Жамбастың шел қабаты кіші жамбастың іш пердесінің астында және жамбас фасциясының үстінде, ішкі жыныс мүшесіне, көтеншекке және қуыққа жақын жатады. Жамбас шел қабатының әр түрлі бөліктері /параметральды, паравагинальды, параректальды,паравезикальды/ өзара бір бірлерімен бір бүтін құрап жалғасады.
Қуықты қоршаған шел қабаты алдыңғы іш қабырғасының құрсақ алды шел қабатымен, ал параректальды шел қабаты омыртқа бойымен өтіп, бүйректің маңайына дейін жалғасатын құрсақ артының шел қабатымен байланысады.
Параметрит
Жатыр айналысы шел қабатының жеке өз алдына қабынуы.Алдыңғы,артқы және бүйірлі параметрит болып бөлінеді.Параметриттің этиологиясы инфекциялы /стрептококк,сатфилакокк,ішек таяқшасы, анаэробты инфекция / болады.
Параметрит — шел қабатының диффузиялы қабынуы, бұл жағдайда лимфа және қан тамырлары да қабынады.Қабынудың алғашқы сатысында шел қабатында ісік, шел қабатының лейкоцитпен шоғырлану /инфильтрация/ байқалады.Әрі қарай параметрит келесі сатыға өтеді, майда абцестер пайда болады, олар қосылып үлкен іріңдіктерге айналады.
Бұл жағдайда қабыну процесіне параметральды шел қабатынан оның басқа бөліктеріне тарайды.Шел қабатында пайда болған абцесс қуыққа, көтеншекке, кейде алдыңғы іш қабырғасы арқылы сыртқа жарылады.
Клиникалық суреттемесі: Параметриттің клиникалық белгілері әр түрлі, көріну деңгейі де әрқилы.Әлсіздік, қалтырау, дене қызуының көтерілуі, ішінің төменгі жағынан ауруы байқалады.Кіші не үлкен дәретке шығуы қиындайды және ауырады.
Параметральды инфильтрат маңайында абцесс пайда болса, науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене қызуы жедел көтеріліп кетеді, қалтырайды, ауру күшейе түседі және сан, сегізкөзге беріледі. Егер абсцестің ішекке жарылу қаупі төнсе, үлкен дәретке шығуы қиындайды, аурумен өтеді, ішектен шырыш-шарана бөлінеді.
Абцестің жарылғандығын ішектен не кіші дәретпен ірің бөлінетіндігінен байқауға /кіші дәретпен ірің көрінсе-қуыққа жарылғаны/ болады.Мұнан кейін науқастың жалпы жағдайы жақсарады, ауруы азайып, дене қызуы төмендейді.Кейде клиникалық жазылу байқалады.Параметрит ұзаққа созылады, науқасты әлсіретіп жүдетеді.
Кейде процесс белгілі-бір мезгілге өшіп, қайта болады, олар жатырдың , оның қосалқысының орнын өзгертеді, ол ауыртып, ішкі жыныс мүшесінің қызметін бұзады.
Анықтау: Параметриттің клиникалық суреттемесіне негізделеді.Обьективтік тексеруде қабынуға сәйкес уланудың белгілері-ден қызуының көтерілуі,тамыр соғысының жиіленуі, тілі құрғап ағарады,эритроциттің тұнбаға түсу жылдамдығы өеді, лейкоцитоз, лейкоцит формуласының ығысуы байқалады.
Ішті сипалау кезінде оның қатайғандығы, қозғалмайтындығы, ауыратындығы, мықын сүйегінің ішкі бетіне жақын орналасқан /жиі бір жағынан/ инфильтрат анықталынады.Перкуссия жасағанда инфильтрат маңайында дыбыс бәсеңдеген, неркуторлы және сипалау шекаралары сәйкес келеді.
Гинекологиялық зерттеу кезінде жатыр ығысқан /дені сау жағына/,оның бүйірінде қынаптың бүйір/кейде алдыңғы және артқы/ күмбезін тегістеп не томпайтатын инфильтрат анықталынады. Инфильтрат басында жұмсақ болады, кейін қатая түседі,ал іріңдегенде онда жұмсақ бөлістері пайда болады.Инфильтрат қозғалмайды, сипағанда аздан ауырады.Сипаланда жатыр және оның қосалқысында өзгеріс байқалмайды.
Параметрит және түтікше-аналық без абцесін, ісіктер,пельвиоперитонитті бір-бірінен айыра білу қажет.Параметриттен айырмашылығы, пельвиоперитонитте науқастың жалпы жағдайы күрт өзгереді,іш пердесінің тітіркену құбылысы жақсы жетілген. Екі қолмен тексеру кезінде экссудат жиналуына сәйкес артқы күмбез төмен салбырап түсіп тұрады.
Параметральды инфильтарттан айырмашылығы, түтікше-аналық без абцесінің контуры ашық және жамбас қабырғасына дейін жетпейді.Аналық бездің ісігі параметральды инфильтарттан айырмашылығы, сипалау кезінде контуры ашық, эластикалы, қозғалатын, ауырмайтын болып келеді.
Қатерлі Инфильтратты /ракты/ параметриттен анамнез, қарау және жатыр мойның сипалау мәліметтер негізінде ажыратады. Бұл жағдайда қатерлі процесті табалы немесе оның қатерлі процеспен зақымдануына күлік туады.
Емі: Параметритті ісік және инфильтрация сатысында емханада емдейді.Төсекті режим сақталынады, іштің төменгі жағына мұз қою және қынап гипотермиясы жасалынады.Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық қажет, жеңіл тағам /тағам жеңіл қорытылатын, витаминдерге мол болуы керек/ беріледі, көп сұйықтық қажет.
Науқасты күтудің маңызы зор. Егер науқас тағамды өзі іше алмаса, оны тамақтандыру керек. Ауыз қуысының /тісті тазарту керек/, терінің /денені ароматты сірке қышқылымен, спирт қосылған сумен сүрту керек/ күтімі қажет.Комплексті ем бактериияға қарсы не антибактериальды, десенсибилизация, улануға қарсы-дезинтоксикалық /пункция, дренаждау/ босатады.
Жатыр қосалқысының қабыну ауруларының емі және белгілері.
Аналық без және жатыр түтікшелерінің рагы анықтау және алдын-алу.
Жыныс мүшелерінің дәнекер және кіші жамбастың шел клеткасы.
Әйелдің жыныс жүйесінің жоғарғы бөлігінің соз ауруының белгілері.