Мұғалім — мәртебелі мамандық

Мұғалім – ол баланың жүрегіне жол тауып, оның болашақта адами болмысының қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға. Сондықтан ықылым заманнан қазақ халқы ұстазды, мұғалімді құрмет тұтып қадірлеген. Қазақ —  өте мықты халық қой. Кез-келген ізгі ойды, жақсылықты, бүгінгі заманауи психологтар, айтып жүрген дүниелерді бір-екі ауыз сөзге сыйғызып жіберген.

Ұстаз жайлы: «бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер» деген. Бұл сөздің астарында қаншама ізгілік пен тағылым жатқанын ойламаймыз да кейде. Сәлем беру жайлы бір ғибратты оқиға осы тұста ойым оралып отыр. Керемет ұстаз көшеде кетіп бара жатса өзі оқытатын шәкіртін көріпті. Әлгі шәкірті амандаспапты екеуі жанамалай өтіп бара жатқанда ұстазы амандаспауға қымсынып шәкіртіне «Амансың ба айналайын?» деген екен. Осы сәтте шәкірті жалпылдап, жағдайын сұрап, елпілдеп амандасыпты.

Келесі күні де осы жағдай қайталаныпты. Бірнеше рет шәкіртіне өзі бірінші амандасқан ұстаз шәкірттерімен бірге үнемін  тәртіпке қатысты жиын жасайды екен. Сондай бір жиында әлгі ұстаз: «мен мына шәкіртіме ренжідім. Неге мені көшеде көргенде бірінші амандаспайды? Адам деген ұстазын құрметтеуі керек қой. Мен сіздерге ең алдымен білімнен бұрын тәртіп, тәрбие үйретіп келемін. Неге сол тәрбиелілігіңізді көрсетпейсіз? Сіз үлкендерге алдымен сәлем беріп амандық сұрамасаңыз «мынаны қандай ұстаз оқытқан?» деген дұрыс емес ой пайда болады. Бұл арқылы ата-анаңызға да, ұстазыңыз маған да жаманат әкелесіз,» депті.

Мұғалім - мәртебелі мамандық

Мынаны естіген барлық шәкірт түсінбей қалыпты. Себебі, әлгі аты аталып тұрған шәкірт осы оқу ордасының ең үздік, ең білімді шәкірті еді. Барлығы таңданып шәкіртке қарапты. Сонда ол күлімсіреп: «Амандық сұрау өте жақсылығы, ізгілігі мол амал. Мен бірінші амандассам мұғалімім сол ізгіліктен айрылып қалады ғой, бар ізгілік ұстазыма барсыншы деген ниеттен туып еді» деген екен. Мынаны естігенде мұғалімі де, оқушылар да барлығы риза болып  қол соққан екен.

Бұл ұстазға деген үлкен құрметтің белгісі шығар. Бүгінде осынау мәртебелі мамандықтың қадірін қатты ұғынып келеміз. Соңғы екі жылдағы пандемияның белең алуынан ұстаздардың қаншалықты қажет екенін, олардың мәртебесінің шыныменен биікте екенін сезіндік. Тек біз емес, бүкіл қазақ елі, бүкіл әлем сезінді десек артық айтқаным емес. Кеше ғана мемлекет басшысы білім күні жасаған жолдауында да мұғалім мәртебесін тағы да шегелей айтып кетті.

Бұл ненің белгісі екенін білесіздер ме? Бұл мұғалім мәртебесінің бұдан да биіктей түсетінінің белгісі. Биылғы оқу жылы жақсылықпен, ізгілікпен басталды ғой. Қаздың балапанындай тізілген оқушылардың аппақ болып, мектепке ағылуын көрудің өзі бақыт екенін, ұстаздардың жайнап, гүл алып қуанып тұрғанын көрудің керемет сезім екенін, алғашқы қоңыраудың сыңғырлаған үнінде бір қасиет, кие бар екенін түсіндік. Мұғалім мәртебесінің биік екенін ұғындырған жылдар тарих жылнамасына еніп барады. Енді сол ұлы мәртебесінен мұғалім  ешқашан  түспесе екен.

Қазақ тарихында ұстазын ұлықтаған ұлағатты жандар өте көп. Олардың басы сонау шығыс ғұламасы Әл-Фарабиден бастау алады. Ол Аристотельді ұстаз санаған. Өзіміздің киелі мекен Түркістанда жатқан Қожа Ахмет бабамыз да ұлы ұстазы Бәйдібек бабымызда ұлықтаған, кешегі өткен жыр алыбы Жамбылдың өзі Сүйінбайды пір тұтқан.

Міне, біздің тарихта айта берсек ұстаз мәртебесін биіктеткен тағлымды тұлғалар көп. Енді сол үрдісті бүгінгі ұрпақ санасына сіңіру, сол жолда жұмыс жасау басты мүдде мен мақсаттардың  бірі болуы тиіс. Себебі, мұғалім мәртебесі қашанда биікте тұратын — ұлы мәртебе! Сіз қашан ұстазыңызға рахмет айтып, амандасып, халін сұрадыңыз?

Есіңізге түсіріңізші. Егер  мұғаліміңізге рахмет айтып үлгермеген болсаңыз әлі де кеш емес, қазір бұрыңғыдай хат-хабар алмасу қиын заман емес. Іздеңіз, табыңыз рахмет айтыңыз. Мерейі өсіп, жүрегі жарылардай қуансын. Ал кеттік. Мен де өз ұстазыма хабарласайын, сіздер де мұғалім мәртебесін биіктете жүріңіздер!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер13
  1. Исмаилова Алма Ораковна

    Тамаша

  2. Динара

    Жақсы жазылған мақала! Мұғалімнің мәртебесін жоғары көтеріп қойды! «Мен үшін жақсы ұстаз бәрінен де артық»- деп Ыбырай Алтынсарин атамыз да айтып кеткен ғой …

  3. Аяжан

    іздеген тақырыбымды таптым рахмет

  4. Гульмира

    Устазы жаксынын- устамы жаксы.

  5. Тылепалды

    Мугалым деген болашақтың Нуры ,мыкты адамдарды осы мугалым шығарған

  6. Мадина

    тек қана мұғалім болмай, ұстаз болайық

  7. Тамара

    Ұстаздық мамандығы ең ерекше мамандық.Өз басым мамандық таңдаған кезде қателеспегеніме ризамын

  8. Малбаева Булбул Есімқызы

    Әр баланың жүрегінен орын тауып жатсаң бұдан асқан бақыт бар ма?

  9. Нағима

    Осы мамандықты таңдағаныма қуанам!

  10. арайлым

    мугалим-өте керемет мамандык?

  11. ТАЗАГУЛЬ

    Жақсы мұғалім мектептің жүрегі

    1. Омарбекова Асем Сансызбаевна

      Мұғалім- мектептің жүрегі,-деп санаймын.Әр оқушының бойындағы қабілетін аша білу , санасына білім нәрін құйып, болашаққа тәрбиелейтін бірден- бір жан.

  12. Сания

    керемет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ