Қыз-келіншектерге арналған байқау!

baikaugaБайқау тақырыбы:  «Қыз-келіншектерге арналған пайдалы кеңестер»

Құрметті, Еркетай сайтының қонақтары мен достары!Көптен бері сайтымызда дәстүрге айналған әр түрлі сайыстар мен байқаулар шеруі тоқтап қалған болатын.Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Еркетай сайты жазба байқауын жариялайды. Бұл жолғы байқаудың тақырыбы «Қыз-келіншектерге арналған пайдалы кеңестер».

Байқау шарты:

Жазбаңыздың тақырыбы мәніне сай болуы тиіс.Байқауға қатысатын жазбаңыздың оқырманға берілуі кеңес түрінде яғни, өмірлік тәжірибеңізге негізделген немесе шын мәнісінде пайдалы кеңес болуы тиіс.Авторлар байқауға бірнеше тақырыптағы жазбасын жіберуіне болады.Сайт администрациясы байқау тақырыбына сәйкес келмейтін немесе байқауға лайықты емес деп таныған кез-келген жазбаны ешқандай түсінік берусіз байқауға қабылдамауға құқылы.

  Жазбалар мына төменде көрсетілген тақырыптардың бірінің төңірегінде жазылуы керек.

  1. Жүкті әйелдерге арналған кеңестер.
  2. Бала тәрбиесіне арналған кеңестер.
  3. Сұлулықтың сырлары(шаш өсіру, арықтау, әжімді кетіру,кірпік өсіру т.б)
  4. Қолөнер( бұл тақырыпта жазылған жазба фотосуреттерімен бірге болуы тиіс)
  5. Тағамдардың дайындалуы(бұл тақырыпта жазылған жазба фотосуреттерімен бірге болуы тиіс)

Ескерту: Жазбаңызға арнайы атау(тақырып) қойыңыз. «Бала тәрбиесіне арналған кеңестер» деп жаза салу жарамайды!

Қатаң сақталуы тиіс талаптар:

  1. Жазба бұрын соңды еш жерде жарияланбаған және интернеттен алынбауы тиіс.(Арнайы бағдарлама арқылы тексеріледі)
  2. Жазбаның көлемі кем дегенде А4 парағының бір беті болуы керек.
  3. Жазбаның авторы тек сіз болуыңыз керек.
  4. Жазба жалпыға түсінікті тілде қатесіз болуы тиіс.

Байқаудың жүру уақыты.

09.09.2016 — 30.09.2016 аралығында байқауға қатысатын жұмыстар қабылданады.

01.10.2016 – 30.10.2016 аралығында байқауға қатысушы жұмыстарға дауыс беру жүреді.

Дауыс беру әдісі.

Дауысты жазбаның төменгі бөлігінде көрсетілген Вконтакте немесе Фейсбук батырмаларымен бөлісу арқылы беруге болады.Осы әлеуметтік желілерде ең көп бөлісілген жазба жеңімпаз болып танылады.

Сыйлықтар.

1-орын алған жазба иесіне 10 000 тг ақшалай сыйлық.

2-орын алған жазба иесіне 5000 тг ақшалай сыйлық.

3-орын алған жазба иесіне 3000 тг ақшалай сыйлық.

Сыйлықтар жеңімпаздар анықталып, аты-жөндері сайтта жарияланған соң 24 сағаттың ішінде жіберіледі.

Сыйлықты жеткізу жолдары:

  1. Банкомат карточкаңызға немесе кез-келген ұялы телефон операторыңыздағы номеріңізге бірлік (единица) түрінде қалауыңыз бойынша алуға болады.

Жазбаны hat@erketai.kz немесе erketaikz@mail.ru электронды почтасына жіберіңіздер. Жазбаның астыңғы бөлігіне автордың толық аты жөні жазылуы тиіс.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер6
  1. Исмаилова Алма Ораковна

    керемет

  2. Ирода

    Өте керемет жазылған жұмыстарыңызға сәттілік

  3. Ахмеденова Нағима Төлепқызы

    Тағылымы мол,берері мол байқауларыңызды көптеп ұйымдастыра беріңіздер.Өте жақсы таңдалған тақырып.Шығармашылық табыстар тілеймін!

  4. Гүлдаурен

    «Сөз анасы — сәлем» дер дана халқым,
    Өмір бойы сыйлап өскен ата салтын.
    Сәлем бердім баршаңа, оқырмандар,
    Деніңіз сау, жүзіңіз болсын жарқын!
    Қыз — өсіру ата — ана ізгі арманы- деп бұл сайыс өте қызықты болмақ

  5. Гульжиан

    недеген керемет жаңалық

  6. кырмызы

    Калай ойнай ын

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ