«Аяулы Анам» атты шығармаға байқау жарияланады!

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай

Еркетай сайты  «Аяулы Анам» атты  шығармаға  байқау жариялайды. 

Байқауға қатысатын шығармалар 1-наурызға дейін қабылданады.

Шығармаларға дауыс беру 1-ші наурыздан 8-ші наурызға дейін жүреді.

Байқау шарттары:

Konkurs

Шығарманың мазмұны «Аяулы Анам»  тақырыбына жақын болуы керек бірақ өзіңіздің шығармаңызға қалаған атты беруіңізге болады

Байқауға интернеттің барлық қолданушылары қатыса алады.

Шығарма интернеттен көшіріп алынбаған(міндетті түрде тексеріледі) көлемі ауқымды болуы тиіс.

Шығарма басқа бір адамның авторлық құқығын бұзбауы тиіс.

Шығарма жеңімпаздарын сайттың барлық қолданушылары дауыс беру арқылы анықтайды және ұнаған шығармаға әлеуметтік желідегі достарымен бөлісіп дауыс беруге шақыруларына болады.

Бір адам бір шығармаға 24 сағатта бір ғана дауысын бере алады.

Кім қанша дауыс жинағаны сайтта көрініп тұрады.

Шығарманы : hat@erketai.kz  электронды почтасына жіберулеріңіз керек және шығарманың ішінде аты-жөніңізді міндетті түрде  жазыңыз. Өз қалауыңыз бойынша шығармаға қоса фотосуретіңізді жіберуіңізге болады. (Суретіңіз шығармамен қоса жарияланады.)

Байқау жеңімпаздарына төменде көрсетілген сыйлықтар беріледі.

1-орынға

3000-Актив бірлігі

2-орынға

1500-Актив бірлігі

3-орынға

500-Актив бірлігі

Жеңімпаздарға сыйлықтары байқау аяқталған соң 3-күн аралығында ұялы телефондарына жіберіледі.

Пікірлер44
  1. Гүлдаурен

    Жақсы сөз – жарым ырыс демекші, қуаныштан жүздері балбұл жанған ақжаулықты аналардың алдында барша азамат мәңгі қарыздар екеніне тоқталып, шын көңілден құттықтаймыз. Сайыс қатысушыларына сәттілік

  2. Айжамал

    Байқау жеңімпаздары құтты болсын құттықтаймын

  3. Акерке

    Байқау жеңімпаздары құтты болсын. Сіздерге сәтттілік.Еркетайға табыс

  4. Тоғжан Ақылбекова

    Сәлеметсіздер ме? Мен Еркетайдың шығармалар байқауын білмей қалдым.Кешігіп қалдым.Сол себепті алдағы уақытта тағы қандай байқаулар болатыны туралы хабардар ете аласыздар ма?

  5. Мұхамбетова Аяла

    7-сынып оқушыларына қатысуға бола ма? 1—наурызға дейін асықпай беруге бола ма?

  6. Сәлем ЕРКЕТАЙ ! Сіздермен байланыс жасағаныма қуаныштымын. Мен сіздерден алда қандай байқаулар бар екенін білгім келеді. Қай уақытта болатынын почтама жіберсеңіздер деп өтініп сұраймын.

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа жазылсаңыз кез-келген жаңалықтан хабардар боласыз.

  7. Жанбота

    1 наурыз күні жіберуге бола ма?

    1. Erketai (автор)

      Шығармалар 1-ші наурызға дейін қабылданады делінген.

  8. ана туралы өлең шығарып жіберуге болама?Нагима

    1. Erketai (автор)

      Ия болады! Бірақ қысқа болмасын.

  9. электронды почтаңыз қабылдамай тұр гой

    1. Erketai (автор)

      Сіздің мақалаңыз келді.

  10. шығарманы сізге қкалай жіберем

    1. Erketai (автор)

      hat@erketai.kz эл.почтасына жіберіңіз.

  11. Aidos

    өтінемін

    1. Erketai (автор)

      келді мақалаңыз.

  12. Aidos

    Керіден жібердім, келдіме екен? Қарап көресіздер ме?

    1. Erketai (автор)

      Сізге жауабы почтаңызға жіберілді мақала қабылданды.

  13. Aidos

    Мен бүгін жібердім, сіздерге бардыма екен қалай білем,бүгін соңғы күнго.Бармаса ертен кеш болып қаладығо. Aidos Serik

  14. Салем Еркетай! Жіберген шығармамды қайдан көруге болады. Қаншалықты дауыс жинағанын 1 — 8 наурыз аралығында көруге бола ма?

    1. Erketai (автор)

      Салем! ертеңнен бастап сайтқа барлық шығармалар жарияланады. Сол кезде дауыс беруге болады және кім қанша дауыс жинағаны сайтта көрініп тұрады.

  15. Сәлеметсіз бе? шығарма байқауына қатысқаны үшін алғыс хат,марапаттау беріле ме?

    1. Erketai (автор)

      Грамотаның электронды нұсқасы жіберіледі.

  16. Маншук

    Сәлеметсізбе! мен оқушымның шығармасын жіберіп едім, сайттарыңыздар көрмей турмын . сіздерге жетпеген ба?

    1. Erketai (автор)

      Салем! Егер жіберсеңіз 1-ші наурыздан бастап барлық қатысушылардың шығармаларымен бірге сайтта жарияланады.

  17. Гулжазира

    Салем еркетай!менин шгармам биринши наурызга дейн жетпей калса не истемин?

    1. Erketai (автор)

      Салем! Ол кезде байқауға қатыспайды өйткені сол күнен бастап барлық шығармалар сайтта жарияланады және дауыс беру басталады.

  18. Айгүл

    Оқушымның осы тақырыпқа жазған шығармасын ұсынуға бола ма?

    1. Erketai (автор)

      Ия болады.

  19. Санжан

    Сәлем,Еркетай! Байқау аяқталған соң, жүлделі орынға ие болғандар дипломмен марапаттала ма? Біз үшін актив бірлігінен бір бет қағаз маңызды.

    1. Erketai (автор)

      Салем! Электронды түрде беруге болады.

  20. Қорлан

    Салем,ЕРКЕТАЙ! Ұстаздарға арналған байқауларыңыз болып тұра ма?

    1. Erketai (автор)

      Салем! Құдай қаласа тек ұстаздарға арналған байқау ұйымдастырамыз. Егер Ұстаздарға арналған байқауға байланысты ұсыныс пікіріңіз болса жазып бөлісіңіздер.

  21. Саламатсыз ба? шығарма қанша беттен тұру керек. Мысалы 8 сынып оқушысы мен 6 сынып оқушылары қанша беи жазуы тиіс. және олар қатыса алама?

    1. Erketai (автор)

      Салем! Шығарма 1500-2000 символдан тұрса жақсы. Бірақ екі-үш қатар жарты беттік мақала болмауы керек. Кез-келген жастағы адамдар қатыса алады.

  22. Қанат

    Саламатсыз ба. шығарма текстік түрінде болғанда өлең,әңгіме бола береді ма? сосын алты жастағы бала мен отыздағы жігіттің шығармасы бір денгейде бағалана ма? Әлде ересектердікі бөлек бағалана ма?

    1. Erketai (автор)

      Салем! Өлең түрінде жазылған шығарма болады. Шығармаларға дауысты сайт қонақтары мен тіркелушілері береді.Сондықтан бірдей бағаланады.

  23. Бақыт

    сәлеметсіздер ме? Менің қызым 3 сыныпта оқиды. Балаларға да 2000 символ болуы шарт па? Балаларға ол қиындау сияқты. Қалай ойлайсыздар?

    1. Erketai (автор)

      Салем! Балаларға бұл міндетті емес.

  24. Ляззат

    сәлеметсізбе! менің 3-сыныпта оқитын інім бар. сол інім осы байқауға қатыса алады ма?

    1. Erketai (автор)

      Сәлем! Байқауға кез-келген жастағы адамдар қатыса алады.

  25. Мамырғали

    Аяулы анам такырыбындағы шығармага ән ұсынуға бола ма?

    1. Erketai (автор)

      Салем! Текстік шығарма болуы тиіс.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ