«Шалқан»ертегісіне саяхат

2016-2017 жылға арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Технологическая карта организованной учебной деятельности на 2016-2017 учебный год

Ортаңғы топ   «Б» средняя группа  «Б»

Мерзімі  /  Дата «24» сәуір

Ортаңғы топ   «Г»средняя группа  «Г»

Мерзімі  /  Дата «15» мамыр

Карточка № 18

Білім беру саласы / Образовательная область:   Коммуникация

Бөлімдері /Раздел:   қазақ тілі

Тақырыбы / Тема:  «Шалқан»ертегісіне саяхат. (жыл бойы өткенді қайталау)

Мақсаты/ Цель:  жыл бойы өткен тақырыптарға шолу.

Міндеттері/Задачи:

Білімділік/Образовательная:  Жыл бойы өткен тақырып бойынша алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық/Развивающая:   Балалардың дүние танымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, сөйлемдегі сөздерді,сөздердегі дыбыстарды анық айту дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік/Воспитательная: Балаларды еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы/Словарная работа

Көптілділік/ полелингвальный компонент  : ертегі-сказка- story,жеміс-фрукт-fruit,көкөніс-овощ-vegetable,шалқан-репка-turnip,отбасы-семья-family,ата-дедушка-grandfather,қыз-девочка-girl,ит-собака-dog,мысық-кошка-cat.

Қажетті көрнекі кұралдар /Материал :  ертегінің суреттері,кобдиша,текше,алма ағашы.

Шалқан»ертегісіне саяхат

 Педагог  қызметі

Действия педагога

Балалардың

қызметі

Действия детей

Мотивациялық-қозғаушылық          Мотивационно-побудительный
1.Шаттық шеңбері: Қуанамын мен де,қуанасың сен де,

Қуанайық бәріміз,жарқыраған күнге!

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Балалар,біз ертегілерді білеміз бе?

Қандай ертегілерді білеміз?

   Шаттық шеңберінде тұрып,доппен ойын ойнатуға болады.Сұрақ –жауап.

 

 

Ұйымдастыру- іздестіру     Организационно-поисковый
  Музыка ойнайды. «Сиқырлы қобдиша» әдісі.

-Ой,балалар,мынау не екен?

-Иә,бұл қобдиша (шкатулка).Ішінде не бар екен?Білгілерің келеді ме?

Ашылмай жатыр!Сендер осы қобдишаны ашу үшін маған көмектесіңдер.Сұрақтар қою.Ішіндегі сөздерді қайталаймыз.

Ішіне жемістер мен көкөністер қайталату.Мысал: алма,алмұрт,өрік,қияр,сәбіз,шалқан.

Осы жерде түстерді де қайталап кетуге болады.

Шалқан деген сөзге көңіл бөліп,бүгінгі тақырып «Шалқан» ертегісіне саяхат деп тоқталу.

Ал ендеше ,балалар , шалқан ертегісінде қандай кейіпкерлер болып еді?Есмімізге түсірейік!

«Ғажайып текше»әдісі.текшені әр баланың алдына тастап,кейіпкерлерін айтқызу.

Ата-әже-қыз(немере)-ит-мысық-тышқан.

Сергіту сәті.

Аяқпенен топ-топ-топ

Алақанмен хлоп-хлоп-хлоп

Бір оңға,бір солға

Билейікші кел мынада!

 

Балалар таңқалады,қуанады.

-қобдиша.

 

Ия , көмектесеміз!

Қобдишаның ішіндегі суреттерді көріп,атайды.

 

 

 

Ата,әже,немере қыз,ит,мысық,тышқан.

 

Текшенің бетінде бейнелеген суреттерді атайды.

 

Сергіту сәтін орындайды.

 

Қимылдарды қайталайды.

 

Рефлексивті- Түзетушілік      Рефлексивно-коррегирующий
«Алма ағашы» әдісі.

 

Бағалау: жұлдызшалармен бағалаймын.

 

 

 

Алма ағашынан бір-бірлеп алманы алып,артында бейнеленген суреттерді айтады.

Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:

Нені біледі/Знать: жыл бойы өткен сөздерді біледі.

Қандай түсініктерді игереді/Иметь:  жемістер мен көкөністер айырмашылығын игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері/Уметь :  жұппен , топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Педагог:Абилдина А.К.

Пікірлер34
  1. Сраждинова Мухадас

    өте керемет

  2. Аягоз

    Ертегі екі тілде болғанда өте жақсы. РАқмет

  3. Бибинур

    Балаға түсінікті өте жеңіл жасалынған бала қызығып тыңдарлықтай екен тамаша

  4. Зине

    балаларға ертегі жасатуға мүмкіндік берді

  5. Майра

    Бұл ертегіні балалардың сөз қорын дамытыуда беретін пайдасы мол. Өзім жас маманмын, енді ертегіні тағы түрлендіріп түсіндіретін болдым) Сабақ жоспары бойынша сабақ өз мақсатына жетіп, тақырыбын аша біле алады деуге болады. Әр мама өзінің ыңғайына қарай өзгертуге келеді.

  6. Гулнара

    Сабақ тақырыбы мақсатын аша білді

  7. Дина

    Ертегі желісі жеңіл түрде құрылған, тапсырмаларыда. Енді бала бақша деген соң соған сай жасалынған шығар деп отырмын… Тағы біршама ойын түрінде де өткізуге болатын шығар деп ойлаймын

  8. Алина

    Ертегі екі тілде өте жақсы

  9. Арай

    Ертегіге саяхат дегесін жерде мазмұны айтылу керек еді

  10. Арай

    шалқан ертегісінің желісімен ,әр кейіпкерге бір бірден тапсырма беріп орындатуға да болады. Біздің мектеп кезіндегі ертегілер ғой.Керемет

  11. Гүлнұр

    Шалқан» ертегісі балаларға өте қызықты. жоспар өте жақсы құрастырылған. Екі тілде. Қазіргі кезде балалардың сөздік қорын байыта аламыз, тек 1 тілде ғана емес көп тілге үйрете отырамыз.

  12. Айдана

    ғажайып текше әдісі деген қандай әдіс, текшені үстаған бала ертегіні жалғастырама?

  13. ТАЗАГУЛЬ

    Ертегі баланың қиялын дамытады. Ойын жетелейді

  14. Айгерим

    Сабақ жоспарын қарап шықтым. Өзім де бастауыш сынып мұғалімімін. Толықтыру керек. Жалпы ердегі сабақтарды оқушының өз фантазиясына берген тиімді сияқты.

  15. Алмаш

    Шалқан ертегісі ең қызық ертегілердің бірі.Бала кезіміздегі ертегі.Баланың сөздік қорына,есте сақтау қабілетіне өте жақсы жасалған.

  16. Айнур

    ертегінің жоспары балаларға дәйекті құрастырылған, тамаша

  17. Баян

    ЕРТЕГІНІҢ МАЗМҰНЫН АШУ МАҚСАТЫНДА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНА БІЛГЕН.

  18. Ботагөз

    «Шалқан» ертегісі балаларға өте қызықты. жоспар өте жақсы құрастырылған. Екі тілде. Қазіргі кезде балалардың сөздік қорын байыта аламыз, тек 1 тілде ғана емес көп тілге үйрете отырамыз.

  19. Акмолдир

    Шалқан ертегісі барлық балаларға ұнайды бала тұрмақ үлкендергеде ұнайды мағыналы ертегі әдіс тәсілдер талапқа сай. сабақта қолдануға өте еремет!!!

  20. Айнур

    Шалқан ертегісінің мазмұнын толық аша білген

  21. Айдын Қанатқызы

    Ертегі оте жаксы таңдалған әрі екі тілде. Бұл өте жаксы

  22. Гулайша

    Иә, ертегінің желісі балаларға ерекше ұнайды. Тілге жеңіл. Кейіпкерлері де есте қаларлықтай. Сабақ жоғары деңгейде өткеніне ешқандай шүбәм жоқ. Жарайсыз!

  23. Айсулу

    Шалқан ертегісі барлық балаларға ұнайды бала тұрмақ үлкендергеде ұнайды мағыналы ертегі әдіс тәсілдер талапқа сай

  24. Акнур

    Бул ертегине кандай тасилмен корсетип бейнелесек те маныздылыгын жогалтпайды. Автор жана тасилдерди колданган екен, рахмет. Керек жерин туртип алдым

  25. Айнур

    Бәрі білетін «Шалқан» ертегісінің балаларға берері мол. Ал, сол ертегінің мазмұнын жеткізу үшін, осы жоспарды ойлап тапқан ұстаздың шеберлігі керемет.

  26. Сауле

    Ертегі балаларды еңбексүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Сабақ өте жақсы құрылған.

  27. Дәмелі

    Ертегі түрінде өткенді қайталау жақсы ұйымдастырылған!

  28. Сандугаш

    Шалқан ертегісіне байланысты құрылған сабақ өте құрлымы мен оқу мақсаттары сай негізделіп жасалынған. Осы сабақ жоспарын әдістемелік тұрғыда көмек ретінде пайдалануға кеңес берер едім.

  29. гаухар

    «Шалқан» ертегісі барлық балаларға ұнайды. Сабақ жоспарының құрылымы дұрыс құрылған. Мән — мағынасы, тәрбиелік мәні көп сабақ жоспары.Оқушыларға берері көп. Сізге сәттілік тілеймін.

  30. Айжамал

    Оқушылапрдың сөздік қорын байытуға септігін тигізеді.сіздің сабағынызды өз сабағыма пайдаланамын

  31. Aknur

    «Шалқан» ертегісін балабақшада көптеп орындап жүрміз. саусақ театрымен, қолғап театрымен, көптеген театр түрлерімен орындап жүрміз. өте жақсы жазылған.

  32. Айгерим

    ертеги балаларды еңбек корлыққа, ауызбіршілікке тәрбиелейді. Жоспар керемет!

  33. Асел

    жақсы жазылған жарайсыз сіздің сабағынызды өз сабағыма пайдаланамын

  34. Нұрбану

    Ертегі жоспары екі тілде құрастырылған.Орыс және қазақ тілінде,Оқушылапрдың сөздік қорын байытуға септігін тигізеді.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ