Ұстаздарға мың алғыс

ustazdarga Барлық ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұстаздарды жылына бір болатын мерекелерімен құттықтау әр бір адамның өте маңызды міндеті. Өйткені үлкен басшыларда, атақты жұлдыздарда,қарапайым жұмысшыда ұстаздың тәрбиесін алған.

Қымбатты да, қадірлі  ұстаздар қауымы осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті  атқарып жүргендеріңізге көп рахмет айтамыз.

Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге  дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.

ustazdarga-tilekОсы алған білім нәрі балаға бүкіл қалған өмірінде азық болады. Біздің көзіміздің ашықтығы, жұмыс жасап жүргеніміз, басқада жетістіктерге жетуіміз Ұстаздарымыздың арқасында. Егер ұстаздарымыз жылдар бойы бізді ерінбей, шаршамай білім нәрімен сусындатпағанда дәл бүгінгідей жетістіктерге жетуіміз екі талай болар еді.

Сондықтан да осынау тамаша күнде барлық Қазақстандық ұстаздар қауымына өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрқашанда жүздеріңізден күлкі кетпей, тәрбиелеп шығарған балаларыңыздың құрметіне бөленіп жүре беріңіздер. Ешқашан жаманшылық көрмей тек қуанышты күндеріңіз көп болсын.Осы атқарып жүрген қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметтеріңіздің тек жемісін көріңіздер. Отбасыларыңызға бақыт-береке, мол табыс тілейміз.

Құрметпен, Еркетай сайты

Бағасын беріңіз
( Пока оценок нет )
Пікірлер11
  1. Гүлдаурен

    Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады.

  2. Айгерим

    Ұстаздарға жылы лебіздер ешқашан артық етпейді!Ұстаздарға жазған тілектеріңіз бен ойларыңыз маңызды

  3. Райхан

    Ұлағатты Ұстаздарға тигізіп жатқан пайдаларыңыз өте көп! Керемет!Сіздерге рахмет!

  4. Айдана

    Құрметті Еркетай сайты сіздерге көп рахмет, қызығы мен қиындығы қатар жүрер мамандықтың иелері ұстаздар қауымына жасап жүрген көмектеріңізге мың алғыс!

  5. Гульжиан

    Сәлеметсіздерме! Сайттың берері өте зор.

  6. Қанатова Аққу

    ұстазы жақсының ұстамы жақсы диді дана халқымыз. Біздің оқушылардың көңілінен шығып жақсы ұстаз болып қалыптасуымызға сіздердің зор еңбектеріңіз бар.

  7. Айжамал

    Ұстаздарға үлкен көмегін береді
    керемет дүние

  8. Гулдана

    Құрметті Еркетай сайты сіздерге улкен алғыс.Ұстаздарға деген құрмет

  9. Ұлжалғас

    Жақсы жазылған. Ұстаздарға үлкен көмегін береді.

  10. жанбота

    керемет жазылған ұстазға деген құрметті қалай көрсету туралы жақсы жазылып айтылғын!

  11. Алма

    Құрметті Еркетай сайты сіздерге мың алғыс.Сіздердің көмектеріңіздің арқасында, керекті ақпаратымды ала алам,сонымен бірге сіздерге де табыстар тілеймін.

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ