Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ертегілер

 

Түлкі, Қоян және Әтеш ертегісі


түлкі, қоян және әтеш ертегісі Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі ағаштан болыпты.
Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине, бірден еріп кетті. Жаураған түлкі қоянға келеді.
– Қоян, қоян! Мені үйіңе кіргізші, жылынып алайын!
Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады.
Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді.
– Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?
– Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім…
— Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз! Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді.
– Ау, ау, ау! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!
– Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой! Барлығыңды быт-шыт қыламын! – деді түлкі қорқытып.
Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрды.
«Үйі жоқтың – күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағы да жы¬лай бастайды. Алдынан аю шығады.
– Қоян-ау, не болды? Сонша неге жылайсың?
– Жыламағанда қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
– Жылама! Мен оны қуып шығамын.
– Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады.
– Көресің, қуып шығамын. Аю үйшіктің алдына келіп:
– Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін! – деп ақырады. Түлкі болса пеш үстінен:
– Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылу¬ды ойлады.
Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.
– Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? – деп сұрады.
– Жыламай қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
– Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!
– Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сен де қуа алмайсың!
– Жүр, көрерсің! Қуамын!
Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады.
– Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын!
Түлкі қорқып кетіп: «Қазір шығамын. Киініп жатырмын», – дейді.
– Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпа¬са, оны да шалғынша шабамын! – деп Әтеш қайта әндете бастайды.
Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» -дейді. Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді. Аман-сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Шалқан ертегісі (мультфильм)
  • Мақта қыз бен мысық ертегісі
  • Балаларға арналған әңгімелер
  • Еркеш пен Тигли-Мигли
  • Апамның әңгімелері

Пікірлер 21 Пікір қосу

  • Сайраш 29.05.2023 күні 14:02 уақытында

    керемет ертег,

    Жауап беру
  • Гулмира 13.02.2021 күні 09:07 уақытында

    Керемет ертеги екен. Тили женил, балаларга окып беретин болдым. Казакша тили женил ертегилер оте аз. Осындай тилмен жазылган ертегилер кобирек шыкса екен. Балаларга окып беретин. Сизге улкен рахмет

    Жауап беру
  • Амангул 24.04.2015 күні 13:59 уақытында

    керемет ертегі екен қалай көшіріп алуға болады

    Жауап беру
  • Құралай 01.12.2014 күні 17:55 уақытында

    Атыңыз да, құпия сөзіңізде дұрыс емес дей береді. Соны түсінбедім, ақыры көшіріп ала алмағасын, теріп жазып алдым.

    Жауап беру
    • Erketai 01.12.2014 күні 18:17 уақытында

      Cіз сайтқа тіркелмесеңіз сайтқа қалай кірмекшісіз? Соны да түсінбейсіз бе? Бірінші «Тіркелу» сілтемесін басып сайтқа тіркелу керек содан соң почтаңызға құпия сөз жіберіледі.

      Жауап беру
  • Құралай 25.11.2014 күні 19:51 уақытында

    қалай көшірмесін алуға болады?

    Жауап беру
    • Erketai 25.11.2014 күні 19:54 уақытында

      Сайтқа тіркеліп, тіркелгендегі мәлметтерді жазып(логин,пароль)кірсеңіз көшіре аласыз.

      Жауап беру
  • Құралай 25.11.2014 күні 19:51 уақытында

    Ертегі қатты ұнады.

    Жауап беру
  • Құралай 25.11.2014 күні 19:51 уақытында

    Ертегіні ала-алмай отырмын

    Жауап беру
    • Erketai 25.11.2014 күні 19:54 уақытында

      Сізге жауап жазылды.

      Жауап беру
  • Назерке 16.06.2014 күні 17:56 уақытында

    өте керемет унады)

    Жауап беру
  • наргиз 17.04.2014 күні 13:47 уақытында

    рахмет

    Жауап беру
  • ANARBEKOV BEKET 10.03.2014 күні 10:38 уақытында

    жынды ертегі

    Жауап беру
  • Makpal 11.02.2014 күні 12:13 уақытында

    kalai kopirovat ete alamin aDMIN?

    Жауап беру
  • Bota Isimsartova 31.01.2014 күні 11:21 уақытында

    Ұйықтар алдында балам кунде 3-ертегі сұрайтын,әр кезде тыңдаған ертегісін қайталап айтатынмын,бугін жаңа ертегі айтатаын болдым, рахмет, сіздерге ертегілерініз көбейе берсін,

    Жауап беру
  • перизат 19.01.2014 күні 22:05 уақытында

    оте катты

    Жауап беру
  • перизат 19.01.2014 күні 22:04 уақытында

    маганда унады

    Жауап беру
  • Жанна Жанна 18.12.2013 күні 20:37 уақытында

    ертеги унады маган

    Жауап беру
  • Дәрумендер денсаулық кепілі 18.12.2013 күні 20:36 уақытында

    ертегі ұнады

    Жауап беру
  • akmaral14 08.12.2013 күні 18:10 уақытында

    рахмет

    Жауап беру
  • Динара 16.11.2013 күні 20:57 уақытында

    кызык ертегі

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.