Коронавирус Статистика covid-19 kazakhsha russian

Балабақшадағы сайыс сабақтар

Қызыл телпек жаз айларында туылған балаларды құттықтауға   келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендерді көп күн, бір жыл күткен туылған күндеріңмен құттықтаймын. Сендерге тек қана жақсылық, денсаулық, шат көңіл тілеймін. Оқуда алда, ата-аналарыңның, ұстазыңның мақтанышы болуларыңа тілектеспін.

Туған күнді кім қалай қарсы алады?  (балалардың әңгімесі)

Сендер қандай сыйлық сыйлап, алғыларың келеді?   (сурет салу)

Ал, енді, ойнаймыз.

Балабақшада,Ойын, сайыс,балаларға,ата-аналарға, тәрбиешілерге1. «Жаз айларында туылмаған балалар»  сайысы.

Туған күнге барарда біз сыйлық  пен ашық хат даярлаймыз. Ашық хатқа жазатын тілек сөздерді атау. Топтар кезектесіп айтады. Тілек сөздерді соңғы айтқан топ жеңімпаз атанады.
2. «Шаштараздар» сайысы.  (барлық балалар қатысады).
Ал, енді, қонақтар келер алдында үй иелері үсті-басын дұрыстайды: шаштарын әдемілейді, сәнді киім киеді. Топтар араларынан бір баланың шашын әдемілейді.

3. «Аспаздар» сайысы.
Бізге тағамды жақсы даярлайтын балалар керек. Белгілі уақыт аралығында топтар мерекелік тағам дайындаулары керек. Содан соң топтан бір адам шығып, тағам тізімін жариялайды. Соңғы айтқан бала жеңімпаз атанады.

4. «Сыйлық» сайысы
туған күн меркесінде біз әрқашан да сыйлық күтеміз. Топтарға тапсырма: қандай сыйлық алғысы келетінін ыммен түсіндіру.

5.  «Ал, енді, билейміз» сайысы.    Бір-бір қатысушылардан орындықүстінде билеу

1) рок-н-ролл

2) өзбек биі

3) ламбада

6. «Артистер» сайысы  «Ала тауық» ертегісі

1) комедия

2)  хикая

3)  қорқынышты

7.  «Егіздер» сайысы  екі адамнан ортаға шығып, бір-бір қолымен бірін-бірі құшақтап алады да, бос қолдарымен аяқ киімнің бауын шешіп, қайтадан байлайды.

8. «Ең тапқыр» сайысы

  • ·         Қайыңда 90 алма өсіп тұр еді. Қатты жел соққан кезде 10 алма жерге түсті. Қаншасы қалды? (қайыңда алма өспейді)
  • ·         Нені дайындап, жеуге болмайды?    (сабақ)
  • ·         Жұмық көзбен не көруге болады?          (түс)
  • ·         Ұзындығы, тереңдігі, ені, биіктігі жоқ болса да, өлшеуге болады.   (уақыт, температура)
  • ·         28 күн жылдың неше айында болады?    (барлық айларда)
  • ·           Қандай сұраққа «иә» деген жауап қайтаруға болмайды?   (сіз ұйықтап жатсыз ба?)
  • ·          Нені жерден жеңіл көтеріп, алысқа лақтыра алмайсың?     (қауырсын)
  •  Жер бетіндегі барлық адамдар нені бірдей жасайды?        (есейеді)

 Дискотека.

Мақала авторы:Курмашева Роза Шектыбаевна

Пікірлер15
  1. Айгерім

    балалардың сөйлеуін, ойлауын, кенен сөз табуып алуына, сөздерді ұтымды пайдалануға көп көмегегін тигізеді , осы ойындарды балабақшадағы тәрбиеленушілерімізге үйретіп, айтып, қатағалап отырсақ, баланың ой-өрісі дамиды.

  2. Гулим

    Өте керемет ойындар!Балалардың ой-өрісін,шығармашылығын дамытатын ойындар шығара беріңіздер!Бұл сайттын ата-аналарға да ,тәрбиешілерге де,балаларға да өте пайдасы көп

  3. Жанерке

    Балаларды тек ойнатып ғана қоймай сайыс түрінде сабақ өткізу өте тамаша! Балалардың қызығушылығын жеңуге деген ұмтылысын арттырады. Сонымен қатар әділдікке баулиды. Рахмет

  4. Бибігүл

    Балаларға өте қызықты пайдылы ойындар.балалардың ой өрісін шеберліктерін дамытуға керемет таптырмас ойындар екен Осындай қызықты ойындар шығарғандарынызға үлкен рахмет

  5. Айгерим

    Ойындар өте қызықты екен. Балаларға ойнатуға өте жеңіл. Міндетті түрде пайдаланамын бұл ойындарды. рахмет

  6. Kaliya

    балалардың актерлік шеберлікерін дамытатын ойындар екен

  7. Индира

    Балалардың ой өрісін дамытады

  8. Индира

    Балаларга арналган ойын топтасы балалардын ойлау кабылетын ой өрісін дамытады.

  9. Айгерім

    Тіпті тамаша.ойындар катты ұнап жатыр.кандай ойын ойнатарымды білмей калатын едім.оте кызыкты екен расында.

  10. Женис

    Қызық ойын екен. осындай ойындарымыз көп бола берсін.

  11. Асель

    Өте қызық. Баяғы ойындар қайталанбай жаңа ойын іздеп, жоспарын құрып, балалармен қызықты етіп өткен ұстаздарға, тәрбиешілерге мың алғыс.

  12. Tansholpan JAkipbaeva

    нағыз балаларға арналған сайыс екен

  13. qwertyu

    Көркейе беріңіздер. Ата-аналар мен бүлдіршіндердің қунышы болыңыздар.

  14. Jamiga

    Балаларға пайдасы мол екен

  15. Аккумис Тажимуратова

    Рахмет

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ