Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ағза

 

Көз


Адамның көзі

Көз — жұп мүше. Адамның көзі пішіні шар тәрізді екі көз алмасынан тұрады. Ол бір жағынан бас сүйектегі көзге арналған ойықтар — көз шараларымен, екінші жағынан — қабақпен қоршалған. Көз алмасында өте көп қан тамырлары орналасып, оған көзді қозғалтатын бұлшық еттер жалғасады. Көзге шаң және лас заттардың түсуінен қас және кірпік сақтайды.

Сондай-ақ көзді көз жасы “жуып” тұрады. Әрбір көздің үстіңде жас бөлетін көз жасы бездері болады. Көздің ішкі бұрышынан басталатын көз жасы жолдары арқылы жас мұрынға құйылады.

Көз жасы, көзді суландыруының нәтижесінде, көздің дәнекер қабығы — конъюнктиваға бактерияны өткізбей, оларды жойып отырады. Көз алмасының алдыңғы бөлігінің ортасында дөңгелек саңылау — қарашық орналасады. Қарашық арқылы көзге жарық сәулелері өтеді. Қарашықты сәулелі және сақиналы бұлшық еттерден тұратын — нұрлы қабық қоршап жатады.

Бұл бұлшық еттер қарашықтың көлемін реттеп тұрады. Көзге өте жарық сәуле түскенде, көзді қорғау үшін сақиналы бұлшық еттер жиырылып, қарашық тарылады. Ал жарық жеткіліксіз болса, көзге жарық көп түсу үшін қарашық кеңейіп, сәулелі бұлшық еттер жиырылады. Қарашықтың алдында пішіні линза сияқты, мөлдір қабық — көздің мүйізді қабығы орналасады.

Көздің мүйізді қабығынан өткен жарық сәулесі қарашық арқылы — көз бұршағына жетеді. Көздің мүйізді қабығы мен көз бұршағының арасында, іші мөлдір сұйыққа толы— көздің алдыңғы камерасы орналасады. Көздің мүйізді қабығы мен көз бұршағы шағылысып және сынып өтетін жарық сәулелерін бір нүктеге, көз алмасының ішкі қабығы — тор қабыққа жинайды.

Көз бұршағы мен тор қабықтың аралығында жатқан кеңістікті — көздің артқы камерасы деп атайды. Оны мөлдір,түссіз, іркілдек — шыны тәрізді дене толтырып тұрады. Тор қабықта жарық сезгіш рецепторлар — таяқшалар мен сауытшалар болады. Жарық қуатының жүйкелік қозу сияқты процестері осыларда өтіп, содан кейін олар миға жетеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Көзді ақ шел басу ауруының негізгі белгілері.

Катаракта қандай ауру сипаттамасы мен пайда болу себебі.

Алыстан көргіштік және көрмеушіліктің себептері.

Конъюнктивит көз ауруының сипаттамасы мен себебі.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Тамыр соғуы
  • Аяқ қол
  • Шеміршек
  • Клетка дегеніміз не?
  • Жетілу

комментария 11 Пікір қосу

  • Шолпан Исабекова 09.01.2025 в 08:37

    Көз біздің жанарымыз, бағдарымыз, айнамыз. Мақала маңызды мағлұматқа толы.

    Ответить
  • Айгуль 28.08.2023 в 12:48

    Казірге смартфондар көп қолданылатын уақытта, көзді күту өте маңызды. Көз туралы өте жақсы ақпараттармен қамтылған.

    Ответить
  • Жанагуль 14.03.2022 в 16:52

    Бұл жайлы ешқашан ойланбаппын

    Ответить
  • Тамара 07.02.2022 в 20:29

    Көз туралы мәлімет жақсы берілген.Көзді күту керек. Әсіресе қазіргі жас қыздар немесе жас үлкен әйелдерде жасанды кірпік салып алады.Бұл жасанды кірпік салу да көздің зақымдануына алып келеді.Сонымен бірге түрлі ауру жұқтыруы мүмкін.

    Ответить
  • Гаухар 24.01.2022 в 11:22

    менің көру денгейіп өте төмен

    Ответить
  • Айна 21.12.2021 в 20:23

    Күтім керек көзге.

    Ответить
  • Айнур 30.10.2021 в 13:35

    көз күтімі жайлы көп мәлімет берілді. өте қызық

    Ответить
  • Шолпан 03.09.2021 в 12:22

    Көз ең керек мүше. Күтім керек көзге. Сақтаныңыздар.

    Ответить
  • Меруерт 11.08.2021 в 22:40

    Денсаулықты күту керек!!!
    Әсіресе көзді
    Ауырмаңыздар

    Ответить
  • Айболек 11.01.2021 в 01:51

    Көзді жақсы күту керек, телефон, теледидар азырақ қарау керек

    Ответить
  • Нургул 05.08.2020 в 15:13

    Көзім бұлдырап кетеді алыстатсам көреді не істеуге болады

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.