Тақырыбы: «Гүлдер патшалығы»
Сабақтың мақсаты: Табиғаттың бөлінбес болшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. Сондықтан «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «Көкті жұлма көктей соларсың» деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған. Жас жеткіншектер бойында табиғатты аялау мен қастерлеуге деген сезімін ояту.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
- Би
Айым:
Белгісі -әдемілік, сұлулықтың,
Гүлдердің сан алуан сырын ұқтым.
Әсем гүлдер айналды бесігіне,
Махаббат сезіміндей ұлылықтың!
Ақсауле:
Кей гүлдер ағзамызға ем береді,
Көп адам шипа алып, емделеді.
Әрі әдемі, әрі ем, әрі сыйлық,
Гүлге не дүниеде тең келеді?
Айым: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі гүлдер патшалығы деп аталатын сайысымызға қош келдіңіздер!
Ақсауле:Табиғаттың бөлінбес болшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. Сондықтан «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «Көкті жұлма көктей соларсың» деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған.
Айым: «Гүл — дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау — үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі кешіміз осы гүлдер әлеміне арналады.
- Видео ролик
Ақәуле: «Біздің гүлдер ешқашанда солмайды» деген ұранмен өткізіліп отырған «Гүлдер патшалығы» атты сайысымыздың қатысушыларын ортамызға шақырайық:
Ақсәуле:
Персияда қастерлеумен майымды
Астанаға менің атым қойылды
«Құдайдың өзі сүттен жаратты»-деп
Грек халқы мені әркез таратты көп.
Ертегісі болып жүрген жер ғаламның
Сұңғақ бойлы лалагүл –мен боламын- деп, ортаға 6 «Ә» сыныбының Лалагүлдерін шақырамыз!
Айым:
Кім білмес қыр аруы қызғалдақты,
Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты.
Сәні деп өмірінің, көңілінің,
Сый етіп, мені жігіт қызға арнапты.- демекші, 6 «Б» сыныбы Қызғалдақтарын ортаға шақырамыз!
Ақсәуле:
Жайлауда жел тербесе,
Иісіңе дала аңқыр.
Бақшадан да мен неше,
Көрдім сені Жауқазын.
Ежелден халық бұл гүлді,
Жалқауларға қимайды.
Қорғайтын елді, үлгілі,
Батырларға сыйлайды.- демекші 6 «В» сынып намысын қорғайтын Жауқазындарды ортамызға шақырамыз!
Айым:
Жақсы істі әрқашанда саралаған,
Әділдік туын төрге қадап алған.
Осындай жарыстарға төре болып,
Қашанда әділқазы бағалаған, — дей келе, әділқазы мүшелерімен сіздерді таныстырып өтейік.
Ақсәуле:
- Мектеп директоры- Фатима апай.
- Еңбек пәні мұғалімі-Сәнімгүл апай.
- Бейнелеу өнер пәні мұғалімі- Дәурен ағай.
Айым:
- Биология пәні мұғалімі- Қалбүбі апай.
- Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары- Аида апай!
Ақсәуле:
Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен таныс болсақ. Сайысымыз 5 турдан турады.
Айым:
1-тур: Топты таныстыру (әр топ- топ атауын, төстаңбасын таныстырып өтеді)
2-тур: Гүлдер көрмесі ( үй тапсырмасы ретінде, командалар гүлден жасалған заттарын көрмеге қояды)
Ақсәуле:
3-тур: Қағаз гүлдер солмайды деп аталады. (4 минут ішінде қыздарымыз түсті қағаздардан гүл жасауы керек)
4-тур: Артық болмас білгенің (бұлда уй тапсырмасы ретінде, әр команда гүлдер туралы баяндама жасайды) еркін тақырып.
5-тур: Ойын.
Айым:
Осы шарттарды орындау барысында командалар 1-7 балл аралығындағы балмен бағаланатын болады.
Барлық шарттар топтарымызға түсінікті болса, 1-турымызға кезек береміз! Ережесі: топ гүл атауымен аталуы қажет, топ ұраны, төстаңбасы осы атауға сәйкес болған жөн.
1-тур
Ақсәуле: Ал енді «Лалагүл» тобына кезек береміз!
Айым: Кезек «Қызғалдақ» тобында!
Ақсәуле: «Жауқазын» тобы кезек сіздерде!
Ақсәуле: Айым сен, гүл сыйлаудың денсаулыққа пайдалы екенін білесіңбе? Гарворд университетінің ғалымдары жуырда адам психологиясына әсер ететін құбылыстарды зерттеп, тірі гүлдердің адамның денсаулығын жақсартатынын, көңіл-күйін көтеріп, қуат беретінін анықтады.
Айым: Ия, Ақсәуле, әсіресе, гүл сыйлайтын адам гүлді алушыдан да артық пайдалы әсер алатындығын дәлелдеді!
Ақсәуле: Сонымен қатар, университет ғалымдары гүл өсірумен айналысатын адамдардың шыдамды, төзімді, көңілді болып жүретіндіктерін ерекше атап өтті.
Айым: Сондықтанда «Жақындарыңызға жиі гүл сыйлаңыздар!» деп кеңес береміз!
Ақсәуле: .
Олай болса 2-турымыз-Гүлдер көрмесіне кезек келді. Ережесі: алдын ала дайындалған шағын көрме. Топтың әр мүшесі гүлдерді пайдалана отырып жасаған әртүрлі бұйымдарын қысқаша таныстырып өту.
Айым: командалар дайын болса біз бастаймыз!
2-тур – командалар ортаға шығады
Ақсәуле: «Лалагүл» тобынының қолдан жасалған еңбектері
Айым: «Қызғалдақ» тобының еңбектері
Ақсәуле: «Жауқазын» тобының еңбектері
Айым: Қыздарымыз өз қолдарымен жасап келген керемет дүниелерін әділ- қазыларымыз тамашалап, өз бағасын бере жатар!
Ақсәуле: Ендеше алдарыңызда бишілеріміздің орындауында_________ ,биі
Айым: Көзді ашып жұмғанша 3 сатымызға да кезек келді. Ережесі: берілген уақыт ішінде қағаздан гүлдер бейнесін жасау.(жапсырмалау, оригами) Командаларға 4 минут уақыт беріледі.
Ақсәуле: Ендеше командалар 3 дегенде бастаймыз!
Ақсәуле- Айым:1…2…3
3-тур
Ән Дана апай
Айым: Тоқтаңыздар, уақыт бітті!
Ақсәуле: Командалар кезектеріңізбен жасаған еңбектеріңізді әділ – қазыларымыздың столына қойсаңыздар!
Айым: «Лалагүл» тобы, «Қызғалдақ» тобы, «Жауқазын» тобы.
Ақсәуле: Командаларға көп рахмет!
Айым: Командалар 3-турдан шаршамай сәтті өткен болса,
Табиғаттың ажары, көркемі бір
Шежіресі секілді ертегі жыр
Ақсәуле:
Ал, тыңдаңдар, гүлдерге сөз береміз,
Өзі жайлы өздері шертеді сыр!- дей келе 4турға кезек береміз!
Айым:4-тур. «Артық болмас білгенің»
Ережесі: әр топ үй тапсырмасы бойынша әзірлеп келген гүлдер туралы мәліметтерін көрсетеді (альбом, буклет, өлең т.б.)
4-тур
Ақсәуле: Айым сен қандай түсті гүлдерді ұнатасың?
Айым: Ақсәуле маған барлық түсті гүлдер ұнайды, себебі гүл қандай түсте болмасын ол әдемі емеспе!
Ақсәуле: Әрине, Айым! Психологтар қандай түсті гүлді жақсы көретініне қарап та, адамдардың мінез құлқын анықтайды екен!
Айым: Ендеше бізде залдағы көрермендерден сұрап көрсек, қандай түсті гүлді ұнатады екен?
Ақсәуле: Сіз қандай түсті гүлді ұнатасыз?
Айым: Ендеше 6- сынып оқушылары бізге гүлдердің түсі жайлы мәлімет бере кетсе!
6-сынып оқушылары
Ақсәуле: Ия, біраз мәлімет те біліп алдық, командаларымыз сүрінбей 4-ші турдан өтіп те алды, ендеше кезекті 5-ші турға береміз!
Айым:5 тур.-Ойын. Командалар экранда көрсетілген сұрақтарға кезектесіп жауап беру арқылы гүл құрастырады, әр командаға 4 сұрақтан, қай команданың сұрағы дұрыс болмаса, гүлі құрастырылусыз қалады.
Ақсәуле: шартымыз тусінкті болса, біз бастаймыз!
5-тур
Айым:1-ші сұрағымыз «Лалагүл» командасына
Айым: 5-турымызда тартысты, таласты өтті.
Ақсәуле: Әділ қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып біткенше
Бүгінгі біздер думан кешін қарсы алып,
Табиғаттың сырын білдік қаншалық.
Гүлдей жайнап жайраңдаған жүзіміз,
Енді біздер би билейік, ән салып.
алдарыңызда әнші қыздарымыз_______________________ән шырқайды!
Айым: Әділ қазы алқалары өз қорытындысын шығарған болса, сөз өздеріңізде!
Ақсәуле: Құрметті ұстаздар мен оқушлар, біздер бүгін гүлдер әлеміне саяхат жасадық. Табиғатта гүлдердің түрі өте көп, олар сан алуан. Гүлдерді бір ғана сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Біз Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгалдандыру, жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.
Ақсәуле:
Сән беріп көркем еткен қаламызды,
Құлпыртқан ұлан-байтақ даламызды.
Біздерге алуан гүлді тарту еткен,
Қастерлейік кйелі жер анамызды- дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз!
Ақсәуле-Айым: Қош сау болыңыздар!
Алматы қаласы Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының биология және география пәні мұғалімдері Балқыбекова Рабиға Жұманазарқызы, Рустемова Мадина Толбасықызы.
Өткізілген орны: Мәжіліс залы
сабақтың мақсатын оқушылардың қоршаған ортаға қамқоршылығын арттыруға негізделіп қойылған. Табиғатты аялау мен оны қорғауға баулудағы барлық қағидаттар ескерілген. Керемет
Тақырып жақсы құрылған. Адеми. сапалы. Мәліметтер толыққанды
Жас жеткіншектер бойында табиғатты аялау мен қастерлеуге деген сезімін ояту мақсатына сай нәтижеге қол жеткізгенін суреттерден байқауға болады. Табиғатқа сүйіспеншілік сезімін оятудың бірден-бір жолы