Логарифмдік теңдеулерді шешу
№32 орта мектебінің математика, информатика пәнінің мұғалімі Д.С.Рахманбердиеваның 11-сынып алгебра пәні бойынша сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Логарифмдік теңдеулерді шешу.
Сабақтың мақсаты:Білімділігі: оқушының білім, білік дағдыларын дамыту.
Дамытушылығы: Оқушылардың тез ойлау қабілеттерін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Бірлесіп жұмыс істеуге, сыйластыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: модульдік оқыту технологиясы бойынша 3-сағаты. (негізі 6 сағат берілген).
Сабақтың түрі: практикалық жарыс сабағы (топ арасында жиналған ұпай саны).
Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парағы, слайдтар.
Сабақтың жоспары:
- 1. Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу, топқа бөлу, топ жетекшісін сайлау, бағалау парағын тарату). Сабақ мақсаты мен сабақтың жүрісімен таныстыру-4 минут.
- Сабақ тапсырмаларымен таныстыру.
1-тапсырма: үй тапсырмасы бойынша қайталау сұрақтарын сұрау-4 минут.
2-тапсырма: сәйкестікті тап (логарифмнің қасиеттері)-4 минут.
3-тапсырма: кім жылдам? -10 минут.
4-тапсырма: оқулықпен жұмыс-7 минут.
5-тапсырма: тест-10 минут
- Бағалау парағы бойынша сабақты қорытындылау: топ жетекшілеріне сөз беру, оқушыларды бағалау -4 минут.
- Үйге тапсырма беру-2 минут.
Сабақтың жүрісі:
1-тапсырма бойынша оқушыларға слайд арқылы 10 сұрақ беріледі (әр сұрақтың жауабы-1 ұпай):





