Жасөспірімдердің көшбасшылық қабілеттерін дамыту (тренинг)

«Достарымен бірге» достық ойындары» 2 сағат
Танысу топтамалар ойынынан кейінгі үрдіс. Топтық жұмыстарды орындау барысында топшаларға бөлініп, жарыс сабақтарымен жүргізіледі. (Мұндайды мен де жасай аламын» ұстанымын ұстанады. Әр түрлі коллаж, сурет салу әдістерін падалану арқылы жұмыстанады.
«Мені таны!». 2 сағат
Қатысушыларға жекелей жұмыстық тапсырмалар беріледі. Тренингтер барысында жасөспірімдер өздерін жеке дара тұлға ретінде сезінуге, «оның да қолынан келеді» , «СЕН ДАРАСЫН» деген ұстанымды ұстана отырып, әрбір жасөспірім өздерінің жеке ерекшеліктері мен даралығын танып біледі. Өзіне деген сенімі артады.
«Көршіңді танисың ба?» жаттығуы.
Қатысушының мақсаты: тәртіп бойынша қатысушылардың атын атап, соңында өзінің атын айтады.
Нұсқа: Бақыт – байсалды
Әсем- әдемі
Нұсқа: сүйікті асы
Мейіржан – бесбармақ
Азиза – палау
Нұсқа: жұлдыз белгісі
Сара – тоқты
Марат – арыстан
«Тілші» 1 мин ішінде басқалар туралы ақпарат алу, мыс: сүйікті асы, гүлі, спорт түрі, жыл мезгілі.
«Мен тәрізді» 30 сек ішінде өзінің аттасын, аяқ киімі өлшемдері бірдейін, бойы бірдейі, шашы түстес, сүйікті фильмі
«Шақыру – қаламақ» 2 командаға бөлініп, әр команда өзіне қаламақ шығарып айтады. Қай команда тез екені анықталады.
«Кеме» Барлығына қағаз кеме үлестіріледі, кезек бойынша әркім өзі туралы әңгімелейді.
— Менің кемемнің аты «Бақыт», ол кітап оқығанды спортпен шұғылданғанды ұнатады….
«Цып-цып». Ойыншылар дөңгелектене тұрады. Жүргізуші бір ойыншыға жақындап «Цып» дегенде көршісінің атын айтады. Жүргізуші «Цап» дегенде ойыншы сол жақтағы көршісінің атын айтады. Жүргізуші «Цып-цып» дегенде олар орын ауыстырады.Көршісінің атын тез атай алмаған жүргізуші болады.
тренинг жасөспірімдерге«Мен – көсбасшымын! » 4 сағат
Жасөспірімдердің көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, мүмкіндіктерін бағалауға арналған мүмкіндіктерін бағалауға арналған тренинг мен тесттік тапсырмаларын орындап, қорытынды жасайды.
Менің ойымша адамдар мені ….
Өмірімдегі ең бақытты күнім …
Менің ойымша, бақыт деген …..
Менің басқалардан айырмашылығым …
Егер сиқыршы болсам..
Достарыммен жүргенде өзімді…
Өмірдің мәні …
Жанұя бақыты деген – …
«Мен және менің әлемім» 4 сағат
«Өзім туралы не білемін?» «Мен қандаймын?» және суреттегі МЕН және болашақтағы МЕН» сияқты қызықтыру, саналау тапсырмаларын орындайды. Жасөспірім бұл тапсырмалар арқылы өзінің «Мен» — ін ашуға, өз мүмкіндіктерін өзін-өзі тануына, бағалануына мүмкіндіктер ашады.
 «Мен және менің әлемім» «Өзін туралы не білемін»
1. Қызықтыру «Мен қандаймын?»
2. Саналау «Жиырма МЕН»
3. Рефлексия. «Суреттегі МЕН және болашақтағы МЕН» (суретін салу)
«Жоспарланған уақыт»
1. Қызықтыру Әрбіреуіміз қанша ай, қанша күн қанша сағат бірге болдық?
2.Саналау «Менің қазіргі өмірім»

Уақытты өткізуші істер
Уақытты жұтушы істер

2. Рефлексия. Күнделікті істерімді қалай тиімді және үнемдеуге болады?
«Есею уақыты келді»
1.Қызықтыру «Есею дегеніміз не?»
2.Саналау «Перспективалар»
3.Рефлексия. Өмірлік перспективаларымның қайсысы мені қызықтырады? Қаншалықты олар шынайы және оны қалай жүзеге асыруға болады?
«Міне мен қандаймын!» қорытынды сабағы 4 сағат.
Жасөспірімдер жүргізілген көшбасшылық қабілеттерді дамытуға, анықтауға арналған жобаны қорытындылау сабағы өткізіледі. Жасөспірімдер осы уақытқа дейін немен шұғылданғаның болашағы мен қазіргі уақытын зерделейді.
 «Көсбасшы дегеніміз кім?»
1.Қызықтыру «Ассоциация». «Көшбасшы» деген сөзді естігенде немен байланыстырамыз?
2.Саналау «Көсбасшы досымды іздеймін» жаттығуы. Хабарландыру тақтасы.
3. Рефлексия. «Көсбасшы досымды іздеймін» жаттығуында мен өзім туралы не білдім?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ