Видеобайқау «Балалардан-Балаларға»

Құрметті Еркетай сайтының тіркелушілері мен қонақтары !

Еркетай сайты «Балалардан-балаларға» атты видеобайқау жариялайды. Байқау шарты бойынша  балалардың ұялы телефонға немесе басқада видеокамераға айтқан өлеңдері,билері,  ертегілері, қызықты әңгімелері, тақпақтары қабылданады. Видеоның ұзақтығы 2-3 минут болса жеткілікті.

vidiobaikau2014Балалар үлкендердің айтқанына қарағанда бір-бірінің айтқанын жақсы ұғып тез жаттап алады.Сол арқылы бір-бірінен ертегілер,әңгімелер, тақпақтар, өлеңдер айтуды, би билеуді үйренеді. Балаларға бір пайдасы тиер деген ниетпен erketai.kz сайты осындай видеоларды топтастырып сайтта жариялайды. Сіздерден үлкен өтініш байқауға немқұрайлы қарамай өздеріңіздің балаларыңыздың,  іні-қарындастарыңыздың ,сіңлілеріңіздің басқада балалармен өнерлерін бөлісу үшін байқауға атсалысып ұялы телефоныңызға немесе басқада камераға  түсірілген видеоларын жіберулеріңізді сұраймыз. Барлық видео сайтта көрсетіледі.

Видеоны hat@erketai.kz , erketaikz@mail.ru  электронды почталарына жіберуге болады.  

Видеоға қоса баланың аты-жөнін және қандай тақпақ немесе өлең(ертегі,әңгіме) орындағанын  жазып жіберіңіздер.

Құрметпен erketai.kz

Видеобайқаудың тақырыбы «Балалардан-балаларға»

Өткізілетін уақыты: 26.08.2014-26.09.2014  

 

Видео байқау шарттары:

Видеолар 26.08.2014 — 16.09.2014 аралығында  қабылданады. 16.09.2014 бастап 26.09.2014 аралығында дауыс беру жүреді. Жеңімпаздар сайт тіркелушілерімен қонақтарының берген дауысының қортындысы арқылы  анықталады.

Жеңімпаздар төмендегі сыйлықтарға ие болады:

1-орын 3000 актив бірлігі

2-орын 1500 актив бірлігі

3-орын 500 актив бірлігі

Барлық қатысушыларға portfolios.kz сайтында жарияланған балаларға арналған барлық портфолиолар тегін беріледі.

Байқаудың қатысушыларына дауыс беру үшін осы сілтемені басыңыз!

Пікірлер3
  1. Исмаилова Алма Ораковна

    Жылдан жылға көркей беріңіздер

  2. Гульжиан

    Сәлеметсіздер ме! бейнероликті көріп, өзіме көптеген қосыша ақпараттар алдым.

  3. Акерке

    Видеобайқау қандай жақсы екен. Жеңімпаздар сіздерді құттықтаймыз. Жарайсыздар

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ