Ойындар топтамасы

Ойын: «Сымсыз  телефон»

Ойын  бастаушы:  

Қызық  ойын  бұл  өзі,

Аты  «Сымсыз  телефон»

Ол  хабарын  үзеді,

Кібіртіктеп, бөгелсен.

Ал,балалар!

Баған  боп,

Қатар-қатар  тұрындар.

Жүрмес  үшін  алаң  боп,

Ойын  шартын  ұғындар.

Ең  сенімді, батылың,

Тұр  тізбенің  басына.

Сыбырлаймын  ақырын,

Жақын  келіп  қасына.

Қайта  сұрап  өршіме,

Ойын  шартын  ұғын  да,

Не  естідің, көршіңе,

Сен  де  жаймен  сыбырла.

Көршің  естіп,  ұққаның,

Көршісіне  сыбырлар.

Мықты  болсын  ұстамын,

Даурықпандар  дыбырлап,

ойын түрлері, ойындар, балаларға арналған, ойын, ойын сабақОйын  басталды.

Ойын  бастаушы Бұл  ойынға  сай, жаңа

Тізбек  басы  қай  бала?

(Балалар  атын  айтады.)

Менің  атым  Айбала

Ойын  бастаушы:

Айтқан  сөзді  ұғып  ал,

Құлағына  құйып  ал!

Жеткіз, білсін  бар  адам.

(Сыбырлайды  «Барабан»)

Ескерту:                  

Бастаушымыз  өзіңнен:

«Не  естідің?» — деп  сұраса.

Айт, жаңылма  сөзіңнен,

Кідірме  де  тым  аса.

Кешірмейді  мініңді,

Қате  болса  жауабын.

Сым  қай  жерден  үзілді,

Іздестіріп  табады.

Сөзді  қате  естіген,

Және  қате  жеткізген,

Бала

Айып  орнына,

Тұрар  тізбек  соңына.

Жасырылатын  сөздер: (тырна, сүлгі,жаңадан).

«Соқыртеке»  ойыны.

Ойын  бастаушы: Тартынбайық  жатырқап,

Қатарға  тұр, кел  енді.

Ал  ойнайық  асыр  сап

«Соқыртеке»  дегенді.

Ортамыздан  біреуді,

«Соқыртеке»  сайлаймыз.

Сүзбес  үшін  бұл

Елді,

Көзін  тас  қып  байлаймыз.

Қалғандарын  дауыстап,

Дейсің:

«Соқыртекесің»…..

Өздеріңді  сақ  ұстап,

Бір-бір  түртіп  өтесің.

Ұстаймын  деп  біріңді,

Ол  іздейді  жүгіріп.

Сен  шығарма  үніңді,

Ұстатпа,

Қаш  бұрылып.

Ол  ұмтылса  біріңе,

Түрткілеңдер  екіншің.

Бос  қарманып,

Түңіле,

Өз-өзінен  өкінсін.

Ойын  басталды:

Соқыртеке  болған  бала:

Қараңғыда  көзім  жоқ,

Тиіп  кетсе  сөзім  жоқ.

Ұстап  алсам  өзіңді,

Мен  ашамын  көзімді.

Ойынға  қатысушы  балалар:

Суқараңғы  текесің

Бақылдайсың: «Бақ-бақ!»

Текке  лағып  кетесін,

Өзіңді  өзін  мақтап.

(Соқыртекені  балалар  түртеді  де,  қаша  жөнеледі):

Кіммін,  қане,

Тап! Тап!

Ескерту:                 

Ұстап  алса  біріңді,

«Соқыртеке»  ойнында.

Кешірмейді  мініңді,

Жеңілісті  мойында!

«Қараңғыда  көзім  жоқ,

Тиіп  кетсе  сөзім  жоқ…»

Деп  ойынды  жалғастыр

«Соқыртеке»  өзің  бол.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер38
  1. Диханбаева Лаззат

    Ұлттық ойындарды өткізу арқылы баланың денсаулығына көңіл аударсақ екінші жағынан
    Сөздік қорларының молаюына ықпал етеміз. Вариативке осы ұлттық ойынды алғанбыз балалар өте қызығып ойнайды

  2. Акерке

    Керемет, сайтыңыздан өзіме қажетті ақпараттар алып жатырмын. Енді осы дүниелерді балалармен уақытымды өткізген кезде қолданамын

  3. Жанар

    Бала кезімізде «сымсыз телефон», » соқыртеке», ойындарын ойнайтын едік қызықты ойындар

  4. Нағима

    Тәрбиешіге көмек. Дайын картотека. Алып скачать етіп қолдануға болады!!

  5. Эльвира

    Серуенге шыққанда ойналатын ойындар.Жақсы сөздермен күнделікті ойнаса,балалар жаттап,өздері дағдыланып,үлкендердің көмегінсіз өздері ойынды ұйымдастырып,өздері ойнайтын болады.

  6. Риза

    Өте керемет ойындар!Рахмет сіздерге!

  7. Рсалды

    керегімізге жаратар дүние көп екен,рахмет

  8. Ардак

    ойындарды көріп қаыныштымын. біраз қорық жинадым

  9. Roza

    мен білмейтін ойындарда бар екен

  10. Ризагүл

    Ойынд топтамасы жаксы екен балалар осындай ойындар аркылы бир бирин танып, жаксы карым катынас жасайды, сондыктан мен осындай ойындарды балаларға бала бакшада серуен кезінде ойнаткан дурыс деп ойлаймын.

  11. Рабигуль

    Ойын топтамасы өте керек дүние,көп рақмет

  12. Унайбекова Нурила Сапаргалиевна

    Өте керемет ойындар екен бала бақшада балалар қызықтап ойнайды.

  13. Эльмира

    Дамыған мына заманда балалардың ойын қиялын дамытатын ойындар ойнатқан өте дұрыс.Теоефоннан гөрі өте тиімді.Баланың денсаулығына әсер етпейтін ойындар

  14. Айгерим

    Ойындар керемет,еңбектеріңіз жана берсін.

  15. Бимария

    Керемет ойындар бар екен. Сайтқа қалай тіркелеміз?

  16. Сагила

    Жақсы екен. Осындай дүниелер көбірек болса

  17. Арайлым

    өте керемет пайдалы заттар өте көп

  18. Жалын

    Жақсы ойындар топтамасы екен.Көмегі тиді рахмет

  19. Салтанат

    Бала ойын арқылы дамиды, тез ұғады өте жақсы ойын түрлері

  20. Айгерім

    Әртүрлі тақырыпта және әртүрлі бағыттағы ойындарды осы еркетай сайтнан табуға болады екеен, осы сайтты тапқаныма қуаныштымын

  21. Айгерім

    Балалардың қызығушылығын, танымын артыратын ойындар екен, қаламдарыныңыз, ойларыңыз ұштала берсің

  22. Гулмира

    ойындарыңыз ерекшк екен маған ұнады

  23. Акнур

    ойындар топтамасы өте керекті құжаттың бірі болғандықтан алғыс айтамын. бір ғана ойын түрін қамтып қоймай, барлық қимылды қозғалысты ойындарды көрсетіп жазғандарыңыз керемет.

  24. Жанерке

    Мақала авторына көп рахмет, оқып отырып балалық шағым есіме түсіп кетті ғой)))) Өкінішке орай бұл ойындар қазір ұмытылып барады, Сіздерге көп рахмет енді балаларыма үйрететін болдым!!!!!!!

  25. Ақмаржан

    Ойындар өте ерекше екен 1- сынып оқушыларына да ойнатуға болатын сияқты тек бала бақша ғана еме . Авторға рахмет.

  26. Актоты

    «СЫМСЫЗ ТЕЛЕФОН»ойындарЫ арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға болады. бұл ойындар әсіресе 5-6 жастағы балаларға өте қызықты.

  27. Айгерім

    Кандай тамаша ойындар.балаларга өте кызыкты және пайдалы ойындар тізбегі.өзіме калай жүктеп алсам болады?

  28. Аселай

    Өте жақсы жазвлған

  29. смагулова Жанылдык

    Сайтқа қалай тіркеледі

  30. Гулмарина

    Қалай жүктеуге болады?

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркелу арқылы.

  31. мария

    дидактикалык ойындардын түрлерін слайд түрінде кайдан карауға болады

  32. Ақзира

    Балабақшаға қажеттті музыкалық дидактикалық ойындар туралы материалдар топтамасы бар ма?

    1. Erketai (автор)

      Сайтты іздеп көріңіз.

  33. мөлдір

    калай ж8ктеу керек?маған балабақша балаларына психологиялық ойындар керек

  34. гульназ

    өте жақсы маған ұнады рахмееет

  35. Аккумис Тажимуратова

    Рахмет сиздерге керек материалды алдым

  36. Аккулиева Гулнар

    Өте жақсы көп керек мәліметтер алуға болады және де өзімде бар материалдармен бөлісе аламын, Раххххмет сіздерге!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ