Түлкі, Қоян және Әтеш ертегісі

түлкі, қоян және әтеш ертегісі Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі ағаштан болыпты.
Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине, бірден еріп кетті. Жаураған түлкі қоянға келеді.
— Қоян, қоян! Мені үйіңе кіргізші, жылынып алайын!
Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады.
Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді.
— Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?
— Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім…
— Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз! Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді.
— Ау, ау, ау! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!
— Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой! Барлығыңды быт-шыт қыламын! — деді түлкі қорқытып.
Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрды.
«Үйі жоқтың — күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағы да жы¬лай бастайды. Алдынан аю шығады.
— Қоян-ау, не болды? Сонша неге жылайсың?
— Жыламағанда қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
— Жылама! Мен оны қуып шығамын.
— Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады.
— Көресің, қуып шығамын. Аю үйшіктің алдына келіп:
— Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін! — деп ақырады. Түлкі болса пеш үстінен:
— Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылу¬ды ойлады.
Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.
— Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? — деп сұрады.
— Жыламай қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
— Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!
— Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сен де қуа алмайсың!
— Жүр, көрерсің! Қуамын!
Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады.
— Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын!
Түлкі қорқып кетіп: «Қазір шығамын. Киініп жатырмын», — дейді.
— Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпа¬са, оны да шалғынша шабамын! — деп Әтеш қайта әндете бастайды.
Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» -дейді. Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді. Аман-сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер21
  1. Сайраш

    керемет ертег,

  2. Гулмира

    Керемет ертеги екен. Тили женил, балаларга окып беретин болдым. Казакша тили женил ертегилер оте аз. Осындай тилмен жазылган ертегилер кобирек шыкса екен. Балаларга окып беретин. Сизге улкен рахмет

  3. Амангул

    керемет ертегі екен қалай көшіріп алуға болады

  4. Құралай

    Атыңыз да, құпия сөзіңізде дұрыс емес дей береді. Соны түсінбедім, ақыры көшіріп ала алмағасын, теріп жазып алдым.

    1. Erketai (автор)

      Cіз сайтқа тіркелмесеңіз сайтқа қалай кірмекшісіз? Соны да түсінбейсіз бе? Бірінші «Тіркелу» сілтемесін басып сайтқа тіркелу керек содан соң почтаңызға құпия сөз жіберіледі.

  5. Құралай

    қалай көшірмесін алуға болады?

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркеліп, тіркелгендегі мәлметтерді жазып(логин,пароль)кірсеңіз көшіре аласыз.

  6. Құралай

    Ертегі қатты ұнады.

  7. Құралай

    Ертегіні ала-алмай отырмын

    1. Erketai (автор)

      Сізге жауап жазылды.

  8. Назерке

    өте керемет унады)

  9. наргиз

    рахмет

  10. ANARBEKOV BEKET

    жынды ертегі

  11. Makpal

    kalai kopirovat ete alamin aDMIN?

  12. Ұйықтар алдында балам кунде 3-ертегі сұрайтын,әр кезде тыңдаған ертегісін қайталап айтатынмын,бугін жаңа ертегі айтатаын болдым, рахмет, сіздерге ертегілерініз көбейе берсін,

  13. перизат

    оте катты

  14. перизат

    маганда унады

  15. Жанна Жанна

    ертеги унады маган

  16. Дәрумендер денсаулық кепілі

    ертегі ұнады

  17. рахмет

  18. Динара

    кызык ертегі

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ