Жас мамандармен ұйымдастырылатын жұмыстар

sur«Еліміздің ертеңі бүгінгі
жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры мұғалімдердің қолында»

Н. Ә. Назарбаев

Жас мамандардың алдына қойған мақсаты шәкірттердің оқуға деген ынтасын арттырып, білімді, ізденімпаз, талапты азамат етіп тәрбиелеу. Сондай – ақ ұстаз деген ұлы есімге лайық болу. Ұстанатын қағидасы: терең судың пайдасы мен қатар залалы да бар. Одан сақтану үшін шәкірттерді еркін жүзе білуге үйрету.
Жас мамандар жоғарыдағы эпигрофты әркез естен шығармай,жақсы шәкірті бар, саналы азамат тәрбиелеуде ерінбей еңбек етуге лайықты жалынды жастар.
Мектепке келген жас мамандар алдымен мектеппен, ұжыммен танысады. Тәлімгер – жетекшілер тағайындалып, жылдық жоспар бойынша жұмыс жасайды. Жас маманның өзінің және тәлімгер – жетекшісінің жоспары жасақталады. Мұғалім портфолиосын жасауға, күнтізбелік және сабақ жоспарын және өзіндік білім көтеру жоспарларын жасауға жетекшілер бағыт береді. Іс – қағаздар, журнал толтыруға әдістемелік және жетекшілік көмек берілуі керек.
ҰБТ, ОЖСБ сияқты мемлекеттік бағдарламалардың ережелерімен танысып, модификацияланғанкабинеттерде жұмыс жасау, электронды журнал, электронды оқулықпен жұмыс жүргізу туралы мектеп әдіскері таныстырып отырғаны абзал.
Сонымен бірге, жас мамандарды сабақтарға сараптама жасап үйретіп отыру қажет. Тоқсан сайын сауалнамалар жүргізіп, қиындық келтіріп жүрген мәселелері бойынша өзара пікірлесіп, шешімін табу көзделсе тіпті жақсы.
Жас мамандармен өтетін отырыстарда баяндамалар жасатып, заман талабына сай оқытудың қандай тиімді тәсілдерін қолдану керектігін үйретіп отырған жөн.

sur3

sur1

Жастарды ақпараттандыру технологиясына сай бейімдеп, интерактивті тақтаны пайдалануды іске асыруды қолға алғанда, жас мамандар оқытудың жаңа технологияларына бетбұрыс жасайды.
Технологияларды қолданғанда оқушылардың жас ерекшеліктерін, сынып деңгейін анықтап алғаны дұрыс екендігін айтқанның артықшылығы жоқ.
Жалпы мектепте сәуір айын жас мамандарға бөлген қолайлы, себебі жыл бойына сабақтарға, сыныптан тыс шараларға қатысқан жас мамандар жыл соңында заманауи талаппен қаруланған сабақ көрсетеді, оқушыларға «жақындай» түседі.
Бүгінгі жас маман – ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға болуына мектеп ұжымының да ықпалы зор. Сондықтан, жас мамандарды тәрбиелеп, жақсы ұстаз деңгейіне дейін көтеруге жұмыстанайық.

 

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
ErKeTai.KZ