Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ертегілер

 

«Қызғалдақ» ағылшын ертегісі


Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай қаланың шетінде Мэри атты қарапайым әйел өмір сүріпті. Шағын қалада Мэриді бәрі біледі екен. Мэридің неше түрлі гүлдер өскен ғажайып бағы болыпты.

Жүрегі таза, мейірімді Мэри гүлдеріне үлкен сүйіспеншілікпен күні-түні қарап, әлпештеп күтіп-баптайды екен.
Оның ақ, қызыл, сары, көк түсті гүлдері көктемнен бастап, күзге дейін алма-кезек гүлдеп, баққа кірген адамның көзін қуантыпты.
Көктемде Мэри нәзік әрі таңғажайып «қызғалдақ» деген жаңа гүлдерді отырғызады. Бірде сол сүйікті гүлдерін көрейін деп, ол түнде қолына шам алып, баққа барады.
О, ғажап! Қызғалдақтарға жақындап қараса, олардың ішінде сүйкімді нәрестелер тәтті ұйқыда жатыр! Бұл гүл періштелерінің балалары еді. Мэри оларға мейірлене қарап қайырлы түн тіледі.
Ертеңіне бақтың иесі ерте тұрып, терезені ашады. Үйдің ішін лезде аңқыған жұпар иіс алып кетеді. Мэри баққа жүгіріп шығады. Бүгін қызғалдақтардан бұрын-соңды болмаған хош иіс аңқып тұр екен.
«Қызғалдақ» ағылшын ертегісі

Бұл ғажап иісті Мэридің қайырымдылығы үшін гүл періштелері қызғалдақтарға сыйлаған еді.
Күндер, айлар, жылдар зырлап өтіп жатты. Мэри қартайып, гүлдеріне қарай алмайтын болғандықтан басқа қалада тұратын баласының қолына көшеді.
Үйді сатып алған жаңа адамдар бақтың орнына бақша егіп, көкөніс сатпақшы болыпты. Бір көктемнің ішінде Мэридің тамаша гүлзарын құртып жіберіпті.
Гүл періштелерінің жағдайлары кетіп, олар көрші бақтарды паналауға мәжбүр болыпты. Сүйікті Мэриді сағынып, қызғалдақтар ауырып қалады.
Күтімсіз қалған гүлдерді көршілер үйлеріне алып кетіп, өздерінің бақтарына отырғызып, аялайды.
Келесі көктемде қызғалдақтар дертінен жазылып, жаңа орындарында құлпырып өсіп шыға келеді. Бірақ, олардың ғажайып хош иісі жоғалып кетіпті.
Содан бері, гүл өсірушілер бүгінгі күнге дейін қанша ізденіс жасаса да, қызғалдақтардың бұрынғы иісін қайтара алмапты.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Патша мен бағбан ертегісі
  • Адал достық
  • ҮШ КӨБЕЛЕК(неміс ертегісі)
  • «КЕРІК ДЖИНА» АФРИКА ЕРТЕГІСІ
  • Саңырауқұлақ саясында

комментария 14 Пікір қосу

  • Айгерім 22.01.2019 в 17:24

    Осы ертегінің авторы кім жазған адамның және қай жылы шықты

    Ответить
  • гакку 03.12.2018 в 02:10

    ертегі жақсы екен аудармасы жоқ па ағылшынша

    Ответить
    • Erketai 03.12.2018 в 03:49

      Қазақ тілді сайт болған соң тек қазақша нұсқасын жарияладық.

      Ответить
  • Шарипа 05.11.2018 в 11:18

    Ағылшынша деген едіңдер ғой неге қазақша

    Ответить
    • Erketai 05.11.2018 в 17:12

      Ағылшын ертегісі деп қазақша жазылып тұр ғой.

      Ответить
  • Аяулым 16.01.2018 в 22:38

    Агылшыншасы жокпа

    Ответить
  • Əлия Құлжанова 29.09.2016 в 21:27

    Əдемі ертегі екен.

    Ответить
  • Ainur Suleimenova 20.02.2015 в 21:54

    Керемет

    Ответить
  • айгерим 29.11.2014 в 17:45

    жаксы

    Ответить
  • Гульден 26.10.2014 в 18:12

    сАЙТ КЕРЕМЕТ БІРАҚ ТІРКЕЛЕ АЛМАДЫМ

    Ответить
    • Erketai 26.10.2014 в 18:15

      Неге сайтқа тіркелу формасы сайттың оң жақ бөлігінде орналасқан. Тіркеліңіз өкінбейсіз.

      Ответить
  • инкар 06.06.2014 в 08:14

    рахмет өте тамаша ертегі

    Ответить
  • ақмарал 24.04.2014 в 14:05

    керемет

    Ответить
  • Акнур 31.01.2014 в 00:15

    рахмет сиздерге!

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.