Ашық сабақ «Ғажайып саяхат»

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

    Күні:28.05.2013  тобы: « Бәйтерек »    тәрбиеші: Жанкалова Рахила Ибодулоевна

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдер: Математика,құрастыру

Тақырыбы: « Ғажайып саяхат»

Ашық сабақ, бастауыш сынып, математика, балаларға

Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту,ойлау қабілетін арттыру,3-ке дейінгі сандарды қайталау,геометриялық пішіндерді қайталау. Табиғатқа деген қамқорлық сезімін ояту. Басына қиындық түскенге әрқашан көмек көрсету керек екенін түсіндіру.

Әдіс- тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету,тыңдау,дидактикалық ойындар

Көрнекіліктер: кейіпкерлер киімі, үнтаспа,геометриялық пішіндер,суреттер

Қостілділік компонент :Гном-ергежейлі,өрмекші-паук,көбелек-бабочка

Сөздікжұмыс: кассир, касса,билет,поезд

Іс-әрекет кезеңдері                  Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық Әсем әуенмен балалар топқа кіріп,шеңбер болып тұрады.Тәрбиеші: Бүгінгі күнге жақсы тілектерімізді білдіріп,амандасамыз.Қанекей,жыллы сөздер айтайық. 

(Поезд жүреді, бекеттен жылаған дауыс естіледі)

Отбасының гүліміз,Көңілді өтер күніміз.“Қайырлы таң” деп айтамыз,Бір болып, кеште қайтамыз.-         Бүгінгі күн жақсы болсын!-         Сәтті болсын!-         Денсаулығымыз мықты болсын!
Ұйымдастыру-Іздестіру Тәрбиеші: Ой,балалар естимісіңдер, біреу жылап жатқан сияқты.-         Сәлеметсің бе , балақай! Саған не болды, неге жылап отырсың?-         Мен ойнап жүрген едім. Кенеттен қатты жел соғып мені ұшырып әкетті. Енді үйіме қайта алмай жылап отырмын.-         Балалар біз ергежейліге көмектесеміз бе?Жолға жаяу шығуға да болар еді,алайда ұзақ жол жүруге тура келеді.Барар жерге тез жету үшін не керек бізге,айтыңдаршы,балалар?-         Поездға отырудан алдын не алуымыз керек?-         Ал , билетті кайдан аламыз?-         Билет сататын адамды кім деп атаймыз?-         Барлығымыз бару үшін неше билет керек болады?

Дидактикалық ойын: «Поезға билет »

Ой , балалар кассадан билеттерді алу үшін мынадай тапсырмаларды орындауымыз керек екен.

(конверттің ішіндегі тапсырмаларды шығарып әр балаға тапсырады.)

 

 

 

 

Тәрбиеші: — Барлық жолаушылар орындарына жайғастыма? Кеттік ендеше.

Пш-пш-пш-пш біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

Гу-гу-гу-гу гуілде,

Қалып қойма біріңде.

—         Оң жағымызға қараймыз, енді сол жағымызға қараймыз.

№1 фонограмма  ойналады (паравоздың даусы)

№2 фонограмма  ойналады (сарқыраманың даусы )

—  Балалар, біздің поездіміз тоқтап қалды. Қане , бәріміз сыртқа шығып не болғанын көрейікші . Қараңдаршы, бұл өзен ғой!

— Өзеніміз қандай- жалпақ па  әлде жіңішке ма? Түсі қандай екен?

Тәрбиеші: — Не істесек екен а? Ергежейліні үйіне қалай жеткіземіз, өзеннен қалай өтсек екен?

Ергежейлі : — Өзенде көпір болған , оны жел бұзып кеткен. Көпір салсақ қалай болады?!

(Қалған балаларды отырғызу)

—         Балалар қараңдаршы мұнда қандай пішіндерді көріп тұрмыз?

Бұл геометриялық пішіндердің арасынан өзімізге керек пішінді табу үшін ең алдымен мына тапсырмаларды орындап алайық. ( тақтада геом.пішіндердің пазлысы берілген. Суреттің арасынан үшбұрышқа,төртбұрышқа ұқсайтын заттарды тауып құрастыру.)

Дидактикалық ойын « Көпір салайық »

(Өзеннің маңында әртүрлі геометриялық пішіндер жатады. Сол пішіндердің арасынан көпір тұрғызу үшін керегін аламыз және түсіне қарай орнатамыз.)

Тәрбиеші:  — Қандай пішін алдың?

— Түсі қандай?

( Көпір тұрғызып, әрі қарай жолға шығады.)

— Балалар , біз сендермен бірге гүлдер алаңына келген сияқтымыз!

Гүлдер жайқалыпты, әсемдік деген осы, ия, балалар! Қане барлығымыз құшағымызды кең жайып таза ауаның иісін иіскейікші.

Ергежейлі: Қараңдаршы, соққан жел көбелектерді өрмекшінің торына түсіріп тастапты. Біз оларды құтқаруымыз керек! Өрмекші торына қанша көбелек түсіпті?

Тәрбиеші: Өрмекші көбелектерді байқамау үшін көбелек түсіне қарай  сол түстегі гүлдерге отырғызу керек, қане көбелектерге жасырынуға көмектесеміз.

Дидактикалық ойын: « Үйін тап »

—  Көбелектің түсі қандай?

—  Бұл көбелекті қай гүлге отырғызамыз?

—  Көбелектер мен гүлдер тең бе?

—  Қайсысы көп?

—  Неге гүл көп деп ойлайсыңдар

 

 

 

Сергіту сәт.

 

Көбелекке ұқсап ал

Ұшайықшы бәріміз

Оңға қарай бір ұшып, солға қарай бір ұшып

Шарлайықшы жер шарын

1,2,3 көбелекше ұш

-Әрине,көмектесеміз! Балалар күлімдеп қуана келіседі.- көлік керек болады-         билет алу керек-         кассадан-         кассир-         қанша бала болса сонша билет керек болады.

Балалар суретте бейнеленген заттарды айтады:

—         астында-үстінде,

—         ішінде-сыртында,

—         үлкен-кіші,

—         ұзын-қысқа,

—         биік-аласа…

 

 

 

 

 

 

Балалар оң және сол жақтарына қарайды.

 

 

 

 

 

Балалар жауап береді.

Балалар , қайықпен,кемемен өтуді ұсынады.

Балалар, қуана қоштайды.

 

—         Геометриялық пішіндерді

Балалар тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

—         көп көбелек

торға түскен

Балалар, көбелектерді тордан босатады.

 

Балалар көбелектерді гүлдерге отырғызады.

—         Көбелектің түсі қызыл .

—         Қызыл гүлге отырғызамыз.

—         Жоқ тең емес

—         Көбелекке қарағанда гүл көп.

—         Себебі , көбелексіз гүл көп

 

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Рефлексивті –түзетушілік  — Балалар, біз қайда бара жатыр едік?Дұрыс айтасыңдар, балалар жаңа біз көбелектерді  өрмекшінің торынан босатып жатқанда мен мынадай қалташа тауып алдым. Қарайықшы ішінде не бар екенін.( ішінде көзілдіріктер болады, әр балаға таратылады)Саусақты гимнастика « Көзілдірік»Көзімде очкиМен крутой баламынБилеймін былай…Билеймін  былай…Бестікті күнде аламын!-         Балалар, қане қарайықшы ергежейлінің үйі қайда екен?(Поездбен ергежейлінің үйіне жақындайды. Бірақ ергежейлі көңілсіз болады.)

Тәрбиеші: —  Саған не болды?

Ергежейлі: Менің үйімді қатты соққан жел қиратып кетіпті. Енді мен қайда тұрамын.

—         Сен қамжеме біз балалармен бірге саған үй салып береміз

Дидактикалық ойын: « Қане , кім жылдам »

Тәрбиеші : — Міне, балалар біз ергежейліге үйіне оралуға көмектестік. Сендерге  саяхатымыз барысында қандай жағдайлар ұнады?

Ергежейлі: Балалар келіңдер бәріміз бірге би билейік .

( «Гномиктер» деген музыка ойналады.)

—         Рахмет сендерге балалар! Маған үйімді табуға көмектестіңдер. Ал, мен сендерді тәттілермен силағым келеді.

—         Ергежейлінің үйін іздеп бара жатырмыз.Балалар, белсене қатысады. 

 

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге ергежейліге үй құрастырады.

 

Балалар өздеріне ұнаған жағдаяттарды айтады.

 

 

Балалар, көңілденіп би биледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратады,1-ден 3-ке дейін сандарды қиналмай санайды,заттар құрастырады.

Қандай түсініктерді игерді:Басына қиындық түскенге әрқашан көмектесу керек

екенін

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қимылдарды нақты орындау, қойылған сұраққа толық әрі дұрыс жауап беру.

Пікірлер5
  1. Асел

    Тех картасы жақсы ұйымдастырылған,мазмұны ашылған

  2. Дилбар

    Дидактикалық ойын «Көпір салайық» ойыны ұнады маған

  3. Данагуль

    Өте жақсы жазылған сабақ жоспары екен әрі түсінікті

  4. Гүлден

    Тех.карталар қызықты

  5. Raushan

    keremet

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ