Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ағза

 

Өкпе


Өкпе тыныс алу жүйесіндегі ең негізгі мүше болып саналады. Бұл кеуде қуысында орналасқан, пішіні қапшық сияқты, жұп мүше. Егер өкпе тінін микроскоппен қарасақ, онда біз өкпенің бір-бірімен байланысқан, өте көп кішкентай қапшықтар — альвеолдардан тұратынын көреміз.

Альвеолдар іші ауаға толы, өте майда көпіршіктер, олар өкпедегі майда тыныс жолдары — бронхиоланың ұшында орналасады.Альвеолалардың арасындағы кеңістікті қан тамырлары толтырып жатады.

Бір бронхиоланың ұшында бірнеше альвеол болады, оларды сыртынан қарағанда бір шоқ жүзімге ұқсайды. Осындай “бір шоқжүзімде” 80 альвеол орналасады.

Көпіршіктердің қабырғаларының қалындығы миллиметрдің төрт мыңнан бір бөлігіндей, ал осы альвеол қабырғаларымен қан тамырының уақ тамырлары — капиллярлар тығыз байланыста болады. Мұндай байланыс адам ағзасы үшін өте керек.

Себебі, көпіршіктер қабырғасы мен уақ тамырлар арқылы ауадан қанға оттек, ал қаннан көмір- қышқыл газы ауаға шығады. Ересек адамның екі өкпесінде 700 миллионнан астам көпіршік сияды. Өкпе дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, ағзада көміртек, белок және май алмасу, қан ұюы про цестеріне қатысады.

Өкпе тыныс алу жүйесі

Өкпе артериясы

Өкпе артериясы адам денесіндегі ең маңызды артериялардың бірі. Бұл жуан, ұзындығы 5 сантиметр болатын, қысқа артерия. Өкпе артериясымен аққан қан оң жақ жүректен шығып, өкпеге барып құяды. Бұл артериямен көмір қышқыл газынан тазарып, оттекке әбден қаныққан қан ағады.

Бұл қан тамыры өкпеге кіргенде, уақ қан тамырлары — капиллярларға дейін тарамданып, өкпе көпіршіктерінің қабырғасында тығыз қан тамырларының өрімдерін құрайды. Көпіршікті және уақ тамырлар қабырғаларында газ алмасу жүреді. Оттекке қаныққан қан өкпе венасы арқылы жүректің сол жақ бөлігіне қайтады.

Өкпеқап

Өкпенің сыртында қосқабатты сірлі қабық — өкпеқап (плевра) болады. Оның бір қабығы өкпе тінімен бітісіп кеткен, ал екіншісі — кеуде клеткасы мен көкірек қуысының (онда жүрек және ірі қан тамырлары болады) ішкі жағынан астарлап жатады. Өкпеқапта өте көп жүйке түйіндері мен қан тамырлары орналасады.

Өкпеқаптың екі қабығының ортасын өкпеқап қуысы деп атайды. Сол қуыстың ішін толтырып тұратын сұйықтық, дем алған кезде, өкпеқап қабықтарының бір-біріне үйкелуін азайтады. Өкпеқап қуысындағы қысым қалыпты атмосфералық қысымнан едәуір төмен болады, соның нәтижесінде өкпе төмен түсіп кетпей, тыныс алуға қатысады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Көкет, диафрагма дегеніміз не?

Тыныс алу туралы не білесіз?

Пневмоторакс бұл қандай ауру негізгі белгілері мен пайда болуы.

Ентігу не үшін және қалай болады.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Дабыл жарғағы
  • Майлар
  • Мұрын
  • Жүйке жүйесі
  • Мойын, көмей және кеңірдек

Пікірлер 3 Пікір қосу

  • Жакупова Улжалгас 03.12.2021 күні 10:06 уақытында

    қатты жөтел өкпеге өтсе жаман

    Жауап беру
  • Ермек Канатович 25.10.2021 күні 06:01 уақытында

    Өкпе үш күнге ғана созылған дұрыс

    Жауап беру
  • Гүлжанйа 27.01.2021 күні 11:20 уақытында

    Өкпеге қатысты керемет құнды мәліметтермен таныса алдым

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.