Рефлексивтік есеп

23.11.13 жылы мектептің тәрбие жоспарына сәйкесті жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Бірінші теориялық бөлімнен соң ата-аналар оқу кабинеттерінде «Оқушының мүддесіндегі отбасы және мектептің өзара қарым- қатынасы» атты коучингке шақырылды.

Коучингтің мақсаты: Отбасы мен мектептің тәрбие үдерісіндегі әр оқушының тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы мақсатындағы бірлігін нығайту және тәрбие үрдісінде туған қиындықтарды шешудегі бірлескен жұмыс.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: деңгейлік бағдарламаның негізгі 7 модулі. Жұмыс нәтижесі ретінде оқу ынтымақтастық және топтағы бірлескен оқуды ұйымдастыра отырып, мектеп және ата-ана арасындағы қарым-қатынастың нәтижесінде оқушының білім сапасы мен тәртібін жақсарту деп белгіледім.

MFIОсы қойылған мақсатқа жету үшін ауыспалы топтық жұмыс қолданылды. Топта ата-аналар сын тұрғысынан ойлаудың стратегиялары нәтижесінде жоба даярлады, жағдаяттарды шешті. Топқа бөлу психологиялық «Қай ағашты таңдайсыз?» тестімен жүзеге асырылды. Ата-аналарға кабинетке кіре берісте ағаш таңдау ұсынылады және ағаш суретінің сыртындағы сандарға сәйкесті орынға отыру ұсынылады. Барлығы орындарына жайғасқан соң психологиялық тестпен таныстыру жүргізіледі. Соңында бір-бірін қошеметтеу ұсынылды. Таным үрдісін белсендіру үшін «Сіз балаңызды білесіз бе?» сауалнамасы «Миға шабуыл» әдісі бойынша өткізілді.

Келесі кезеңде ата-аналар ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасқа байланысты жағдаяттар шешті. Көкейкесті мәселені шешу үшін тәжірибе алмасу мақсатында ой бөлісудің маңызы өте зор болмақ. Сол үшін әр топ алдарыңызда берілген жағдаяттарды шешілді. Шешу барысында бұл мәселені рөлдік ойын, қойылым т.б. түрінде ұсынылды.

1. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата- аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызға қандай тәрбие бересіз?

2. Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз. Бірақ, балаңыздың жат әдеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз. Балаңызды қалай қорғап қаласыз?

3. Балаңыз күнде бірінші сабақтан кешігіп келеді. Мұғалімдермен тіл табыса алмайды. Қалай жөнге келтіресіз?

4. Сіз баланың жақсы оқуға қабілеті бар екенін білесіз, бірақ оның өз-өзін бағалау деңгейі өте төмен. Мысалы: «Менің қолымнан келмейді», «Мен сіздің ойыңыздан шықпауым мүмкін», «Ол маған қарағанда жақсы орындайды» т.б. осындай сөздерді айтқан жағдайда, сіздің іс-әрекетіңіз.Қортынды ретінде жоба даярлап түйінді сөз ұсынды. Жұмыс соңында рефлексия жүргізілді. Түрлі-түсті стикерге пікірлері мен ұсыныстары жазылып, ұсынылған смайлдардың біріне жапсыру ұсынылды.

Күтілген нәтиже: Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс арқылы ата-анамен мектеп арасындағы оқушы үшін мүдделі қарым-қатынас арқылы оқушының білім сапасын және тәртіптерін жақсарту.

Алынған нәтиже: Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс арқылы ата-анамен мектеп арасындағы қарым-қатынастың деңгейі анықталды. Ата-аналар деңгейлік бағдарламаның модульдерімен таныс болды. Бала тәрбиесіне қажетті нұсқаулар алды. Бір бірімен ақылдасып, пікірлесіп балалар тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелерді шешті.

Туған қиындықтар:

* Ата-ана санының аз болуы;

* Тәртібі нашар оқушылардың ата-анасының болмауы;

* Оқу үлгірімі нашар оқушының ата-аналарының аз қатысуы .

Келесі қойылған міндеттерім:

— Ата- анамен тығыз жұмыс жасап, деңгейлік бағдарламалардың идеяларын үнемі насихаттап, жүзеге асырып отыру.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Гулмира

    Қазіргі таңда ұстаздар үшін оқушымен қатар ата ананы да тәрбиелеп отыруға тура келеді,себебі заман талабы солай☝әріптестің жасаған осындай керемет дүниесі барлық ұстазға үлгі деп ойлаймын??

  2. Ұлбосын

    Ата-аналармен жұмыс жасағаныңыз керемет ұнады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ