Балаларға базарлық қызықты ертегілер топтамасы

 Мақтаншақ Бақа (ертегісі)

Құрлықта секіріп ойнап жүрген бақа не істерін білмей іші пысады.Судан өзінің бейнесін күнде көріп,әдетінше:
-Мен сондай әдемімін.Бәрінен мықтымын.Мен сияқты ешкім ән сала алмайды,-деп қарлыққан даусын созып, мәз болады.Оның қайталанған әнінен мезі болған құрбақалар құр мақтануын тоқтатудың жолын іздейді.
-Сен біздің мазамызды алып біттің, дәлелсіз мақтануыңа кім сенер,егер мықты болсаң кәне өзіңнің әншілігіңді сынар байқау өткізейік.Егер сен жеңсең жолыңа тұрмаймыз.Ал жеңіліс тапсаң бұл өнеріңді қоятын боласың? –деген сауал қояды.Байқау жарияланып,ең мықты әншімін деген атаққа лайықтылар жиналады.Құс атаулының әншісі Бозторғай,биші Шортан да,сылаңдаған Кесіртке де ,тағы басқа қатысушылар бағын сынайды.Өзінің әдемі даусымен ,сыңғырлаған үнімен даланы тебіренткен бозторғай барлығының көңілінен шығып қуаныш сезімге бөлейді.Бақаға кезек келгенде бақылдаған ащы даусынан кейін ,оны ешкім тыңдамай өздері әңгіме дүкен құрады.Мақтауға іліккен Бозторғай сайыстың жеңімпазы болып табиғаттың жыршы құсы атаныпты.Мақтаншақ Бақа өзінің әншілігін ел алдында дәлеледей алмай,жеңілгенін мойындап ән салуын тоқтатыпты.

қызықты ертегілер жинағы

Ақыл мен Білім (ертегісі)

Ертеде Ақыл мен Білім деген екі дос болған екен.Балалар екеуміздің қайсымызды бірімізді керек етеді екен деп ойланып отырып,олардың ортасына барады.Сонда баланың бірі :

-Мен күнде екілік аламын,ата-анамнан сабақ оқи алмағаным үшін таяқ жеп,бұрышқа тұрамын.Маған керек десең ең бірінші білім керек.Менің басыма кірші,білімді қылшы ,- деп жалыныпты.Білім ойланып,баланың жауабын тыңдаған соң :
-Жарайды егер шешкенің осы болса ,-деп баланың басына қонады.Сол күннен бастап әлгі бала сабақтан күнде бестік алып қайтады.Ата-анасы аң-таң.Бұл қалайша болғаны,біздің бала үйде мүлдем кітаптың бетін ашпайды,ал күнделігі төрт пен бес.Мүмкін мұғалімінің түсіндіргенін ұғып,айтатын да болар деген болжам жасайды.Достары да таңғалады.
-Қалайша ол күнде екіден көз ашпайтын, енді бестікке қалай қолы оңай жетті?-деген сұраққа жауап таба алмайды.Бала қиналмай бестік алғанына мәз болып жүреді.Күндердің бір күнінде көшеде кетіп бара жатқан балдақты қария аяғы тайып кетіп құлап қалады.Бала оған мән бермей өз бетімен ойнап отыра береді.Ал жанындағы балалар қарияны қоршап көмектесіп жатады.Келесі күннің бірінде бір әжей баланың қасына барып:
-Балам,көзімнің нашар көретіні бар ,мына қолымдағы ақшам алпыс теңгеге жеткілікті ме,санап берші,автобусқа мінуім керек еді,-деген екен.Бала барып әжейдің қолындағы ұсақ теңгелердің ішінен ешбір санамай жүз теңге ұстата салады.Бұл өзінің әжесі еді,немересін сынап,іс-әрекетін байқап жүреді.Содан үйге келгесін кешкісін ұйықтап жатқанда баланың басына қонған білімі ақылға хабарласып:
-Ақыл,мен шаршадым,мына бала мені басына қондырып білімін арттырады ма десем,санасыз екен,әр істі оймен,ақылмен шешіп орындамайды екен.Ақымақ баланы ,бірден білімді ете алмаймын.Ол білімге оңайлықпен еңбектенбей қол жеткізе алмайды.Дереу сенің көмегің керек деп хабарласып ,орын алмастыруға шақырады.Таңертеңгісін бала тамақтанып отырып әдепті сөйлеп,үлкендерге көмектесіп,алғыс сөздер естіпті.Ақылды болып,жұмыстанып ,сонда ғана білімге қол жеткізетінін ұғыныпты. «Ақыл –білімнен жоғары» деген рас екен.

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы Бастауыш сынып мұғалімі
Дайындаған:Сандибаева Жаннат Калидоллаевна

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Гулмира

    Ертегілер қазіргі балалар үшін өте қажет дүние,бірақ осы ертегіні оқитын бала болса?барлығы қазір телефонға кіріп кеткен.

  2. Асель

    Ойландыратын ертегі…кызым жоғары қызығушылығымен оқып шықты. Рахмет

  3. Бактыбаева Молдир Балгабаевна

    Мәңгілік еліміздің Мәңгілік тілі.
    Тілім менің қазынам, қасиетім
    Қасиетім бар бас иетін.
    Тілі жоқтың түрі жоқ,
    түбірі жоқ.
    Бола көрме, Ана тілім,қасіретім!

    Мен Қ.Өскенбаев атындағы Қима орта мектебінде оқимын. 10-сынып оқушысымын. Менің ана тілім-қазақ тілі. Қазақ тілі-мемлекеттік тіл. Мен өз тілімді, елімді мақтан етемін. Еліміздің болашағы-қазақ тілінде. Бүгінгі таңда біздің елімізді бүкіл әлем таныды. Биыл, 2017 жылы, біздің елордамызда ЭКСПО-2017 өтті. Қазақстан туралы, қазақ халқы туралы әлем халқы білді, танысты. Менің елім-көп ұлтты Қазақстан. Менің ауылымда, бүкіл Қазақстан жерінде қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Елбасымыз өз жолдауында «…ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды» деген сөздерін барша қазақстандықтар түсіне білді. Қазақ тілі-бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Мен полиглот болуды армандаймын. Көп тіл білген-ғажап. Елбасымыз үш тілді білу керек дейді. Өзге тілді білгенде, басқа халықтың мәдениетін, тұрмысын,салтын білесің. Біздің Қазақстан-тәуелсіз ел. Тіл тәуелсіздігі Мәңгілік елде мәңгі болуы керек. Тіл жоғалса, ұлт жоғалады. Сондықтан, ғасырлар бойы талай қиыншылықтан өтіп, тәуелсіздігін алған жерімізді, тілімізді сақтауымыз керек. Қазақ тілі, әдебиет сабақтарында біз, оқушылар, қазақ тілінің байлығын, құдіретін ұстаздар арқылы көреміз. Ұстаздарымыз қазақ тілі сабағында, сыныптан тыс шараларда біздің бойымызда патриоттық сезімдерімізді тудырады. Қорыта келгенде, ұлы ата-бабаларымыз, ақындар жырлаған ана тіліміз, қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болсын деп армандаймын, соған сенімдімін! Қазіргі таңда жыл өткен сайын тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.
    Тіліміз де Мәңгі, Еліміз де Мәңгі бола берсін!

    Жақсы ауданы. Қ.Өскенбай атындағы Қима орта мектебінің
    10 сынып оқушысы: Сыздыкпаева Жанар
    Мұғалімі: Нургалиева А.Л.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ