Х х дыбысы мен әрпі

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы: Х х дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Білімділік. Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, х әрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітапхана туралы түсініктерін кеңейту. Сауатты, әдемі, көркем жазуға үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік. Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің типі: жаңа сабақ

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ашық сабақ

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын

Көрнекілігі:ертегі кейіпкерлері,суреттер, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, үлестірме қағаздар.

Билингвальді компонент: хат-письмо, Қоян-зайц, қасқыр-волк, аю-медвед, түлкі-леса

х әріпі мен дыбысы

Іс-әрекет

Кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
 

Себепті қызығушылы-

ғын ояту кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

а)  Сәлемдесу.Салеметсіздер ме?

Балалар,мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Сендерді шын көңілімнен шаттық шеңберіне шақырамын.

ә)Шаттық шеңбері:

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүлде шашылды.

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз,

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз.

Амандасады

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне күлімдеп  шаттық шеңберін айтады.

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүлде шашылды.

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз,

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз.

 

Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Өткенді пысықтау. Я, Ю дыбысы мен әрпі

« Сөз ойла, тез ойла» ойыны

а)   я, ю дыбысы бар сөздерді айту:

ә)   я, ю дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу.

То-ю,   о — ю,   та-яқ,    қо-ян

Ой жарайсыңдар балалар!Ендеше бәріміз сүйіп карайтын теле арнамыз қай арна?

Сол Балапан арнасында болатын «Айжұлдыз» бағдарламасын жүргізетін Зере мен Төре бізге сиқырлы қорапша   беріп жіберіпті.Қане  сиқырлы қорапшаны ашу ішін бізге қораптын сыртында жұмбақ жасырыпты .Сол жұмбақты шешіп  көрейік ?

Жұмбақ.

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Жүрмейтұғын жолы жоқ . (хат)

 

-Дұрыс айтасындар балалар!енді қорап ашылды ішінен хат шығады.

Хатты ашып оқимын.Хатта

Мектепалды даыярлық топтын балалары сендердің көмектерін қажет.Сиқыршы аңдарды сиқырлап,күннің астына тығып қойыпты.соны босатуға көмектесіндерші!

-Көмектесеміз бе балалар?

Сиқыршының тапсырмасы

1) Жазда  қыдырады,

Қыста  тынығады.

(Аю)

 

2) Орғыған  қорқақ,  көзі  қыли,

Қыс  пен  жазда  екі  түрлі  тон  киеді.

(Қоян)

 

3) Құйрығы  сылаң – сылаң  етеді,

Барлығын  алдап  кетеді.

(Түлкі)

 

4) Аузы  бейне  шалғы  орақ,

Шөп  емес  бірақ  малды  оранды.

(Қасқыр)

 

5 )  Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы……

(арыстан)

 

Күн астынан шыққан аңдардың бізге тапсырмалары бар екен.Соны орындайық.Сиқыршы сонда ғана босатады екен.

 ІІІ. Жаңа сабақ: “Х дыбысы мен әрпі”.

1.Аюдың тапсырмасы

Жұмбақ шешу:
Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ –сөйлейді.(хат)

Жақсы,олай болса мына суретке назар аударайық

— Хат сөзінде неше дыбыс бар?

— Ол қандай дыбыстар?

— Бірінші дыбыс қандай?

— Дұрыс. Бүгінгі сабағымызда біз Х дыбысы мен әрпімен танысамыз.

 

Жазылуы – Хх, баспа түрі – Хх

«Хх» дыбысы – дауыссыз дыбыс, араб, парсы тілінен енген сөздің барлық жерінде кездеседі.

— Х дыбысы – дауыссыз, ауа кедергіге ұшырайды.

— Х дыбысымен біз өлең айта алмаймыз.

2.Қоянның тапсырмасы

 Көп нүктенің орнына Х, х  әрпін қой.

Ша… мат,   ас… ана,    …ат,  … алық.

 

Біз қоян мен аюдың тапсырмасын орындаймыз деп шаршап қалыппыз.Ендеше ойын ойнайық: «Кім шапшаң?» ойыны.

Балалар екі топқа бөлінеді.

Асықта жазылған дауысты және дауыссыз әріптерді жәшіктерге салу.Бірінші болған топ жеңімпаз болады.

Пікір алысу стратегиясы.
— Балалар біздің мектепте кітапхана бар ма?
— Кітапханада нелер бар?
енді осы кітапхана  туралы кім нақыл сөздер біледі?

 

 

 

3.Түлкінің тапсырмасы

Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы сөздерді оқу.

 

4.Қасқырдың тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс.

-көркем жазу сәті

-ауада жазу

 

Сергіту сәті

Жаздық,жаздық бәріміз,

Талып қалды қолымыз.

Сәл дем алып аламыз,

Сосын қайта жазамыз

5.Арыстанның тапсырмасы

Жаңылтпашты жаңылмай айт

Ханбибі сөмке көтерген,

Хат-хабар күнде әкелген.

 

 

 

 

 

То-ю,   о — ю,   та-яқ,    қо-ян

 

 

 

 

-Балапан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(хат)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Иә

 

 

 

 

Аю

 

 

 

 

Қоян

 

 

 

Түлкі

 

 

 

 

Қасқыр

 

 

 

Арыстан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хат

 

 

 

 

3 дыбыс

Х-а-т

Х

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балар  тапсырманы орындайды

 

 

Екі топқа бөлініп ойынды ойнайды

 

 

 

 

 

 

 

Бар

— Кітапханада газет – журнал, қызықты кітаптар бар.

1.     Өмірде ең жақын кеңесші — кітап.

2.     Кітапсыз үй – жансыз дене.

3.     Кітап – ғажап дос.

4.     Білім – біздің шамшырағымыз.

5.     Кітап – біздің ұстазымыз.

6.     Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал.
Оқулықтағы сөздерді оқиды

 

Ауада жазады

-үлгілік дәптердегі Х дыбысын жазу

 

 

Қайталап, қимылмен көрсетеді

 

 

 

Балар жаңылпашты айтады

Ханбибі сөмке көтерген,

Хат-хабар күнде әкелген.

 

Іс-әрекеттің бағаау кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой толғаныс.

Әріп Бөлінуі орналасуы
дауысты дауыссыз басы ортасы аяғы
Х + + + +

 

Үйге тапсырма

Жазба дәптердегі Х дыбыс жазу

ҮІ.Мадақтау.

 

 

 

Балалар жауаптары

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Х дыбысымен танысты,сөз,сөйлем құрауға дағдыланды.

Игереді: Тапсырмаларды өз беттерімен орындауды білді.

Меңгереді:  Х әрпін таза,әдемі,сауатты жазуды үйренді.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ОЖББМ

Мектепалды даярлық тәрбиешісі Баймуханова.Г.М

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер8
  1. Гульмира

    Сабактагы ойын түрлері унады.Рахмет жаксы жазылған.

  2. Лаура

    Сабақ жүйелі құрастырылған. Ойын түрлері сәтті таңдалынып алынған.Өз қоржынымызға алары өте көп

  3. Лиза

    Алла разы болсын! Хх әріпімен толықтай 1 ақ сабаққа танысып шығатын жоспар екен! Керегімізге жарар! Рахмет

  4. Куралай

    Сабақтың барысында қолданылған ойындары ұнады. Өте жақсы. Хх әріпі мен дыбысын жақсы таныстырған.

  5. Жансия

    Сабақ жоспары жақсы жазылған екен. Оқушыларға Хх дыбысы мен әрпін түсінікті болатындай жеткізілген екен.

  6. Гаухар Ильясовна

    Х х дыбысы мен әрпі танысу сабағын алып оқыдым,жұмысыма қолданам. рахмет Сіздерге

  7. Жанар

    Дәстүрлі сабақ болсада, керекті сабаққа қосар жерлері көп екен рақмет

  8. Мустафина Шаттық Балтабайқызы

    Балалар Хх дыбысы мен әрпін танысу арқылы сөздік қорлары байытылады және де оқуға сомен қатар жазуға ыңғайлы болады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ