Ұстаздарға арналған өлеңдер

ұстаздарға арналған өлең

Ұстазға арнау
Біріншіден, білім беріп,
Әріптерді үйреттің.
Абай менен Ыбырайдың,
Өлеңдерін жаттаттың.
Ұстаздарды тыңдап мен,
Жақсы баға аламын.
Ата-анамды мақтатып,
Ұстаздарды сыйлаймын!
Өмірбек Айғаным

Жайнай бер, ұстазым
Ұстазым, менің ұстазым,
Көмекке әркез құштарсың,
Бағыт-бағдар көрсетіп,
Жүрші жанымда мәңгілік.
Қателестім-түзедің,
Дұрыс жолды көрсеттің,
Жақсылыққа баулыдың.
Жамандықтан қорғадың.
Күлімдеген жүзіңнен
Мәңгі есімде қалдың сен.
Жас ұрпақты оқытып,
Болашаққа жол аштың.
Білім нәрін толтырдың,
Кішкентайдан біздерге.
Жайнай бер мәңгі, ұстазым
Екінші ана боп біздерге!
Иврай Қымбат

Мұғалім
Аяулы біздің мұғалім,
Мейірімді, әрі ақылды.
Үйретеді баланы,
Қадір тұтуға басқаны.
Мұғалімде шәкірт көп,
Шырақ болып жанады.
Қарамастан санына,
Жақсы көреді бәрін де.
Қатаң болса мұғалім,
Шақырғаны тәртіпке.
Қиын болса да жұмысы,
Түсіндіреді сабақты.
Мукатаева Теа.

Мектебіме ризашылық
Қадам бастым мектепке
Ұстаздарға жолықтым.
Білім алдың кітаптан,
Әріп тізіп дәптерге.
Өнер-білім үйрендім,
Жақсылықты түсіндім,
Білімге деген құштарлық,
Мектебімде оянды.
Зеннат Аяулым

Құттықтау
Шын жүректен құттықтаймын , ұстазым,
Бүгін сенің мерекең ғой, ардақтым.
Белгілі бір тұлғамсың сен мен үшін,
Жол көрсетер болашаққа алдағы.
Бәлім нәрін сусындырдың бәріне,
Жүрегіме із қалдырдың мәңгіге.
Ұмытпаймын ешқашанда сені мен,
Терең білім берген ,менің ұстазым!
Зеннат Аяулым

Ұстаз ұлағатты есім

Пікірлер2
  1. Асем

    Ұстазын ұлықтаған адам жаман болмайды. Шығармашылық шабыт тілеймін.

  2. Рахымғалиева Толқын

    Ұстаздар ұлы тұлға , мәңгілік бас иеміз алдырыңызда.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ