О. Бөкей. «Апамның астауы»

Сабақтың тақырыбы: О. Бөкей. «Апамның астауы»

Сабақтың мақсаты: мәтінді дұрыс түсініп оқып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Жазушының өмірі туралы мағлұмат беру.

Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз бетінше жұмыс істеуге, ой қорыту шеберлігіне машықтандыру.

Аналарды құрметтеуге, ұйымшылдыққа, жолдастық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері: тақырыпты толық меңгерту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка.

Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ-жауап.

Түрі: жаңа сабақ.

Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта.

қазақ тілі, музыка, Оқушылардың, шығармашылық қабілеттерін дамыту, бастауыш сынып

І. Сабақ барысы:

Психологиялық дайындық.

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!

ap1

  Өлеңді оқушылардан жатқа сұрау, үйден орындап келген «Ана тілім – тірлігімнің айғағы» атты шағын әңгімені 3-4 оқушыдан сұраймын.

ІІІ. Жаңа тақырып:

Ертеде бір данышпан: — Балам тағамның тәттісін берші, — дейді. Баласы тілден кесіп береді.

—          Енді тағамның дәмсіз, ащы жерінен кесіп берші, дейді. Баласы тағы да тілден кесіп беріпті.

Әкесі:

—          Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, дәмсіз, ащы жерінен десем де тілден кесіп бердің? – депті.

Баласы:

—          Әке, жақсы да, жаман да, тәтті сөз де, ащы сөз де осының бәрі тілден шығады дейді.

—          Еее , дұрыс екен балам. Айтарым, осы ақылыңнан ешқашан ажырама,-деген екен.

Міне балалар, тіл адамды жақсы да, жағымсыз ғып көрсетеді. Олай дейтініміз тек жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсақ, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, өз тіліңде сөйлесең сол сенің ана тіліңе деген құрметің.

—          Ата Заңымызда «ҚР-ғы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп көрсетілген. Соған орай «Тіл туралы» Заң қабылданды.

«Тіл» туралы ұлы адамдар былай деген екен. (тақтадан слайд арқылы)

1. Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.                  Ж. Аймауытов.

2. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті… Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті босын.                           А. Жұбанов.

3. Анамыздың ақ сүтімен бойымызда дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.                    Б. Момышұлы

Оқушылар біздің осыдан түйгеніміз тіл адамға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен-ақ беріледі екен. Олай болса бүгінгі өтетін мәтініміз, осындай ана, әжелеріміз туралы. Яғни, біз  О. Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесімен танысамыз.

(автордың қысқаша өмір жолымен таныстырамын)

ap2

ІY. Мәтінмен жұмыс.  Ауызша түсіндіремін, тізбектей оқытамын.

Y. Сөздікпен жұмыс.

Тоқал ағаш там – ертедегі шатырсыз үй.

Келі – күріш, тарыны ақтайтын, ұнтақтайтын құрал.

Астау – ағаштан жасалған ыдыс.

YІ. Сергіту сәті:

Апам үшін күнде мен,2

Отынға ағаш жарамын.2

Сыпырамын үй ішін,2

Дүкенге де барамын2

 

Жоқтатпаймын әпкемді,2

Берем шайын қайнатып.2

Жылай қалса бөпемді,2

Жұбатамын ойнатып.2

YІІ. Мәтін мазмұнымен жұмыс:

—          Әр бала анасын, әжесін көзі тірісінде дәл осылай қадірлесе. Тек өз әжеңді ғана емес, барлық аналарды сыйлау керек.

—          Себебі, олар бізге жарық дүние сыйлады. Анаң да, әжең де дүниедегі асыл жандар.

—          Әңгіме кімнің атынан баяндалған?

—          Автордың балалық шағы қай өзеннің бойында өтті? (сол тұсты мәтіннен тауып, оқыту)

—          Автор неліктен апасының, яғни әжесінің қолында өсті?

—          Апасының бүкіл ауыл балаларына қамқор болғанын білдіретін тұсты тауып оқы.

—          Мәтінде қандай қолөнер түрлері аталды?

—          Әңгіме неліктен «Апамның астауы» деп аталған?

YІІІ. Тақтамен жұмыс: «Ана» сөзіне сипаттама

Қуанышымен қуантып, шаттығына бөлеп, үмітімен таныстырар өз анаң немесе әжең туралы не білесің?

ap3

 

ІХ. Шығармашылық жұмыс. «Әжеге хат»

Х. Қорытынды:сұрақ-жауап.

ХІ. Бағалау, мадақтау:

ХІІ. Үйге тапсырма:Мәтінді түсініп оқу, мазмұндай білу. Мәтіндегі апа портретін бейнелеу.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Жанар

    «Апам үшін» сергіту сәті оқушыларға өте қызықты екен.

  2. Лаура

    Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлесі бар сабақ. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ой қорыта білуге үйретеді. Анаға деген құрмет көрсетуге тәрбиелейді. Жазушы туралы мағлұмат алуына да мүмкіндік бар.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ