The first flight to space

Тобы: Гүлден, Қарлығаш
Тақырыбы: The first flight to space
Мақсаты: Жыл бойы өткен тақырыптар бойынша қайталау. Тақырыптар бойынша меңгерген сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлем үлгілерін қайталауды машықтандыру. Ойындар арқылы ағылшын тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: Ғаламшар, планеталар, ракета макеті, ғарыштың суреттері, жұлдызшалар.
Сабақтың барысы:
Т: Everybody stand up! Good morning!
Ch: Good morning, good morning!
Good morning to you,
Good morning, good morning,
I am glad to see you!

T: I’m glad to see you toо! Ok, sit down! Балалар бүгін біздің балабақшаға сиқыршы Gogo — ден хат келіпті.
Хатты мұғалім балаларға оқып береді.

Т: Сиқыршы Gogo бізді өзінің тұратын планетасына қонаққа шақырып жатыр. Балалар Gogo – дың ұсынысын қабыл аламыз ба?! Қанекей ғарышқа ұшып, ғаламды шарлап, әртүрлі ғажайып планеталарға тоқтайық. Бірақ ол ғарышқа ұшу үшін бізге ағылшын тілін білу керек. Ал біз ағылшын тілін білеміз бе?
Балалардың жауабы.

Т: Балалар ғарышқа ұшпас бұрын біз бір адаммен жолығуымыз керек. Who is he?
Ch: He is a cosmonaut.
Т: Ол не істейді?
Ch: Ғарышқа ұшады.
T: Ол ғарышқа немен ұшады?
Ch: Зымыран
T: Ғарышкер мында бекер келген жоқ. Ол біздердің тізімімізді алып, тіркеуге алады.
Ok, what is his name? What is her name?
Балалар сұраққа жауап береді.

ағылшын тілге деген қызығушылықтарын арттыруТ: Тіркеуден өттік. Ғарышқа ұшуға дайындалайық. Close your eyes. Let’s count
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1. Let’s go.
Open your eyes.
Gogo: Welcome to my planet. I’m glad to see you! Достар менің үйіме келгендеріңізге қуаныштымын.
T: We are glad to see you too! Балалар Gogo мен амандасып, “Hello” әнін айтайық.
Балалар “Hello” әнін айтады.

Gogo сіздерге ағылшын тілінде сұрақ қояды. Сұраққа жауап беріңіздер.
Gogo: Where are you from? Children: I’m from Kazakhstan
How old are you? I’m 5
How are you? I’m fine, thank you.

Достар менің планетамнан басқа да, планеталар бар. Әр планетаға сіздерге арнап тапсырмалар жасырып қойдым. Ол тапсырмалар күрделі өйткені барлығы ағылшын тілінде. Сіздерге сәттілік тілеймін.
Т: Біз бірінші планетамен қоштасып, екінші ғажайып планетаға жол жүрейік. Біздің екінші тоқтайтын планетамыз «Сандар планетасы». Балалар осы планетаның тұрғындары – Numbers. Translate this word.
Ch: Numbers — Сандар
Сіздерге арналған көптеген қызықты тапсырмалар бар.
Ok, look at the picture. Let’s count.
Ch: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2,1.

1-тапсырма. Мұғалім 5 санын көрсетіп, Is it a six? – сұрақ қояды. Балалар сұраққа жауап береді. Екі үш сан айтылады.

2-тапсырма. Тақтада 10 сан тұрады. Мұғалім «Close your eyes» командасын айтып, бір санды алып тастайды. «Open your eyes» командасы айтылған соң, балалар қай санның жоғалғанын тауып айтулары қажет.

3-тапсырма. Мұғалім екі – үш сағатты көрсетіп, әр сағат нешені көрсетіп тұрғанын, What’s the time? сұрағын қою арқылы сағат неше екенін балалардан сұрайды.

Т: Жарайсыңдар балалар біз барлық тапсырманы орындап тастадық. Қанекей үшінші планетамызға жолға шығайық. Балалар қараңдаршы, біз сіздермен «Animals» планетасына да келіп жеттік. Translate this word.

Сh: Animals – Жануарлар.
T: Дұрыс балалар, бұл планетада тек жануарлар мекендейді. Қараңдаршы біз танитын жануарлар бұнда бар ма екен?
Балалар I see тіркесі арқылы танитын жануарларды ағылшын тілінде айтып береді.
Т: Балалар бұл жануарлардың біздің жеріміздегі жануарлардан бір ерекшелігі бар. Мысалы қараңдаршы барлық жануарлардың бойы бірдей және олар адамдар сияқты екі аяқпен жүреді. Бірақ түрлері жануарларға ұқсайды.
1- тапсырма. Мұғалім пілді көрсетіп, What is it? – деп сұрақ қояды. Балалар сұраққа жауап береді: «It is an elephant».
Балалар бұл жануарлардың денесі адамдардың дене мүшелеріне ұқсастықтары болғандықтан, өзімізбен салыстырып көрейік. Балалар адамдардың дене мүшелері мен осы планетаның жануарларының дене мүшелерін атап шығады. Балалар дене мүшелерінің қандай қызмет атқаратының ағылшын тілінде айтады.

2- тапсырма. Балаларға What is it? деген сұрақ қойылады. Балалар сұраққа жауап береді. It is a mouth.

3- тапсырма. Тақтада үй және дала жануарларының суреттері ілулі тұрады. Балалар үй жануарларына қора салады, ал дала жануарларын торға қамайды.

Т: Біздің келесі ғажайып планетамыз «Colour». Бұл планета неше түрлі түстерге боялған.
1-тапсырма: Түстерді ағылшын тілінде айтып шығу.
2-тапсырма: «Іздер» ойыны.
T: Сіздер көп тапсырма орындап шаршаған боларсыздар. Everybody stand up.

Сергіту сәті: «Listen to the music»

T: Балалар біз ұзақ жол жүріп, Gogo-дың планетасын көріп қайттық. Әр түрлі ғажайып планеталарға соғып, тапсырмаларын орындадық. Енді өз жерімізге оралайық. Балалар суретке қараңдаршы. Бұл біздің жер. Ол дөңгелек. Шын әлемде планеталар саны тоғыз. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун. Біздің Жер тоғыз планетаның ішінде үшінші болып орналасқан. Біздің жерде адамдар тұрады, жануарлар, құстар да мекендейді. Біздің жерде әдемі әдемі үйлер де бар. Оның барлығын салған адамдар. Балалар мынау үй. Бұл үйде кім тұрады екен?!
Look at the picture. This is family. Translate this word.

Ch: Family — жанұя.
T: Who is she? Ch: She is a mother.
Who is he? He is a father .
Who is she? She is a sister.
Who is he? He is a brother.

Саусақ жаттығуы: «Family finger».
T: Close your eyes. Let’s count. Open your eyes. Балалар біз өзіміздің балабақшамызға келіп жеттік.
Cosmonaut: Балалар сіздерге ғарышқа ұшқан ұнады ма?
Балалар жауап береді

T: Балалар болашақта сіздер есейіп ер жетесіңдер. Барлығыныз мектеп бітіріп, бір мамандық таңдайсыңдар. Мамандықтар өте көп. Мысалы, дәрігер. Ағылшын тілінде қалай айтамыз?

Ch: A doctor.
T: Жарайсыңдар балалар. What do you want to be?
Ch1: I want to be a doctor
Ch2: I want to be a teacher
Ch3: I want to be a cosmonaut.
T: Балалар сіздердің барлығыңыздың тілектерін орындалады. Өйткені бізге сиқыршы Gogo көмектеседі. Our lesson is end. Good by children.
Ch: Good bye, teacher!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер6
  1. Гулназ

    Жетістіктерге жете беріңіздер! Тек қана алға

  2. Жаннур

    Еркетай ұжымына көп рахмет!!! Таптырмайтын материалдарды сіздерден таба алатынымызды қатты қуанамыз. Шығармашылық табыс тілейміз.

  3. Сауле

    Сабақ құрылымы жақсы құрылған қызықты ойындар қамтылған

  4. Сауле

    Қанша тіл біл білсекте мына кезде еш артықтық етпейді. Оқушыларға соны меңгерту жолында ерінбей жұмыс жасай беріңіз

  5. Гулим

    Тіл білгеннің артықтығы жоқ!Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте деген мақал бар.Осы сайттан әр түрлі тақырыптарда ағылшын тілінде мәлімет таба аласын

  6. Гүлмира Әлібекқызы

    Ғарышкерлер күніне қарсы арналған жақсы ұйымдастырылған ашық қаралым. сабақ құрылымы өте жақсы құрылған. Сергіту сәті мен саусақ жаттығулары ұйымдастырылған.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ