Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Бауырсақ ертегісіне саяхат


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Бауырсақ» ертегісіне саяхат.
Кіріктірілген білім салалары:«Қатынас», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты:Таныс ертегі мәтіні бойынша балаларды орталықтарда жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.Суретке қарап әңгіме құрастыру.

Міндеттері:
1. Балалардың ормандағы жабайы аңдар, олардың тіршілігі туралы білімдерін бекіту. Дәстүрлі емес әдісті байланыстыра отырып шығармашылық қабілеттерін арттыру.
2. Диалог құру, жаңа сөздермен сөздік қорын байыту, тілдерін дамыту. Схема арқылы ертегі мазмұнын айтқызу,балалардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
3. Геометриялық пішіндерден үй құрастыру;
Сөздік жұмыс: сиқыр, сиқыршы, сандық,схема.
Үш тілдік:Бауырсақ- колобок – loaf, ертегі- сказка –fairy tale, кейіпкер-персонаж- character.
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап.

Көрнекіліктер:«Бауырсақ» ертегісінің схемасы, кейіпкерлері (дискілі театр), ақ қағаз, желім, геометриялық пішіндер. Тосын сәт. Топқа сиқырлы ертегілер әлемінен сиқыршы келеді.
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Мен сендерге ғажайып «Сиқырлы ертегілер әлемінен» келдім. Жай келген жоқпын, сендердің қаншалықты ақылды, тапқыр екендіктеріңді көруге келдім. Мен сендерге «Сиқырлы ертегілер әлемінің» картасын әкелдім.

«Бауырсақ» ертегісіне саяхат.Тәрбиеші: Балалар, сиқыршы әкелген картада үш тапсырма бар екен. Мына тапсырмаларды орындамас бұрын сұрағыма жауап беріңдерші.
-Балалар, сендер ертегіледі жақсы көресіңдер ма?
-Ал, қандай ертегілерді білесіңдер?
-Біз бүгін сендермен «Бауырсақ»ертегісі бойынша тапсырмалар орындаймыз.
-«Бауырсақ» ертегісін есімізге түсіріп алайық. (схема арқылы). Өйткені тапсырмалардың барлығы бауырсақ ертегісімен байланысты екен.

Схемамен жұмыс.
– Балалар біз бүгін үш орталықпен жұмыс жасаймыз.
Әдебиет орталығында «Бауырсақ»ертегісін сахналаймыз. (Дискілер театры арқылы)
Бейнелеу орталығында біз бауырсақтың бейнесін әртүрлі әдістер арқылы жасаймыз. (жұлмалау, түйіршіктер, баспа әдісі арқылы)
Құрастыру орталығында «Бауырсақ» ертегісіндегі ата мен әженің үйін құрастырамыз. (Үлгіге қарап геометриялық пішіндерден)

– Ал енді фишка таратамын. Кімге қандай орталық түсті, сол орталыққа барады. (Балаларды орталықтарға бөлу.)
Құрастыру, бейнелеу орталығындағы балаларға тапсырмаларды түсіндіріп өту. Әдебиет орталығына барып, балаларды рөлдерге бөліп, «Бауырсақ» ертегісін сахналау.
Сиқыршы: Иә, иә, осы тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар,сендерге сиқырлы сандықтың кілтін беремін. Сандықтың ішінде сендер үшін тосын сый бар. Қане, балалар, сиқырлы сандықтың кілтін табуға тырысыңдар. Ол үшін тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

Қоңырау арқылы балаларды орталыққа жинайды. Орталықтармен ауыстырады.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
-Ал қане, сиқыршы, біздің балалар тапсырмаларды орындай алды ма?
Сиқыршы: Иә! Қандай ақылды балалар?! (Сиқыршы балаларға ризашылығын білдіреді)
– Балалар, сендер барлық тапсырманы дұрыс орындадыңдар.

Қорытынды: Балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
-Бізге қонаққа кім келді?
-Қандай ертегі бойынша тапсырмалар орындадық?

Сиқыршы сиқырлы сандықтың кілтін табыс етеді.
Сандықты ашу.
– Қане, не бар екен сандықтың ішінде? Ой, балалар, қараңдаршы, «Бауырсақ» ертегісіндегі әже сендерге арнап бауырсақ пісіріп жіберіпті.
Балаларды мадақтау.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Балабақшадағы тапқырлық тапсырмаларын шешуші теория әдісі
  • Алғашқы менің сүйікті «Ұстазым»
  • Ашық сабақ «Бөлме өсімдіктері»
  • Үш тілді елімнің ертеңі ерекше
  • Дарынды балалармен жұмыс

Пікірлер 5 Пікір қосу

  • Куралай 10.05.2020 күні 18:55 уақытында

    Балаларға қазақтың ертегілерін көп айту керек. Сабақтың құрылымы, ертегіні түсіндіре білгені ұнады.

    Жауап беру
  • Жансия 21.01.2020 күні 09:53 уақытында

    Өте сабалы түсінікті жазылған екен. Болашақта балалармен өткізуге болады екен.

    Жауап беру
  • Әсем 01.11.2019 күні 21:06 уақытында

    сабақ жоспары сапалы әрі жоспарға сай жазылған, рахмет маған ұнады!

    Жауап беру
  • Алия 25.02.2019 күні 00:10 уақытында

    Сабақ өте мағыналы, өз жүйесімен жазылған. Рахмет

    Жауап беру
  • Гульнар 01.04.2017 күні 17:06 уақытында

    сабақ жоспары жүйелі жақсы жазылған, алдағы уақытта өз тәжірибемде пайдаланамын

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.