы:

Қортынды: Сендер ойыншықтар туралы көп нәрсе білдіңдер,Ойыншықтар қандай болады? ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айтыңдар, ойын ойнадындар.Ойыншықтарды сындырмай,ұқыпты ойнап, ойнап болған соң жинап қою керек.         Сендерге көп- көп рахмет.(балаларға сыйлық беру)

Балалар енді қонақтармен қоштасайық. Бақшамызға қайтайық.

Балалар: Сау болыңыздар!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер6
  1. Риза

    Балалармен байланыс жасап сөздік қорларын көбейтуге арналған керемет сабақ екен

  2. Насихат

    Өте күшті екен маған ұнады

  3. Асел

    Ойыншықтар арқылы балалардың сөйлеу мәнерін келтіріп кана қоймай, сөздік қорларын молайтуға болады. Рахмет керемет жоспар үшін

  4. ascarova.muldir401

    Ойынщыктар аркылы бала таным тусиниги кеңейеди

  5. Арайлым

    Мақала маған ұнады. Шынайы өткізілген сабақ ойыншықтардың катты, жұмсақ екендігін балалар ажырата біледі. ойыншықтардыі киімдерін киіп өте керемет болған. Өз сабағыма пайдаланамын.

  6. Аиша

    Сәлеметсіздер ме? Осы мақала маған ұнады. Себебі, ойыншықтардың қыр сырымен таныстырып қана қоймай, балалардың да дыбыстарды дұрыс және анық айта білу қабілеттерін де қамтыған деп ойлаймын. Тақырып та өте әдемі тадалып, сабақтың мазмұны ашылған. Ойыншықтарды ұстап көру арқылы оның қатты және жұмсақ, ауыр және жеңіл, түстеріне немесе көлеміне қарай ажыратуды үйренген. Өте жақсы. Осындай мақалалар көп болса екен. Көп рахмет.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ