Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ертегілер

 

Изагураның кебісі


Таудың қалың шалғыны арасына құр ұя салып, балапандарын басып шығарады. Үріп ауызға салғандай сүйкімді балапандар. Бірақ, қауіп қайдан болса, қатер сонда деген ғой, осы ұяға бір жылан дәнігіп алады. Айнала жылжып, балапандарға көз алартып қояды… Байғұс құрдың әбден мазасы кетеді…

Жақын жерде тұратын көршісі сауысқанға мұңын шағады.

— Сауысқан, а, сауысқан! Не істеймін? Сұмырай сұр жылан менің балапандарымды жеп қойғысы келіп жүр! Ақылды құс едің ғой, бір көмегіңді берсейші маған!

  • Мен қазір бар дауысыммен қатты шықылықтайын. Мүмкін жылан қорқып кетіп қалар, — дейді сауысқан. — Егер қорықпаса, онда ұшып барып түлкімен ақылдасамын.

Сауысқанның шықылықтағаны жыланға шыбын шаққан құрлы болмайды. Тіпті елең етпейді. Айнала жылжып, ұяға таяу жерде жүріп алады. Сауысқан түлкіге ұшып кетеді.

  • Сенің мынау қулық толы қабыңда жыланға қарсы амал табатын құрал жоқ па? — дейді ол түлкіден.

Түлкі үлкен қулық қабын әрлі-берлі аударыстырып, ұзақ ақтарады. Ақырында табады.

  • Бар!-дейді ол. — Бір қулық бар! Сен қазір қарғаға қарай ұш. Егер ол келісетін болса, Изагураның кебісін ұрлап алсын, кебісті жылан тығылып жататын тастың үстіне лақтырып кетсін.

кебіс туралы қазақша ертегі

Балконда демалып отырған Изагура інжу жіппен тігілген жарқыраған алтын кебісін аяғынан шешкен кезде, қарға оның біреуін қағып алып, аспанға көтеріледі. Сарай күзетшілері: «Аса қымбат кебіс ұрланды! Ұрыны ұстаңдар!» деп шулайды. Бірақ бұл кезде ұры қарға тым алысқа ұшып кетеді. Оны кім ұстасын?! Қарға жылан тығылып жататын тасқа дейін ұшып келіп, алтын кебісті жерге тастай салады.

Мұны сарайдың шатырына шығып қарап тұрған күзетшілер байқап қалып, солай қарай жүгіреді. Бірақ олар келгенше қу түлкі кебісті тістеп алып өз ініне кіріп кетеді. Күзетшілер келе қара тастың астаң-кестеңін шығарып іздейді. Алайда алтын кебіс табылмайды. Тастың астында жиырылып, ысылдап жатқан жыланның басын шауып тастайды…

Сол қара тасқа осы күнге дейін алтын кебісті іздеп үлкендер де, балалар да келеді деседі. Кім біледі, жолы болған біреудің алдынан Изагураның алтын кебісі жарқ ете қалуы мүмкін ғой!

Алтын кебісін ішінде солай жата берсін. Бұл кезде құр балапандарын аман-есен өсіріп шығарады. Қулық толы қап арқалаған айлакер түлкіге нақ осы үшін көп рахмет айту керек шығар!

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Інжу таққан қыз
  • Жаралы құс
  • Жыл патшасы
  • Екі аяз ертегісі
  • Бұғы мен қасқыр

комментария 3 Пікір қосу

  • Рахметова Айтолқын 03.11.2020 в 00:40

    Бұл ертегіні бірінші рет естуім. Өте әсерлі жазылған. Түлкі қай кезде де қарабасын ойлайтын аң ретінде көрсетілетін, мына ертегіде мүлдем басқаша сипатталған

    Ответить
  • Lina 06.10.2019 в 13:47

    Ертегі күшті жазылған

    Ответить
  • Эльмира 12.09.2019 в 17:20

    қу да болса балапандардың өмірін сақтап қалған екен

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.