Өнерлі Өрендер №4

onerli-orender-4

Әке

Өнеге бар,өсиет әр сөзіңде,
Тыңдап өстім жасымнан «»Адам» атын.
Жазулы тұр ойларың, тұр көзіңде,
«Көрсетпесін баламның жаманатын!»

Қырандайын қияда қалықтаған,
Осал мінез,әлсіздік танытпаған.
Әкем менің,жетпейді саған ешкім,
Адамдыққа баулудан жалықпаған.

Өкінбе ештеңеге,алаңдама,
Ізіңді жалғар сенің балаң барда.
Адамдықтың үлгісі атанамын,
Таба етпей өзіңді жамандарға,
Барлығы үшін қарызбын саған ғана!

Авторы:Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Сам орта мектебі», 2-сынып оқушысы, 

Қалилаев Қазбек Джетібайұлы

***

Анама

Ақ сүт беріп өсірген,
Аяулы анам бұл менің.
Ақыл айтып жүретін,
Ақылды адам, жүрегім.

Жақсылықты айтатын,
Ақылшымның бірі ол.
Маған мәңгі сенетін,
Аяулы анам бұл менің.

Авторы: Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай селосы, Қаратоғай орта мектебінің 2 «Б» класс оқушысы

Қаратаева Әсем Жұлдызбекқызы

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ