Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Әр түрлі

 

«КЕЛЕШЕККЕ ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНМЕН»


«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай құс қанатты
Мен жастарға сенемін!»- деп Мағжан атамыз жырлағандай ықылым заманнан бері қазақ елі жастарына сенім артып, үміт отын маздатып, болашақтарын бағамдаған. Бабадан қалған қасиет бүгінгі таңда да өз құндылығын жоғалтқан емес. Елін өрге жетелеп, Қазақстан жұлдызын биіктен жарқыратқан Елбасымыз да ертеңгі болашағымыз – бүгінгі keleshekke-jastik-jalinmen

жастарымызға зор міндеттер жүктеп, ел тұтқасын берік ұстар «азамат», «маман» болып қалыптасуы үшін мол мүмкіндіктерге жол ашып, барлық жағымды жағдайды жасап отыр. Үкілеп таққан аманатын аялап, болашаққа асқақ арманмен, берік мақсатпен, жүйелі жоспармен, жастық жалынмен қадам басу – әрбір азаматтың парызы. Осы парызды ұран еткен «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі аудан әкімдігінің қолдауымен «Келешекке жастық жалынмен» атты аудандық жастар форумын ұйымдастырды.
Аудандық жастар форумының бағдарламасы бойынша №12 Агроколледж базасында «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының атқарушы хатшысы – Е.Қ.Меңлібаев «Жастар саясатының дамуы», «Қызылорда Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы – А.Ә.Аукенов «Жоғары көшбасшылық қасиеттер», «Қызылорда облыстық жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Ж.Н.Алдабергеновтер «Еріктілер жасағын жетілдіру және жұмысын ұйымдастыру» тақырыптарында секциялық жұмыстарын жүргізіп, форум делегаттары секция жұмыстары бойынша өз ойларын ортаға тастап, сөз таластырып, пікір алмасты.
Д.Мырзағалиева аллеясына гүл шоқтары қойылып, жас сарбаздарды қарулы күштер қатарына шығарып салу рәсімі өткізіліп, сарбаздарға «Аманат хат» табысталды. Аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде форум делегаттарынан жасақталған командалар арасында спорттық сайыс өткізілді.
Аудандық Мәдениет үйінде «Келешекке жастық жалынмен» жастар форумының пленарлық мәжілісі өтті. Мәжілісті Қармақшы ауданының әкімі Н.Шамұратов ашып, аудандағы жастар саясатының жүргізілуі жайлы мәлімет беріп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, форум қонақтарына алғысын білдіріп, форум ұйымдастырушылары мен делегаттарына сәттілік тіледі. Ашық микрофонда ауыл жастарының ел дамуына қосып жатқан үлестері мен жүргізіліп жатқан жұмыстары жайлы сөз қозғалып, ұсыныс – пікірлері айтылды. Аудан көлемінде қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, ауыл және аудан көлемінде танылып жүрген жастардың еңбегін бағалау және насихаттау мақсатында тағайындалған номинациялар бойынша өзгелерден оқ бойы оза шапқан үздік жастар марапатталып, кемел келешегіміздің қорғанына айналар азаматтарды айшықтады. Пленарлық мәжіліс «Келешекке жастық жалынмен» форумының үндеуімен қорытындыланды.
Аудан әкімінің арнайы кубогы үшін КТК ойынына №26 және №30 орта мектебінің, Ақтөбе, Ақай ауылының командалары қатысып, әзілдері көңілдің төрінен орын тапқан №30 мектеп командасы жеңіске жетті. Аудандық жастар форумы өнерлі жастардың әнімен әрленіп, биімен өрнектелген думанды кешпен жалғасты.
Форум делегаттарының қайталанбас әсерге бөленіп, оймақтай болса да ой түйіп, жастық жалынмен шарпылғаны сөзсіз. Сапалы дүниенің ғұмыры ұзақ болатыны секілді, бұл форумның да біраз уақыт ел аузында болары анық. «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған әрбір іс – шара жастар арасынан қолдау тауып, нәтижелі жұмыстар жүргізіп жүр. Мұхтар Айшықұлы бастап, Бауыржан Сермаханұлы қостаған жастар қоғамдық бірлестігінің алар биіктері, шығар шыңдары алда. Жұмыстарына нәтиже, еңбектеріне жеміс һәм жеңіс тілеймін.
Сөз соңын бүкіл әлем мойындаған Елбасымыздың ел тарихында ерекше орын алатын ой – қазынасының үшінші тағылымымен түйіндегім келеді: «Алда тұрған сын – белестерден білекке – білек, жүрекке – жүрек, тілекке – тілек қоса білсек қана абыройлы өте аламыз». Ендеше, жүректегі тілегімізді бір етіп, арман – абыройымызды бірге білектейік, жастар!

Т.Ізтілеуов атындағы
№29 қазақ орта мектебінің мұғалімі,
Светлана Мыңжасарова

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Қоғамдық игіліктер
  • Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
  • Білім сапасы – ізденімпаздықта
  • Жас мамандармен ұйымдастырылатын жұмыстар
  • Спортшы мұғалім

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Алмагул 14.02.2021 күні 15:17 уақытында

    «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,
    қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет.
    Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа»,-деп Елбасымыз айтқандай,
    қазіргі жастар мұрат жолында жалынды еңбек етуі тиіс

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.