Ақылы асқан Андрей

Баяғыда әр нәрсеге әуес, бәрін білгісі келіп тұратын Андрей деген  бала болыпты. Нені көрсе де, нені естісе де, соның бәрін білсем деп, үлкендерден қайталап сұрауға, өзі зерделеп барлауға тырысады екен. Мысалы, аспанда бұлттар көшіп барады… Олар қайдан келген? Қайда көшіп барады? Деревняның арғы жағында өзен ағып жатыр… Ол қайда ағып барады? Орман өсіп тұр… Ол ағаштарды кім отырғызған? Құстардың қанаты бар, олар емін-еркін ұшып қонады… Ал адам неге ұша алмайды?…

Адамдар оның сұрақтарына шамалары келгенше жауап беріп жүреді, бірақ келе-келе өздері де не жауап қайтаратындарын білмейді. Сөйтіп:

  • Сен бала Андрей емес, дана Андрей болғың келіп жүр ме? Бәрін түгел білуге бола ма екен? — деп өзін келеке ете бастайды.

Алайда Андрейдің бәрін білуге болмайды дегенге сенгісі келмейді.

  • Күннің өзіне барамын, — дейді ол. — Күн сәулесін төгіп тұрады, бәрін көреді, бәрін біледі. Менің білмейтінімді мүмкін Күн айтып беретін шығар?

Содан Күннің түнейтін жерін іздеп жолға шығады.

Жүріп келеді, жүріп келеді. Бір кезде алдынан тастың үстінде отырған бір адам кездеседі. Ол жұрттың бәрінен: «Мен мына тастың үстінде әлі де отыра беремін бе?» деп сұрайды екен.

Оның сұрағына Андрей де жауап бере алмайды.

Әрі қарай жүріп кетеді. Алдынан тағы біреу кездеседі. Ол иығымен шарбақ-дуалды тіреп тұр екен.

  • Неге тұрсың, ағасы? — деп сұрайды одан Андрей. — Ескі шарбақты неменеге иығыңмен тірейсің?
  • Білмеймін,- дейді әлгі адам. — Мүмкін, сен білерсің, айтшы?
  • Егер мен білетін болсам, бәрін білетін біреуді іздеп шықпаған болар едім ғой, — дейді Андрей.

ақыл туралы ертек

Тағы да жүріп келеді. Біраз уақыттан соң қоқысты қағыстырып жатқан бір адамға кезігеді.

  • Ағатай, қоқысты не үшін бұлай қопсытып жатырсың?
  • Білмеймін.
  • Мен де білмеймін. — Андрей әрі қарай жүріп кетеді.

Аз жүрді ме, көп жүрді ме, кім білсін, Андрей бір кезде қалың жынысты

орманға тап болады. Күні бойы орман ішімен жүріп отырып, күн бата алаңқайға шығады. Кенет оның көзін қатты жарық шағылыстырады: ол алаңқайдан төгілген жарқыл екен. Көзін сығырайта қараса, жақын маңайдан күн сарайларының оттары маздап тұрады. Ол сарайға кірген бойда жаңағы шұғылалы жарықтар көрінбей кетеді. Көзін үйретіп, жан- жағына қарағанда, орындықта шынтақтап отырған Күннің кәрі шешесін көреді.

  • Балақай, сен мұнда неге келдің? — деп сұрайды ол.

Кемпірге иіліп сәлем берген Андрей:

  • Күннен анау-мынауды сұрайын деп келдім, — дейді.
  • Анау-мынау дегенің не туралы?
  • Өзім білмейтін нәрсенің барлығы туралы.
  • Өзің неге білмейсің оның бәрін?

Андрей өз ойын айтады, кемпір мұқият тыңдап боп, бір кезде есіней

бастайды.

  • Жарайды, — дейді кемпір, — тоқтай тұр, көп ұзамай ұлым түнеуге келеді. Оған дейін мен көзімді іліндіріп алайын, ұзақты күн шаршап, діңкем құрып қалды.

Андрей сарайдан шығады. Алау жағып, істікке шаншып, майын қызарта қуырып, ет жейді.

Тамаққа тойып алған соң шөл қысады. Су ішкісі келеді. Өзенге барып, су ішейін деп еңкейе береді. Сол кезде өзеннің түбінен көтеріліп келе жатқан қызды көреді. Қыздың сұлулығына таң қалып, көзін айыра алмай қарап қалады. Ол да Андрейден көзін алмайды.

  • Өзеннің суын ішпе, — дейді қыз, — әйтпесе Күн сені жағып жібереді!
  • Шөл қысып барады….
  • Менің соңымнан ер.

Қыз оны көне еменге алып келеді, оның түбінен таза бұлақтың суы ағып жатыр екен.

Андрей бұлақ суынан мейірі қанғанша ішеді. Осы кезде Күн де еңкейіп, өзінің сарайына қарай түсе бастайды. Андрей оған жолығуы керек, сұлу қыздан да айырылғысы келмейді.

  • Сен байқа, — дейді қыз, — Күнге мені көрдім деп айтып қойма.

Сөйтіп, қыз шарықтап аспанға көтеріліп, биіктен жұлдыз болып жарқырап тұрады.

Андрей сарайға барады. Күн жан- жағын күйдіріп жандырып тұр, сарайдың қабырғаларына дейін шытынап, жарылып кеткен. Бұлақтың суын ішіп алған Андрейді Күн күйдіре алмайды. Андрей тек көзін күйдіріп алмас үшін малақайын көзіне таман ысыра түсіріп қояды. Ол Күнге не үшін келгенін айтады.

  • Менің сені оқытып отыратын уақытым жоқ, — дейді Күн. — Бірақ барлығын да сенің

өзіңнің біліп алуың үшін жағдай жасаймын.

Күн осылай дейді де, барлық сәулелерін бір уысқа жинап, Андрейдің басына қарай шашып жібереді. Андрей сол сәтте жұмыр басында бір өзгеріс болғанын, басы қанша күйіп тұрса да бәрін айқын әрі парасатты қабылдай бастағанын сезінеді. Жүрегі мұздай суық болып кетеді…

Андрей сарайдан тыс шығады. Жүрегі суып, өзін нашар сезініп тұрады. Есіне әлгі қыз түседі. Ыстықтан тұла бойы тұтас балбырап тұрса да, сол қызды тағы бір мәрте көргісі келеді. Қызды шақырады. Сол кезде аспаннан жарқыраған бір жұлдыз жерге түсіп, Андрейдің алдында сұлу қыз болып тұра қалады. Оған қараған сәтте-ақ Андрей жүрегінің бұрынғы қалпына түскенін сезінеді.

Ол қызды қолынан ұстап, өзі келген жаққа қарай ертіп ала жөнеледі. Андрей өзін бақытты сезінеді, бұрынғыдай әуелеп ұшқан құстарға қызғанышпен қарамайды.

Олар қоқысты қопсытып жатқан адамға жақындап келеді. Андрей оның не істеп жатқанын түсіне қалады.

  • Сен, — дейді ол әлгі адамға, — қоқыстан жоғалтқан тиындарыңды іздеп жатырсың, өйтіп босқа уақытыңды өткізбе. Одан да бір жұмысты қолыңа ал, сонда тез байлыққа кенелесің!

Андрейдің ақылын тыңдаған әлгі адам жұмыс істей бастайды, көп ұзамай мол дәулет пен ақшаға кенелтеді.

Андрей мен қыз тағы да ілгері жүреді. Бұл жолы олар ескі шарбақты иығымен тіреп тұрған адамға жолығады. Оған ұзақ қараған Андрей былай дейді:

Шіріген шарбақты иығыңмен қашанғы тірейсің? Ол бәрібір құлайды. Одан да жаңа шарбақ жаса.

Ол Андрейдің ақылын тыңдап, бұрынғы ескі шарбағының орнына жаңа шарбақ орнатады.

Бұлар тас үстінде отырған адамға да жетеді.

Сен бұлай сараң болма, — дейді оған Андрей. — Тасқа басқалардың отыруына да мүмкіндік бер.

Андрей тас үстіндегі адамды орнынан көтеріп алады. Қыз екеуі тас үстіне демалып отырады. Ал әлгі адам қуанғаннан үйіне жүгіре жөнеледі. Азырақ дем алған соң Андрей мен қыз ілгері жүріп кетеді.

Содан бері Андрей бұрынғыдай жұрттан ештеңе сұрамайды, керісінше барлық халық Андрейден ақыл сұрайтын болады.

Сөйтіп, ол ақылы асқан Андрей атанады.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ