Мүмкіндігі шектеулі бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын

Тапқыр достар!
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқушыларға арналған, логикалық ойындар, бастауыш сынып оқушыларына, ойынАрмысыздар құрметті ата-аналар, оқушылар, және бүгінгі «тапқыр достар» танымдық ойынға қатысушылар. «Қуаныш сыйла акциясына» орай оздырылып отырған бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер. Бүгін, «тапқыр достар» танымдық ойынында нағыз білімді, нағыз жеңімпаз ойыншыларды анықтаймыз. Сондықтан ортамызға қатысушы топтарды шақырайық. «Сұңқарлар» және «Тұлпарлар» тобның мүшелерін ортаға шақырайық.
Бүгінгі, жарысымызда біз темір қақпадан алтын қақпаға жетуді көздейміз.Сондықтан жанкүйерлердіде ойынымызға белесене қатысуға шақырамыз.Ойын 6 турдан тұрады, оның бір турында көрермендермен ойын ойнаймыз.
Сонымен бірінші тур «мақал сөздің мәйегі» деп аталады. Мақалдың жалғасын табуымыз қажет. Әр тапқан командаға он ұпайдан беріліп отырады.Ұпай санын есептеу үшін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Тілепова Әлия мектеп психологі;
Абдолова Индира мектеп логопеді;
Отарбаева Жаңылсын түзете-дамыта оқыту сыныбының мұғалімі;
Темір қақпа
І. Мақал сөздің мәйегі
1.Туған жердей, жер болмас,(туған елдей ел болмас)
2.Еңбек етсең ерінбей,(тояды қарның тіленбей)
3. Білекті бірді жығады,( білімді мыңды жығады)
4.Жақсыдан үйрен, (жаманнан жирен)
5.Көзің ауырса, қолыңды тый, (ішің ауырса ауызыңды тый)
6.Еңбектің наны тәтті,(жалқаудың жаны тәтті)
ІІ.Мықты болсаң тауып көр.
1.Шік түс түсті,
Бүкті түсті, алшы тұрды, тәйке тұрды,
шеше алады, ал кім мұны. (асық)
2.Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. (бор)
3.Көкшіл айна үйдегі, көрсетеді киноны. (телевизор)
4.Ұшып жүрген гүл көрдім,
Қонғанда ұстап үлгердім. (көбелек)
5. Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр. (от пен қазан)
6. Жолбарысқа ұқсайды,
Тышқанды ғана ұстайды. (мысық)
Күміс қақпа
ІІІ.Ертегілер елінде

V.Көңілді көрермендер. «Артық сөзді» тап
Алма, асқабақ, алмұрт, шие;
Кітап, дәптер, бантик, сызғыш;
Сиыр, арыстан, ешкі, жылқы;
Балға, арба, шеге, қысқаш;
Мектеп,парта, дәріхана, сынып;
Қолғап, бөкебай, сөмке, тымақ.
VІ.Жолайрық (қарама-қарсы мағынасын тап)
Тар-
Жаңа-
Жуан-
Жарық-
Биік-
Алтын Қақпа
VІІ .Алтын қақпаға ұпайы көп команда алтын қақпанының тапсырмасын орындайды. (мағынасын түсіндір)
Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.
“әдепті” сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Асем

    ойын өте жақсы ұйымдасқан. менде мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жасаймын тағыда көптеген ойындар болса пайдалы мақала

  2. Жанбота

    Макала жаксы жазылган

  3. Асан

    жұмыс үшін

  4. Жанат Кушекбаева

    Мақала үшін үлкен рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ