Сабақтың өтіліетін мерзімі:—————————————————
Сабақтың тақырыбы:Алкандар. Алкандардың изомерлері мен атаулары.
Сабақтың мақсаты:
а) біліктілік: метан қатары көмірсутектерінің жалпы формуласы, анықтамасы, гомологтық қатары, гомологтық айырымы, радикалдар, түрлері,изомерлердің формуласын құрастыру ережесімен танысады және көмірсутектердің халықаралық атауларына сәйкес формула құруды үйрету.
ә) дамытушылық:оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; әр оқушының білімдік, ұжымдық қабілетін ояту; еске сақтауын, ой-өрісін дамыту; сөзжұмбақ, ребус, «үйлестірме кесте» жасайбілугебаули отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдаландыру,танымдылық белсенділігін арттыру.
б) тәрбиелік: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу; ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқағыштыққа жетелеу;білім деңгейіне қарамай серігін, көршісін қадірлей білуге; әр оқушының қабілетін дамытып; еңбек етуге баулу; кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың міндеттері:
а) өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды.
ә) ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап,баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Көрнекілігі: тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)
Пәнаралық байланыс: биология,география, тарих, қазақ әдебиеті.
Сабақтың формалары: жеке, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың тегі: жаңа материалды игерту сабағы, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру, бұл сабақта нені біліп шығатыны туралы айтып, оқушы зейінін сабаққа аударамын.
Ұзтаз ұстанымы: сабақта барлық оқушылардың қамтылуы.
Оқушы ұстанымы: ынта,жігер,шынайылық.
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру (2 минут)
- Үй тапсырмасы (10 минут)
- Жаңа сабақ (20 минут)
- Пысықтау (5 минут)
5.Үйге тапсырма (2 минут)
- Бағалау (3 минут)
- Қорытындылау (3 минут)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу
- Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.
- Кезекші мәлімдемесін тыңдау.
- Журнал бойынша түгелдеу.
- Оқу құралдарын түгелдеу.
- Тәртіпке шақырып, оқушылардың сабақ бастауға көңіл күйі, оқушы назарын сабаққа толық аудару.
7.Сабаққа белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту.
- Жаңа сабаққа дайындық.
- Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Сабақ жоспарымен таныстыру.
ІІ. Үйтапсырмасын сұрау кезеңі.
Өткен сабақтарда өтілген «Органикалық қосылыстардың номенклатурасы» тақырыбы бойынша сұрақ –жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін.
І-тапсырма. Сұрақ-жауап.
- Көмірсутектілердің жіктелуі.
- Құрамына қарай жіктелуі.
- Құрылысына қарай жіктелуі.
- Номенклатура түрлері: тарихи, рационалды және халықаралық.
- Молекулалық формулалары келтірілген қосылыстардыңішінен:С2Н6,СН3СІ,С8Н10,С6Н6,СН2СІ2 СНСІ3, ССІ4,С8Н16,С9Н20 , СН3ОН алкандардың формулаларын теріп жазып, оларды атаңдар.
- Органикалық заттардың құрамына қандай элемент атомдары кіреді?
- Сапалық құрамы бойыншаорганикалық затар қалай жіктеледі?
8.Органикалык косылыстар кұрылыстарына байланысты калай топталадыжөне әр топтағы заттардың көміртек атомдары өзара калай жалғасады?
- Төменде келтірілген заттардың ішінен көмірсутектердің формулаларын теріп жазыңдар: СН3С1,СН4, С2Н2, С2Н4, С20Н42, СН2С12, СНСІ3,ССІ4, С4Н8,С6Н6,С8Н8,С17Н36,С10Н22,СН3 ОН.
- 10. Метан молекуласында неше химиялық байланыс бар?
- Көміртек атомының кәдімгі күйі мен «қозған күйінің» айырмашылығы қандай?
- С-Н байланысының типі қандай?
- Гибридтену деген не?
- Метан молекуласындағы байланыстар неліктен «бірдейленді»? Неге біреуі s-s байланысы, басқа үшеуінен (s-р) өзгеше емес?
- 15. Гибридтенудің қандай тәсілдері болады?
а) sр3; ә) sр2; б) sр гибридтену қандай көмірсутектерде кездеседі?
- Көміртек атомдары қанша гибридтік күйде бола алады?
а) sр3, б) sр2, в) sр гибридтену калай жүзеге асады?
- Коваленттік байланыстардың неше түрін білесіңдер? Олардын бір-бірінен айырмашылыгы неде? Мысалдар келтіріп түсіндіріндер.
- Коваленттік байланыстың үзілуі қалай жүреді?
- Кандай бөлшектер радикалдар деп аталады?
- Этилен молекуласындағы байланыс бұрышының мәні қандай?
- Бос радикалға мына сипаттамалардың қайсысы тән:
а) бос электрон жұбының болуы;
ә) дара (жалқы) электронның болуы;
б) оң немесе теріс зарядтың болуы?
ІІ-тапсырма.Кесте толтыру.
- Көмірсутектердің құрамындағы химиялық байланыстың түріне (дара және еселі) қарай қалай жіктелетінін көрсететін мына сызбанұсқаны толтырыңдар:
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларды «Алкандар. Алкандардың изомерлері мен атаулары» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Алкандар — молекула құрамындағыкөміртек атомдары өзара тек дара σ-байланыстар арқылы байланысқан жалпы формуласы CnH2n+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер.
Алкандардың молекуласындағы әр көміртек атомының барлық төрт валенттігі толығымен, яғни шетіне дейін сутек және көміртек атомдарымен қаныққан. Сондықтан алкандар қаныққан (шектелген) көмірсутектерге жатады.
Алкандарды бірінші мүшесіметан болғандықтан, метан қатарының көмірсутектері немесе парафиндер деп те атайды.
Енді метанның мысалында алкандардың жалпы формуласын пайдаланып есептеу жүргізейік. Жалпы формуладағы CnH2n+2, n — көміртек атомының санын көрсететін бүтін сандар. Көміртек атомының саны бірге тең болғанда (n= 1), сутек атомының саны 2n+2 =2∙1+2 = 4 болады да, ең қарапайым органикалық қосылыс, қаныққан көмірсутек—метанның молекулалық формуласы СН4 шығады.
Көмірсутек молекуласындағы көміртек атомдарының саны екіге тең болғанда (n= 2), алкандардың екінші мүшесі — этанның формуласын С2Н6 табамыз. Осылай алкандардың келесі екілдері: үшінші көмірсутек — пропанның С3Н8, төртінші — бутанның С4Н10 және т.б. басқа алкандардың формулалары анықталады. Яғни, жалпы формуланы CnH2n+2, пайдаланып, алкандар қатарының кез келген мүшесінің формуласын құрастыруға болады.
Алкандардың алғашқы мүшесі метан СН4 мен келесі мүшесі этанның С2Н6 молекулалық құрамын салыстырсақ, бір-бірінен СН2 тобына айырмашылығы бар екенін табамыз. Осы сияқты, этан С2Н6 мен пропанның С3Н8, пропан С3Н8 мен бутанның С4Н10, яғни әр келесі көмірсутектің молекулалық құрамы өзінің алдындағы көмірсутектен СН2 тобына өзгеретіндігін байқауға болады
Жалпы формулалары бірдей, химиялыққасиеттері ұқсас, ал құрамдары бір немесе бірнеше СН2 тобына өзгеріп отыратын заттар гомологтар деп аталады (гр.homologos —ұқсас). Гомологтарды салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне қарай орналастырса, гомологтық қатар түзіледі. СН2 гомологтық айырым деп аталады.
- берілген заттардың атаулары бойынша құрылым формулаларын жазыңдар:
а) н-гексан,
ә) 2-метилбутан,
б) 2,3 –диметилпентан,
в) 2,2-диметелбутан.
І-тапысрма.
Метан, этан,пропан,бутан.
Төртеуінің аты тарихи түрде қалыптасқан.
Пентаннан бастап қалғандары,
Шыққан екен грек саны аттарынан.
Алғашқы төрт зат (С1-С4)-төртуіде газ екен,
Олардың саны басқалардан аз екен.
Келесі он бір көмірсутек(С5-С15)-сұйықтар,
Ал С15-С34-тен бастап бәрі де қатты заттар.
Бәрінің аталуының соңы болады «ан»,
Көмірсутек түрлері ғой олар қаныққан.
Жалпы формула оларда -СnН2n+2.
Дұрыс болады оны да жаттап алған,
n-деген саны екен көміртек атомының,
Олардың бір-бірінен ажыратылу заңын білгің.
Бір, немесе бірнеше (СН-) тобына өзгереді.
«Метилен»-дейді, деп жүрме оны- «аты кімнін?».
Метан және оның гомологтық қатары,
Қышқыл, иә сілтілермен әрекеттеспейді,
Ең күшті тотықтырғыштар да,
Оларға тотықтырғыш қасиет көрсетпейді.
Өйткені көмірсутектегі көміртек атомдары,
Өз валенттіктерін толық жұмсап жіберген.
Жоқ олардың байланыс жасайтын электрондары,
Барлық көмір тек атомдары сутекпен қанығып шектелген.
Сол себепті осындай көмірсутектерді.
«Шектелген көмірсутектер»-деп атайды.
Немесе қаныққандығын ескеріп,
«Қаныққан көмірсутектер»- деп те атайды.
Сабақты аяқтап, балалармен қоштасамын.
Тексердім:——————
———————————
——————————————————————————————————————
Алкандар тақырыбын меңгеруге арналған материалдар, тапсырмалар өте дұрыс ұйымдастырылған, оқушының жас ерекшелігіне сәйкес келеді
Көп рахмет! Сапалы жасалған жұмыс екен
Мүмкін болса жаңа оқу бағлармасымен жоспарды қайта құрастырса жоғары деңгейде болады
Жаңа оқу бағдарламасымен жасалса жақсы болар еді. Оқушының өзіндік дамуын қарастыру керек сияқты
Сабақ барысында сұрақтар,әртүрлі тапсырмалар бірін-бірі толықтырып оқушының жан-жақтылы білімін тексеруге мүмкіндікті молайтады екен. Мақала маған өте ұнады. Осындай мақалаңызбен бөліскеніңізге рахмет!
Өте керемет.Бәрі жақсы берілген.Түсінікті әрі кестелермен берілген.Өзіме керектісін алдым.Рахмет
химиядан қысқа мерзімді жоспарлар қажет еді мүмкіндік болса 8-11
маған химиядан электронды көрнекіліктер қажет еді