Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Аюдың әулеті ( ертегі — мысал)


ІІІ тоқсан

Күні: 18.02.2014

Сыныбы: 3 «А»

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:   Аюдың әулеті  ( ертегі — мысал)

Сабақтың мақсаты:  ертегіні оқытып, мазмұны бойынша берілген тапсырмаларды ізденіп, өз беттерімен шешуге жағдай туғызу.

Сабақтың міндеттері:

оқушылардың дүниетанымы  есту,  оқу,  көру арқылы кеңейе  түсетінін байқату.

табиғатты тану, оған жанашырлық таныту – әдептіліктің  бір көрінісі екеніне көз жеткізу.

Сабақтың көрнекілігі: жануарлар туралы энциклопедиялар, әдемі суреттер, плакат, оқушы дәптерлері,  оқулық..

aiudin-auletiСабақтың барысы:   :  

   I .  Ұйымдастыру  жұмысы.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

  II.  Үй тапсырмасын тексеру .

1 . «Ақ  қыс»  өлеңін мәнерлеп  жатқа  оқу.

2. Мазмұнын  айтқызу.

III.  Жаңа сабақ

1.Қызығушылығын ояту.

а)Оқушылар топтарға бөлініп отырады. Әр топ алдарыңдағы плакатқа (ортасында АЮ деп жазылған) аюға байланысты берілген тапсырманы орындауды бастайды.

Тапсырмалар:

1-топ. Аюлардың тіршілігі  туралы не білесіңдер?

2-топ. Аюлардың қандай пайдасы бар?

3-топ  Аюлардың қандай зияны бар?

4-топ. Аюлар туралы қандай кино, мултъфилъм, ертегі білесіңдер? (Аттарын жазу).

Әр топтан бір оқушы шығып, плакат бойынша сөйлейді.

Плакат көрнекі жерге ілінеді.

2. Мағынаны тану.

— Балалар, енді біз «Аюдың әулеті» деген ертегі мысалды оқимыз. Сендер мәтінді оқығанда Қоянмен, Аюмен бірге орманға саяхатқа шығасыңдар. Көптеген жаңалыққа тап боларсыңдар. Барған жерлеріңде өздерің көрген аң, құстардың атын түртіп ала отырыңдар және олар туралы бұрын білмеген жаңалықтарды есте сақтап қалуға тырысыңдар. «Қорбаңбайдың  бұл әңгімесі Қоянға қатты ұнады»  деген жерге дейін оқимыз.

Мәтін оқылып біткен кезде :

— Ал, балалар, орманды аралауға кімдермен бірге шықтыңдар?  Сендер не көрдіңдер?  Қоңыр аю өз туысын қалай мақтады? деген сұрақтар қойылады.

Бірінші көргендері : Балықшы құс және Ақ аю

— Ақ аю немен қоректенеді екен?(Тіршілік туралы айтылғандар плакатқа басқа түсті марклермен жазылады.

— Ол қайда өмір сүреді?

— Ары қарай қайда барып, не көрдіңдер?

Балалар сусар мен тоқылдақ туралы естігендерін, көргендерін айтады және Қара аю туралы әңгіме басталады. Ол туралы деректер жиналғаны көрінеді ( плакатпен жұмыс үнемі жалғасады).

— Балалар , сендердің саяхаттарың өте ұнады, сондықтан әрі қарай саяхаттауды жалғастырғыларың келе ме?- деп, мәтінді іштей оқу жалғасады. Оқушылар оқуды аяқтаған кезде, Құр, сүйір,ерінді аю, Ақ тиын, Бамбук аюы туралы деректер жиналады.

— «Қоян Қорбаңбайдың мұндай туыс — жұрағаттары бар екенін білмеген екен» — дейді. Ал сендер осындай аюлардың бар екенін білдіңдер ме? Осы Қоянның жанында жүрген аю қандай аю екенін байқадыңдар ма? Қоян орманды аралап жүріп  неге таңданды?  Ол  көрді, естіді, жүрді, аралады. Олай болса, адам не арқылы біледі екен? Біз аюлар туралы көп білуге не арқылы жеттік? Әрине, оқу арқылы.

           3.Ойтолғау

а) Аю түрлерін энциклопедиялық кітаптардан көрсету.

Энциклопедиядан тағы бір қызық жайттар білген болса, «Мен тағы не білдім?» деген бағанды толтырып, оқулықтағы мақалдармен жұмыс арқылы сабыақты қорытындылау.

ә) Білгенің- бір тоғыз

Білмегенің тоқсан тоғыз   немесе

«Мен білгім келеді» деген тақырыпта эссе жазу.

 

4. Үйге  тапсырма. «Аюдың әулеті» мәтінін оқып, мазмұнын әңгімелеу.

5.  Бағалау:Оқушылардың білімдеріне қарай бағалау.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жаңа жылдық қойылым «Жаңа жылдық Буратино хикаясы»
  • Жол тәртібін жадыңда ұста
  • Қалдықпен бөлу және оны тексеру.
  • Жаңа лексикамен және жаңа әріппен таныстыру
  • Төрлет, әз Наурыз

комментария 3 Пікір қосу

  • Аманкелді Жайлыханұлы 18.02.2020 в 09:29

    Сәл ғана алып-қосары бар екен ал,жалпы әзірленген дүниені қолдануға біз кетәрі емеспіз.

    Ответить
  • Бахтыгуль 03.07.2019 в 18:40

    Өте жақсы жазылған сабақ.Рақмет

    Ответить
  • Алия 25.02.2019 в 00:07

    жақсы айтылған.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.