Ұстаз ұлағатты есім!

Ұстаз десе әр адамдың ойына балалық шағы еске түседі. Олай дейтін себебіміз ұстаз бала кезден-ақ тәрбиеге баулып, біліміңді шыңдап, арманыңды асқақтататын, қуанышыңды бірге көріп, мұңыңды бірге шерткен, жеңісіңді мақтан тұтып, тәртіпсіздігіңе көз жұма қарап, ең бастысы сәби жүрегіңді оятып әліппені алғаш аштырған ізгі жан. Ұстаздың әрбір айтқан сөзі келіп жатқан қазына. Ұстаз тек оқу жолыңды ғана емес өмір жолыңды түзейтін адам. ustaz-ulagatti-esimЖақсылыққа жетелеп, ар-намысыңды оятар, дәстүрді, салт-сананы, ақпен қараны ажыратып алажіптен аттамауға, былайша айтқанда екінші өмірге жетелейтін алып тұлға. Ендеше аяулы ұстаздарымызды ең ұлықты мерекесімен құттықтамау мүмкін емес. Ендеше ұлағатты ұстаздар сіздерді әлемдегі өздеріңіздің айтулы мерекелеріңіз ұстаздар күнімен қуттықтаймын. Тәрбиеші ше? Әрине екінші анамыз сонымен қатар өмір жолын көрсетуші қорғанымыз.

Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, ұлды ұясына қызды қиясына қондыратын ақылшымыз. Осынау киелі шығыс шаңырағы, Жамбыл ордасында біз сияқты түлектердің асыл жандарды құттықтамауы мүмкін емес. Ендеше барлық ұстаздарды және тәрбиешілерді бүгінгі мерекелерімен барлық шәкірттерінің атынан мың алғыс жаудыра отырып, алдағы еңбек жолында табыс пен бақыт тілей отыра құттықтаймын!

Авторы: Обылыстык мамандандырылган Жамбыл гимназия интернатынын

10 А сынып окушысы Бубекова Аяжан

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Ардак

    Ұстаз деген жақсы ғой. ұстаз болғаныма мақтанамын.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ