Ахметбек Дильназдың тақпақтар жинағы

Футбол

Футболдың отаны,

Бразилия алаңы.

Жанкүйерлер шуымен,

Ойын қызық болады.

Бүгін ақтық сайыс,

Көңіл күймен қатыс.

Германия елін,

Аргентина жеңді.

Бұл қызықты футболды,

Бүкіл елдер көрді.

    ***

 Дәрігер

Кішкене әлі баламын,

Таудай болар талабым.

Ақ халатты абзал жан,

Мен дәрігер боламын.

     ***

тақпақтар балабақшаға, балаларға тақпақтар, ана тақпақтар, әже туралы тақпақтар, тақпақтар жинағы

Алма

Қызыл алма әдемі,

Жаным жақсы көреді.

Өзі сондай үлкен ғой,

Оны жегім келеді.

Мен тәртіпті баламын,

Өте жақсы сабағым.

Ата-анамды қуантып,

Күнде « бестік » аламын.

       ***

Асыл әжем

Асыл әжем мейірімін төгетін,

Асыл әжем нұр сәулесін себетін.

Асылымсың , аяулымсың сен өзің,

Бақыттысың, қымбаттысың мен үшін

      ***

Анашым

Анашым бір өзіңсің асыл маған,

Өзіңсіз көңілім бір ашылмаған.

Өмір бойы өзіңді сыйлап өтем,

Тек сан болсаң бақыттымын асыл анам.

Ахметбек Дильназ   Арыс қалалық    

Ж.Байғұттиева атындағы өнер мектебінің домбыра бөлімінің шәкірті

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Айгерим Тогисова

    Жас қаламгер жаныңа жылулық, жүрегіңе жылы сөздер ұялай берсін!

  2. Бекпенбетов Жаркынбек

    Дильназда шығармашылық ізденіс бар. Өлеңдері жас ерекшелігіне сай келеді. Ойлау мен балалық сезімі бір бірімен үйлесіп тұр.

  3. KALJAN

    Тамаша! Өнерің биікке өрлей берсін!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ