Доп ұстау және Жүгіріп өту ойыны

   Секіріп жүріп доп ұстау

Балабақшада ересек балалар топтарында сюжетті, сондай-ақ сюжетсіз сақина кигізу ойындарын пайдалануға болады: әртүрлі формадағы тағандардың үстіне қазықша орнатылады. Балалар қашықтығы (1,5-2,5 м.) жерден сақина тастайды. Ойынды балалар  тобымен (4-6 адаммен) өткізуге болады.
Балалар үш сақинадан алып, оны кезекпен лақырып кез-келген қазықшаға кигізуге тырысады.

Тәрбиеші балалардың ішінен кімнің сан жағынан сақинаны көбірек лақтырғанын белгілеп алады.

Ойын варианты: Балалар шартты түрде келіскен ұпайлар санына (6-10)ие болғанша, кезекпен екі-үш сақинадан лақтыра береді. Дәл кигізілгенін дауыстапсанауға немесе тастар, бүршіктер және басқа да заттар арқылы белгілеп қоюға болады.

Жүгіріп өту

Алаңның бір жағында үй сызықпен бөлінеді, қашықтығы 5-6 м сызылады,  оның ар жағында екінші үй тұрады. Бір жақты бойлай үйлерге перпендикуляртағы бір сызық жүргізіледі.

Ойнаушылар екі топқа — екі отрядқа (әрқайсысында 6-8 адамнан артық емес) бөлінеді. Бір отрядтың балалары кез-келген үйдің жанындағы сызыққа сапқатұрады. Екінші отряд жанындағы сызық бойына орналасады. Әрбір баланың аяғы аяғы жанында  екі-екіден қар кесегі жатады. Тәрбиешінің белгісі бойынша бірінші  отряд бір үйден екінші  үйге жүгіріп өтеді.

Екінші отряд балалары бір-бірден қар кесегін алып, оны  жүгірушілерге лақтырады.Кесек қар кімге тисе, сол шетке шығып тұрады. Жаңа белгі берілгенде, жүгіріп өтукері қарай болады: бүйір жақтағы сызықта тұрған балалар жүгіріп бара жатқандарға екінші рет қар кесегін лақтырады. Сондай-ақ, бұл ретте кесек қар тигендер бір жағына шығыптұрады.

Тәрбиеші бірінші және екінші отряд балаларының ішінен кім ептірек, батылдырақ  мерген екенін белгілеп алады. Бұдан кейін ойыннан уақытша  шығып қалғандар өзінің отрядына қайта оралады. Отрядтар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.

Ескерту:

1.  Ойынға қажетті кесек қарды алдын ала даярлауға, оны бір жерге үйіп қоюға болады, осы жерден балалар оны алады, ал олардан ойын басталар алдында бірден  шиыршықтап алуға болады.

2.  Кезекпен қар лақтыруды тағайындау үшін отрядтар ( қай отрядқа бірінші жүгіру, ал қайсысына  кесек қарды лақтыру) санамақтарды пайдалана алады.

Пікірлер6
  1. Нағима

    Дене шынықтыру сабағында қолдануға болады далада ойнатылатын ойындар көп

  2. Ардак

    жақсы материалдар. рахмет

  3. Сауле

    Денсаулық саласына арналған ойындарының қызықты . Балалар ойынмен дамиды .

  4. Ризагүл

    Дене шыныктыруга арналган ойындар жиынтыгы өте керемет етіп жазылып түсіндірилген пән апайларга оте пайдалы ойындар екен балалврмен ойнауына.

  5. Рабигуль

    Балабақшаға керек дүние екен .Осындай материалдар керек бізге.

  6. Инкар

    Дене тәрбиесі сабағы өте қажетті сабақ. Мына ойын жоспары жақсы жазылған,түсінікті етіп

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ