Опорный орта мектебінің тарихы

Боранқұл елді мекенінде 1980 жылы білім ошағы бой көтерді. Бұл Опорный сегізжылдық мектебі еді. Алғаш мектептің кілтін алған директор – Саркенов Жанғали.

Қазақ елінің болашақ азаматтарын оқытып, тәрбиелеу мақсатында ашылған мектеп өз жұмысын 20 мұғаліммен бастады.

Мектеп орыс – қазақ аралас мектебі және 1993 жылдан орта мектеп болды.

Қазақ халқының таңғажайып ақыны М. Жұмабаев «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде қалмақ. Ел тағдыры мектебінің құрылысына байланысты нәрсе — мектебімізді сау, таза, берік һәм жанымызға қабысатын негізде құра білсек, келешегіміз үшін серттесуге болады» дегені өз мәнін ешқашан жоймақ емес. Ендеше әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағ білім мен тәрбиенің отын жаққан мектеппен байланысты.

Жалпы орта білім беру кезеңдері басталды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолына түскеннен бастап, халыққа білім беру саласында жүргізілген саясатына екі жағдай ескеріліп отырды. Оның біріншісі, кеңес одағы құрамында болған жылдарда халыққа білім беру ісінде жинақталған құнды тәжірибені мүмкіндігінше пайдалану, екіншісі, тәуелсіздікке байланысты мемлекеттің қоғамдық – саяси құрылысы мен экономикасындағы қайта құруларды ескере отырып, халыққа білім беру саласына да тиімді жаңалықтарды кеңінен енгізу. Осы жағдайларға байланысты білім беру аймағына алдымен жаңаша ғылыми тұрғыда қарау қажет. Қазақстан мектебінің үлгілді моделі жасалды.

Түрлі мамандыққа баулитын лицей, гимназия сияқты жаңа типті оқу орындары ашылып, жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер саны арта бастады.

Тәуелсіз Қазақстанға білім сапасы бойынша дербес халықаралық саясат жүргізуге тура келді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жариялансымен іле шала 1992 жылы 18 қаңтарда «Білім туралы заң» қабылданды, онда тәуелсіз мемлекеттің орта білім жүйесінің мақсат, міндеттері анықталды. Жинақтап айтсақ, 1991-2000 жылдар аралығында ҚР-ның білім беру саласына қатысты 10-нан бастап астам мемлекеттік бағдарламалар қабылданды.

Мектеп тарихына үңілсек: 1981-1986 жылдар аралығында Зинетолла Табаряков, 1987-1191 жылдар арасында мектеп директоры қызметін Бекмағұлова Ұлжан, 1992-2006 жылдарда Жақашев Хайролла, 2007 жылы Маңғыбаев Мәлік атқарса, 2008 жылы Ботағарин шынжырбек, 2008 жылдан бастап Бектембаева Зарипа басқарып келеді.

1980 жылы құрылған мектепте жас маман болып келген К. Токсанбаева мен М. Ищановалар бұл күнде осы мектептің маңдайалды мұғалімдері.

Мектептің оқу – тәрбие үрдісіне жауапты, оқушылардың білім сапасына, мұғалімдердің жаңашылдықтарына көңіл бөле білген ұлағатты ұстаздар да болды. 1980-1997 жылдар аралығында Баитова Айсұлу,

1990 жылдан Битанова Зинеш, 1998 – 2006 жылы Маңғыбаев Мәлік, 2007 – 2009 жылдар аралығында Кушекбаева Жаңылай, 2010-2012 жылдарда Тоқсанбаева Нұрбике, 2012 жылдан Жиенбетова Қарқара атсалысып келеді.

Оқыту үрдісінің ғылыми әдістемелік жағына көңіл бөлінді. Білім беру ұйымдарында мектеп директорының әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары тағайындалды. Опорный орта мектебінде 2001-2002 оқу жылынан бастап Аханова Батима осы қызметті атқарып келеді.

Кейіннен мектепте психолог, әлеуметтік педагог, тәлімгер сияқты жұмыстар белгіленді.

Мектепте алғашқы психолог 2005 жылдан Жақашева Гүлшара болды. 2010 әлеуметтік педагог қызметін Ж. Кушекбаева атқарып келеді.

Мектепте жыл сайын түлектер ұшып, өмірден өз орындарын табуда.

Опорный орта мектебінің түлегі Жұмабаев Мұрат Құсайын ұлы бұл күнде облыс әкімі аппаратында ұйымдастыру, бақылау бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс жасайды.

2005 жылы мектептің құрылғанына 25 жыл тойы тойланса, 2010 жылы 30 жылдығы аталды.

Әлемдік білім беру жүйесі ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ ғасырдың басында жаңа тың бағытта даму жолына түсті. Білім берудің мақсаты да, мазмұны да өзгерді.

Білім беру жүйесінде жаңа педтехнологиялар пайда бола бастады. Бүгінгі таңда мектептің де, мұғалімдердің де қасиетті міндетті рухани бай, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны даярлап шығару. Бұл орайда мектеп басшысы З. Бектембаева бастаған ұжым ұйымшылдықпен жұмыс жасады.

Мектеп шәкірті Байтуған Мархабат үздік аттестат иегері болды.

Заманауи талаптарға сай пән кабинеттері жабдықталынды. 2007 жылы интерактивті тақта, 2008 жылы мультимедиа, 2009 жылы биология, 2012 жылы химия кабинеттері келді, жаңа үлгіде жұмыс жасап тұр.

Модификацияланған кабинеттердегі жұмыс, электронды оқулықтардың тиімділігін ұжым мүшелері өзара пікірлесіп, насихаттап отырады.

Мектеп мұғалімдеріне қазіргі ақпараттық технологиямен жұмыс жасауларына жағдай жасалған.

Мектеп басшысы З. Бектембаеваның бастауымен мектеп ауласы абаттандырылды, онлайн сабақтарына, қашықтық олимпиадасына қатысып, мұғалімдер тәжірибе жинақтады.

Мектеп 2008 – 2009 оқу жылы қорытындысымен білім беру саласындағы жетістіктері үшін аудандық білім беру бөлімінің Дипломымен

және 2011 жылы «Табиғатпен үндес мектеп» облыстық байқауда ынталандыру номинациясымен марапатталды.

Осынау зымыраған уақыт ішінде бұшл білім ордасы бірнеше шәкірт ұшырып, қанат қақтырды. Мұғалімдердің интелектуалдық ой – өрісіне, ізденіс пен ұйымдастырушылық қабілетіне, талаптарға сай болуы мектепте дәстүрге айналған.

Қазіргі таңда мектепте 544 оқушы, 81 мұғалім бар, олардың 75,3 % — і жоғары білімді мамандар.

Дайындаған: Б. Аханова

   
ErKeTai.KZ