Тақырыбы: «Тапқыр математик» математикалық сайыс
Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
— Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
— Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
— Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.
Түрі: Жарыс сабақ
Әдістері:Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация
Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмыс
Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер
Сайыс сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар!
Уа, жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қостаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Ғылымдардың атасы
Математика пәнінен
“Тапқыр математик ” сайысын бастаймыз.( 1слайд)
Жүргізуші: -Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, » — деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. (2слайд)
Жүргізуші: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек.
Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық: (3слайд)
1« Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу)
2 «Кім жылдам?»
3. «Ойлан, тап!»
4. «Сандар сыры»,
5. «Сандар сөйлейді» ( киелі сандар 3,7 тұралы мағұлмат)
6. «Бәйге»
Жүргізуші:
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар: ( 4 слайд)
І топ: «Зерек» тобы
ІІ топ: «Жігер» тобы
Бағдарлама бойынша І кезең «Кел танысайық». (5 слайд)
1-топ: « Зерек» тобы
Топ басшысы: Турартаев Нурсултан
Біздің ұран: « Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім»
2-топ: « Жігер» тобы
Топ басшысы: Жапарханов Ерасыл
Біздің ұран : «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»
2 кезең «Кім жылдам» (6 слайд)
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде – дегендей сайысымызды «Кім жылдам?» деген кезеңінен бастайық.
Әр топ мүшелері ұяшықтарды таңдайды, сұрақ оқылады, сол сұрақтарға лезде жауап беру керек.
- Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше?(10, 50)
- 120 минут неше сағатқа тең?(2 сағат)
- Түйе 10 пұт жүкті 1 сағат бойы көтеріп тұрса, 1000 пұт жүкті қанша уақыт көтеріп тұра алады? (1 cағат)
- 3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3мин)
5. 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма? (тең)
6 . Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? (5 кг)
7. Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)
8. 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір Ержан неше жаста?
3 кезең «Ойлан, тап!» (7слайд)
(әр топқа логикалық тапсырмалар беру )
-Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
І топқа: 1)«Үй иесі мен ұрылар» (8 слайд)
Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.
Үй иесі мұны сезіп:
-Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.
-Сонда нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5ұры)
2) «Күлшеқыз» (10 слайд)
Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер. (9+18+18)
ІІ топқа: «Шаштараз » (9 слайд)
Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. -Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)
2) «Бір мая шөп» (11 слайд)
Бір мая шөпті жылқы 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді? (Жарты айдың ішінде)
4 кезең «Сандар сыры» (12 слайд)
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Төртінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Сандар сыры» атты келесі кезеңге көшейік.
Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады. ( 13слайд)
1 топ
1) Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
2) Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
3) Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.
4) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
5) Жүз сомын болғанша, жүз досын болсын.
2 топ
1) Бір тал кессең, он тал ек.
2) Бес саусақ бірдей емес.
3)Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.
4) Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.
5) Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді…
5 кезең « Сандар сөйлейді» бұл кезеңде әр топ киелі сандар жайлы мағұлмат береді. 14 слайд
1- топқа жеті күн жеті күн дүйсенбі бүгін сейсенбі ертең сәрсенбі бүрсүгүні бейсенбі кеше жұма арғыкүні сенбі азна жексенбі соңғы күн жеті жұт құрғақшылық жұрт өрт оба соғыс топан су зілзала | 2-топқа Үш арыс Үш дана Сәкен,Бейімбет, Абай, Шоқан Ілияс Ыбырай Үш тәтті Үш биік Ананың сүті билік Баланың күлкісі дәулет Туған жер даналық Үш қадірлі Үш қөз Ырыс су анасы-бұлақ Бақ жол анасы-тұяқ Дәулет дау анасы-құлақ |
Жеті жетім Тыңдамаған сөз жетім Киюсіз тозған боз жетім Иесіз қалған жер жетім Басшысы жоқ ел жетім. Аққу қазсыз көл жетім Жерінен айрылған ел жетім Замандасы қалмаса Бәрінен де сол жетім. |
6 кезең « Бәйге» қорытынды кезең . (15слайд)
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына –дей келе, «Бәйге» кезеңіне де жеттік. бұл кезеңде топ басшылары сайысы. Берілген сұраққа 1 мин ішінде қай топ басшысы көбірек жауап береді.
Зерек тобына:
| Жігер тобына:
|
Жүргізуші:
-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтсек. Оқушыларды грамотамен марапаттау.
Математика-толған тәртіп, мағына мен мән
Математика-толған тамаша заңдылық пен сән
Математика-толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. (16,17 слайд)
сабакка колдануга турарлык дуние екен
Өте керемет
Оқушылардың ойын дамытуға байланысты есептер кеңінен берілген. Өте керемет жазылған!
презентациясы болса жаксы болар еді
өте жаксы
қызықты.Сабақта қолдануға слайд бере аласыз ба
Сабақтың кезеңдері жүйелі құрылған екен, логикалық тапсырмалар, пәнаралық байланыс барлығы көрініс тапқан, маған ұнады.
Керемет.Маған ұнады.Слайд болса екен
маған мақала ұнады осының презентациясын қайдан тапсам болады
маған автор мақаласы ұнады осы мақаланының презентациясы болса қарайын деп едім
Ұнады