Медициналық деонтология

Медициналық деонтология /гректің деон-борыш, міндет, логос-ілім/ медицина қызметкерлерінің борышы, парызы, міндеті. Этика мен деонтология ілімдерін зерттеп, егжей-тегжейіне дейін оқымайынша мейірбике, аяжан мамандарын дайындау мүмкін емес.

Этика-мінез-құлық ережесінің жиынтығы. Ол дәрігер мен ауру, аурудың туған-туыстарымен медицина қызметкерлерінің арасындағы қарым-қатынасты, тұрмыстағы мінез-құлық ережесін қамтитын ең жоғарғы адамгершілік қасиет. Дәрігерлік деонтология-медицина қызметкерлерінің міндеті, борышы, мінез-құлық ережесінің тәртібі, ол емнің ауру адамға көп көмек келтіруіне бағытталған ілім, сондықтан да ол этиканың бір бөлігі.

Акушерлік-гинекологиялық мекемелердегі мейірбике, аяжан жұмыстарында деонтологияның алатын орны ерекше. Олардың барлық аурулармен қарым-қатынасы бірдей, әрі кішіпейіл, ақ жарқын, ұстамды болулары керек. Орта және кіші буын медицицна қызметкерлеріне аурудың атын, емдеу жолдарын, операцияның қорытындысын ауру адамға айтып түсіндіруге болмайды. Бұл жөніндегі мәліметтерді тек қана дәрігер бере алады.

Мейірбикенің сыртқы пішініне /кейпі/ оның қайырымдылығы, киімдері мен қолдарының тазалығы жатады. Ауру адамдар мейірбикенің тікелей бақылауында болады. Сондықтан аурудың жағдайы жөнінде мезгілінде дәрігерге хабарлап отыруы қажет. Емдеу шараларын тек қана дәрігер белгілейді, сондықтан мейірбике, аяжан өз бетінше ауруларға дәрігерлерді беруіне қатал тыйым салынады.

Дәрігердің ауруларды аралап шығуынан бұрын, мейірбике ауоуды қадағалаудың қорытындысын, аурудың жағдайын, көңіл-күйін дәрігерге хабарлап жеткізуі керек. Ауруларды аралап шығу кезінде мейірбике дәрігердің назарын алаңдатып, басқа жұмыстарды орындамауы тиіс. Акушерлік-гинекологиялық мекемелерде жұмыс істейтін мейірбике кейбір сұрақтар төңірегінде, әсіресе, өмірдің сырластық қарым-қатынасы, жыныстық мәселелерін анықау кезінде әдеп сақтаулары керек.

Акушерлік-гинекологиялық емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін мейірбике аурулардың хал-жағдайларының, көңіл-күйлерінің ерекшеліктерін ескерулері керек. Кейбір сәттерде, аурулардың көңіл-күйлері күрт өзгеріп, төмеңдеп кетуі мүмкін.Бұл емдеу бөлмелерін тазалап жуу, тамақ бөлістіру кезінде, жай сөйлеп, тыныштық сақтауды талап етеді.

Акушерлік-гинекологиялық аурулармен ауыратын әйелдерді жағымсыз, көңілге қонымсыз хабарларды ескертуден сақтау керек.Орынсыз хабарланған жағымсыз жәйттер кейбір жүрек ақаулары, қан қысымының көтерілуі және жүктілік кезіндегі аурулары бар әйелдердің жағдайларын төмендетіп, ауруларын қоздыруы мүмкін.

Бүкіл медицина қызметкерлері ана мен бала өміріне жауапты екендігін есте сақтаулары керек. Акушерлік-гинекологиялық мекемелерде қызмет ететін  мейірбике, аяжандар өздерінің кәсіби шеберліктерін, терең білімдерін, қарапайым, кішіпейіл қасиеттерін, сыртқы  пішінін, сүйкімді қылықтарын көрсете алатын, адамгершілігі мол, дәрігердің көмекшілері болып табылады.

Медицина қызметкерлері арасындағы субординация қатң сақталуы тиіс. Науқас күтуді дұрыс ұйымдастыру,  дәрігердің тағайындаған емін бұлжытпай орындау, оларға қамқорлықпен қарау-науқас емінің жетістігін көрсетеді.

Ауылдық жерлердегі гинекологиялық көмек түрлері.

Гинекология саласындағы әйелдерге көрсетілетін қызмет түрлері.

Мамандандырылған гинекологиялық көмек кімдерге көрсетіледі.

Жанұялық дәрігерлік амбулатория қызметінің ережелері.

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ