Жатыр миомасы- бұлшық ет тінінен дамитын қатерсіз ісік. Даму себептері әлі күнге дейін белгісіз. Бұл ісіктер бұлшық ет тіндерінің дисгормонды гиперплазиясы нәтижесінде дамиды, өйткені бұл ауру гормонды бұзылулармен, жыныс гормондарының бұзылуымен тығыз байланысты. Жатыр миомасы 30 жастан асқанда, репродуктивті кезеңде жиі кезедеседі.
Бұл кезеңде клиникалық белгісіз өтеді, үлкен емес өлшемді болады және дәрігерлік алдын-алу қарауында /проф. Осмотр/ анықталынады. Әйел организмінде өтпелі кезең басталғанда, бұл кезде аналық гормонды қызметінде жас шамасына сәйкес өзгерістердің байқалуына байланысты, жатыр миомасының өсуі күшейе түседі, кейде клиникалық белгілері де күшейе түседі.
Менопауза басталғанда және аналық бездің қызметі әлсірегенде жатыр миомасы өсуін тоқтатады, кейде түгелімен жойылып кетеді. Жатыр миомасы морфологиялық жағынан миометрийден тұратын капсула ішіндегі жеке түйін ретінде сипатталады. Көлемі әртүрлі болады, диаметрі бірнеше миллиметрден 20-30 см-ге дейін барады.
Әрбір түйін бұлшық ет және дәнекер тіндерінен тұрады, оның саны жатыр қабырғасында орналасқан түйіндер тереңдігіне байланысты. Миоматозды түйіндер бірінші рет бұлшық ет қабатының ең ішінде орналасады /бұлшық ет аралық, интерстициальды түйіндер/.
Миома түйіндері кейде жатырдың шырышты қабат астына қарай өседі /субмукозды түйін/. Бұл түйіндер жұмсақ келеді, көп бұлшық ет элементтерінен тұрады, жатыр қуысына сәл шығып тұруы мүмкін, кейде жатыр қабырғасын созып, ішін толық толтырып тұрады.
Түйіндер жатыр қуысы жағынан оның шырышты қабатымен қапталған, жатыр қабырғасымен тек аяғымен немесе кең негізгі түбімен байланысады. Егер түйін жатырдың іш пердесінің жабындысына қарай өссе, онда іш пердесі астының түйіні пайда болады, ол жатырмен нәзік аяғымен не кең негізді түбімен байланысады.
Бұл түйіндер көптеген фиброз тінінен тұрады, консистенциясы қатты болады.Барлық қапталына қарай біркелкі өсетін түйін интерстициальды болып қалады. Миома түйіндері жатырдың әртүрлі бөлігінде, түбінде, денесінде, мойын арасында және мойнында орналасады.
Мойын аралық түйіндер жатыр бүйірінде, жатырдың кең сіңіріне қарай өсіп, оның екі парағының арасында орналасады. Жатыр миомасы сирек жағдайда жекеленген түйінді ретінде кездеседі, жиі көп түйінді /2-3-тен 20-ға дейін және онан да көп/ болып келеді. Бұлар әртүрлі көлемді, консистенциялы және әр жерде орналасады, жатырдың пішінің тез өзгертеді.
Жатырдың көлемін үлкейтеді, беті тегіс емес кедір-бұдырлы болады /жатырдың көп миомасында/. Миомада, әсіріесе шырышты асты және интерстициальды түйіндерде жатыр қуысының іші де өзгереді. Перде асты түйінінің жекеленген түрінде жатыр қуысының іші өзгермеуі мүмкін.
Интерстициальды түйіндерде жатыр қуысының іші түйінмен толық жазылады, көлемі кішірейіп, нығыздала түседі. Гормонды өзгерістерге байланысты жатыр миомасы жиі эндометрий гиперплазиясымен тығыз байланысты. Аналық бездер бұл жағдайда майда кистозды өзгерістерге ұшырайды.
Клиникалық суреттемесі. Науқастың шағымы: қан кету /жатырдан/, ауру белгісі, көрші мүшелер қызметінің бұзылуы, ақ бөліндінің келуі және бедеулік болып табылады. Жатыр миомасында қан кету көбіне циклды /меноррагия/ түрде өтеді, етеккірі ұзаққа созылады /7 күннен асады/ және күшейе түседі.
Қан кетудің себебі: жатырдың жиырылу қабілетінің бұзылуы, шырышты қабаттың, етеккір келу бетінің ұлғаюы, эндометрий гиперплазиясы, қанның ұю қасиетінің өзгеруі /жергілікті, жатыр маңайының/ болып табылады. Меноррагия түйіннің шырышты асты және интерстициальды орналасуына тән. Қан кету ациклды да болуы мүмкін/метроррагия/.
Бұл шырышты асты түйіннің шырышты қабаттың некрозында, жатыр мойнының ішкі ернеуіне жақын орналасқан, әсіресе ісіктің төменгі полюсінде байқалады. Миомадағы метроррагия, сонымен қатар жатырдың шырышты қабатындағы қосымша патологиялық процестерге де байланысты болады. Бұл жағдайдағы қан кету миома белгісіне жатпайды.
Ациклды қан кетуде жатырдың шырышты қабатына жекеленген диагностикалық қыру жасалады. Жатыр миомасының субсерозды түрінде қан кету байқалмайды. Жатыр миомасындағы қан кету ұзаққа созылады, осы тұста қан аздық байқалады.
Мұндай науқастар, әсіресе етеккір кезінде әлсіздікке, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, басы ауырып, айналатындығына, жүрек соғысына, ентігіп, ісіңігіне шағымданады. Миомада ауру белгісі интралигаментарлы және мойынша түйіндерімен жүйке шоғырының қысылып қалуы нәтижесінде, туылып келе жатқан шырыш асты түйінмен басылып қалғанда, ісік некрозында байқалады.
Туылатын шырыш асты миомада жатырдың жиырылуы байқалады, ол толғақ тәрізді іштің төменгі бөлігінің ауруымен өтеді. Басында ауру белгісі етеккір кезінде пайда болады, ал кейін етеккір арасындағы кезеңде де тоқтамайды. Қысылып қалғанда немесе некрозға байланысты туатын ауру белгісі тұрақты болады және жәйләп күшейе түседі, ісіктің некрозында біртіндеп перитонит байқалуы мүмкін және ауру белгісі бүкіл іш бойына тарайды.
Көрші мүшелер қызметінің бұзылуы оның қысылып қалуында, үлкен өлшемді миомалардың әдеттегі орналасуының өзгеруінде, түйіннің төмен орналасуында байқалады. Кіші дәрет жиіленеді не жүрмей тоқтап қалады. Несеп жолдары интралигаментті түйінмен қысылып қалса, бүйрек түтігімен кіші дәреттің өтуі бұзылады, ол бел маңайының ауруын туғызады.
Жатыр мойнының артқы жағында орналасқан ісіктер іштің қатып қалуына әкеледі, ал үлкен өлшемді ісіктерде және оның кіші жамбаста қысылып қалуында ішектің түйілуі байқалады. Миомада ақ бөлінді сирек болады, субмукозды түйінде су тәрізді сұйық бөлінеді.
Миомадағы бедеулік гормонды өзгерістер мен жатыр бұрыш маңайындағы түтікшенің қысылып қалуына байланысты. Миомасы бар науқастарда жүктіліктің болуы мүмкін, бұл анықтау және емдеу барысына қосымша қиыншылықтар туғызады. Кейде миоманың клиникалық белгісіз өтуі мүмкін, науқастың шағымы жоқ болады.
Миоманың обьективтік белгілеріне жатырдың үлкеюі, оның тығыздалуы, бұдырмақты өзгеруі, жатыр қуысының және оның рельефінің өзгеруі, ұзаруы жатады.
Сонымен қатар қан аздықтың, уланудың және ісіктің некрозында перитониттің белгілері /тері қабының бозаруы, тамыр соғысының жиіленуі/ пайда болады.Миомадағы жатырдың көлемін көп жағдайда жүктілік кезіндегі жатыр көлемімен салыстырады.
Анықтау жолдары. Жатыр миомасын анықтауда науқастың шағымын, жан ұялық миомаға бейімділігін-тұқым қалаушылық факторын, жыныстық жетілу және етеккірдің тұрақтану кезеңдеріндегі етеккір қызметінің өзгеруін, босану және түсіктің асқынуларын, бедеулікті, гинекологиялық ауруларын білудің маңызы зор.
Жалпы обьективтік тексеруде тері қабығы мен көзге көрінетін шырышты қабаттың бозаруы не сарғаюы, аяғының ісуі, ентігуі, жүрек соғуы /қосымша қан аздық ауруы/ анықталынады. Етеккір келгеннен кейінгі қанның жалпы анализінде эритроцит пен гемоглобиннің мөлшері төмеңдейді.
Созылмалы қан аздықта жүректің шекарасы кеңейіп, систола кезіндегі шуыл пайда болады, жүректің тоны бәсеңдейді. Үлкен көлемді миомада іштің көлемі үлкейеді, сипалау кезінде төменгі полюсі кіші жамбасқа енетін бұдырмақты тығыздалған ісік сезіледі.
Гинекологиялық тексеру кезінде жатыр үлкейіп тығыздалған, бұдырмақты, дұрыс емес пішінді, аздап ауырады, не ауырмайды. Миоманың асқынуы көп жағдайда шырыш асты және перде асты түйіндерінде кездеседі. Туылып келе жатқан шырыш асты миомаға қан кету және толғақ тәрізді ауыру тән, ал түйін некрозында дене қызуы көтеріледі және қынаптан іріңді бөлінді бөлінеді.
Айнамен қарау кезінде тартылып созылған сыртқы ернеумен жатыр мойыны анықталынады, онда ашық-қызыл /эндометрий/ не қоңыр /түйін некрозында/ түсті ісіктің төменгі полюсі сезіледі. Кейде жатыр мойнын көруге мүмкіншілік болмайды, қынапты ісік түгел толтырып тұрады. Бөлінді көп, қанды немесе өткір иісті, іріңді болуы мүмкін.
Екі қолмен тексеру кезінде барлық жағынан жатыр мойнының ернеуін орап жатқан, қыры жұқаланған жұмсақ ісік анықталынады, бұл жағдайда ісіктің аяғы жатырдың ішіне қарай кеткен. Жатырдың денесі қалыпты өлшемдегідей /егер түйін біреу болса/ болуы мүмкін немесе үлкейген бұдырмақты /көп түйінді миомада/ келеді.
Миома ұзаққа созылса түйіннің іріңдеуі, жатыр жамбас пердесінің қабынуы, сепсистің дамуы мүмкін.Субсерозды миома түйінінің аяғына оралуы кенеттен байқалады, ол оның қанмен қамтамасыз етуін бұзып, некрозға әкеліп соқтырады. Түбі кең негізді, сонымен қатар интерстициальды түйіндер де түйін капсуласына әкелетін қан тамырында тромбының пайда болуына байлнысты некрозға ұшырайды.
Түйін некрозы тұрақты, өте күшті, үдей түсетін ауру белгісімен, улану /дене қызуының көтерілуі, тамыр соғысының жиіленуі, тілінің құрған, ағаруы/, перитонит белгілерімен /іш қабырғасының қатайып ауруы, іштің кебуі, ішек қимылының-перистальтикасының жоқтығы/ өтеді.
Миома өте сирек жағдайда қатерлі ісікке /жатыр саркомасы/ жалғасады. Бұл диагнозды ісіктің тез өсуінде, оның менопаузадан кейінгі кезеңде өсуі, қан аздықта, науқастың себепсіз әлсіреуінде теріске шығару қажет. Миоманы және аналық без ісігінен айырмашылығы, миомада ісік жатыр мойнының жалғасы іспеттес, өте қатты, жатырдың ұзындығы ұзарған /зондпен тексеру барысында/, ал ісіктің жылжғандағы қозғалысы жатыр мойнына беріледі /қысқыштармен сынау барысында/.
Миоманың жүктіліктен айырмашылығы, жүкті жатыр өте жұмасақ келеді, пішіні овоид тәрізді, жатыр мойны мен қынап көгерген, баланың қозғалысы сезіліп, жүрек соғысы естіледі. Түсініксіз жағдайларда кіші дәрет /зәр/ құрамындағы XГ мөлшері анықталынады, ультрадыбысты тексеру жүргізіледі.
Тубоовариальды қабыну ісігіне тән белгілер: екі қолмен тексеру барысында жатыр қосалқысы қозғалмайды, ауырады, біркелкі емес, жатыр миомасын анықтауда түйіннің орналасуын дәлдеу қажет, жатыр мойнының, эндометрийдің, аналық бездің жағдайлары ескеріледі.
Осы мақсатта қосымша зерттеу әдістері: жатырды зондпен тексеру, гистеросальпингография /субмукозды түйінді анықтау үшін/, ультрадыбысты тексеру, лапароскопия /аналық бездің жағдайын, субсерозды түйін барлығын анықтау/, кольпоскопия, биопсия, цитологиялық тексеру /жатыр мойнының жағдайын анықтау/, эндометрийді жекеше қыру-диагностикалық сияқты әдістер қолданылады.
Емі. Жатыр миомасын емдеу клиникалық белгілеріне, қосымша-гинекологиялық және жалпы-экстрагенитальды ауруларына, сонымен қатар науқастың жасына байланысты.
Емі консервативті және оперативті болуы мүмкін. Оперативті өтпелі және менопаузадан кейінгі кезеңдерде, в/ үлкен өлшемді миомалар /жүктіліктің 14 аптасынан жоғары/, г/ өте күшті ауру синдромы, д/ қатерлі ісікке өту, асқынулар /туылатын түйін, түйін некрозы/, ж/ жатырдың субмукозды миомасы, з/ көрші мүшелер қызметінің бұзылуы сияқты жағдайларда қолданылады.
Миомада жасалатын операциялар радикальды және консервативті болып бөлінеді. Радикальды операцияларға жатырдың қынап үсті ампутациясына /жатыр мойнының қосымша патологиясында, мойынша миомасында/ жатады.Консервативті шара миоматозды түйіндерді сылып тастаудан тұрады, ол етеккір және бала туу қызметтерін сақтау үшін жасалады.
Бұл операцияны қынап арқылы /туылатын миомада/ жасайды, жас әйелдерде /40 жасқа дейін/ аз түйін санында ішті жару арқылы жасайды. Консервативті ем хирургиялық шара көрсеткішінің жоқтығында қолданылады. Консервативті ем симптомды ем және аналық бездің гормонды қызметін қалпына келтіруге бағытталған ем болып бөлінеді.
Етеккірдің күшеюі, ұзаққа созылуында гемостатикалық ем, жатыр жиырылуын жақсартатын дәрілер, қан аздыққа қарсы ем көрсетіледі. Ауру белгісінде спазмолитиктер, анальгетиктер қолданылады. Гормонды /прогестерон, норколуг, андрогендер/, ем функциональды диагностикалық тесттерді қадағалау арқылы жүргізіледі.
Диеталық ем /иодобромды, радонды бұлаулар/ жасалады. Жатыр миомасы анықталынған әйелдер әйелдер консультанциясында диспансерлік қадағалауда болады, жылына 4 рет, міндетті түрде дәрігер қарауынан өтеді. Осы сияқты белсенді қадағалау жұмыстары мезгілінде оперативті шара көрсеткішін анықтауға мүмкіндік береді.
Жатыр денесі саркомасының негізгі белгісі және оның емі.
Эндометриоз ауруының емі және оны қалай анықтайды.
Хориокарцинома-жатырдың қатерлі ісігі және оны анықтау жолдары
Әйел жыныс мүшелерінің рагы қанша түрге бөлінеді толық ақпарат.
Иә, әйел баласы денсаулыққа немқұрайлы қарамай күтініп жүру қажет. мақала авторына рақмет
Өзіме керекті ақпараттарды алдым, үлкен рахмет!