Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балалар ауруы

 

Тұмау ауруы


Тұмау — тыныс жолдарын зақымдайтын жұқпалы ауру. Онымен ауырған адамның жағдайы күрт нашарлайды, қауіптілігі де осында. 1957 жылы дүние жүзіне тараған «Азиялық гриптен» миллионға жуық адам қаза тапты.

Тұмаудың ауру қоздырғыш вирустары сыртқы ортаға төзімсіз келеді. Олар күн сәулесінен, ыстықтан, ал хлорамин мен хлорлы әкпен, спиртпен, сілтілермен және қышқылдармен дезинфекциялаған кезде тез қырылып қалады. Бұған керісінше, суыққа өте төзімді, сондықтан да бұл ауру күз бен қыста, ерте көктемде етек алады.

Ауруды көбінесе тұмаумен ауырған адамдар таратады. Ондай сырқаттар ауруларын сау адамдармен қол алысып амандасқанда, балаларын аймалап сүйгенде, түшкіргенде, жөтелгенде жұқтырады. Сөйтіп, отбасында бір адам ауырса, оның ауруы үй- ішіндегі адамның бәріне жұғуы мүмкін.

Тұмау сондай-ақ науқас адамның тамақ ішкен қасығынан, ыдыстарынан, пайдаланып жүрген басқа да заттарынан жұғады. Сондықтан да жұқпалы аурудың бұл түрімен ауырған адамды мүмкіндігінше оңаша бөлмеде күтіп, емдеген жөн. Бұлай ету — аурудың екінші біреуге жұғуына жол бермейді. Осы тұрғыдан алғанда ауру адамның балалармен қарым-қатынас жасауына, оларға жақындауына болмайды. Оның режим сақтағаны жөн.

Тұмауға әсіресе жас балалар тез шалдығады. Тұмаудың ауру қоздырғыш вирусының А, В, С және тағы басқа түрлері бар. Солардың бір түрімен ауырған адамда тек соған қарсы белгілі бір уақытқа дейін иммунитет пайда болады. Мысалы, тұмаудың ауру қоздырғышы А вирусы болса, онымен ауырған бала бұл тұмаумен 1—3 жылға дейін қайтып сырқаттанбайды, ал егер тұмаудың қоздырғышы В вирусы болса, онда тұмаудың бұл түрімен бала 3—6 жылға дейін қайтып ауырмауы мүмкін.

Тұмаудың ауру қоздырғыш вирустары науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде айналасындағы ауаға тарайды дедік. Осылай вирус араласқан ауамен сау бала дем алса, онда вирус баланың жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығына түсіп, шоғырланады да, өсіп-өне бастайды, ондағы клеткалардың қызметін бұзады.

Өсіп- өніп күшейген ауру қоздырғыш вирустар және олардан бөлінген улы заттар қанға араласады, сөйтіп басқа органдарға да зиянын тигізеді. Ауру қоздырғыш сау баланың организміне түсіп, аурудың алғашқы белгілері білінгенге дейін бірнеше сағат немесе екі-үш күндей уақыт өтуі мүмкін. Бұл — аурудың білінбейтін (инкубациялық) кезеңі.

Тұмаумен ауырған баланың жағдайы көбінесе күрт нашарлайды, басы ауырып, денесінің қызуы көтеріледі, денесі қалтырап-дірілдейді. Тамаққа тәбеті болмайды, лоқсып құсады, әлсіреп орнынан тұруға шамасы келмейді. Тілі шыққан ересек бала басының қатты ауырып, денесінің ауыр тартқанын, еттерінің, буындарының салдырап, ал кейбіреулері сүйегінің ауырғанын айтады. Көбінесе маңдайы, шекесі солқылдап, көзінің түбі тартып ауырады. Көзі жасаурап, жарыққа қарай алмайды.

Ауру басталғаннан кейін екі-үш күннен соң, мұрнынан тоқтаусыз су ағып, қатты жөтеледі. Қатты жөтелетіні соншалық, жөтелген кезде кеудесі ауырады. Ал жас нәрестелер емшек еме алмайды, дауыстары қарлығады. Ауру баланың беті домбығып, еріндері кезереді, тамаққа тәбеті төмендейді. Арада үш-төрт күн өткен соң жөтелі күшейіп, ересек балалар қақырық тастайды, еріндеріне ұшық шығады. Баланың түсі боп-боз болып, тамағы қызарып, ісінеді. Жүрегінің соғысы жиілейді. Бауыры ісінеді.

Тұмау баланың қорғаныс күшін қатты әлсіретеді, сөйтіп кейбір органдардың ескілікті ауруын қоздырып жіберуі мүмкін. Тұмаудан кейін тыныс органдарының, құлақтың, ми қабығының қабынулары жиі кездеседі. Құлағының іші қабынған нәресте шырылдап жылап мазасызданады.

Ауырған баланы үйде емдейді. Ол алғашқы күннен төсекте жатып, оған дәрігер шақырылуы тиіс. Ауру басталған алғашқы күндері тұмауға қарсы сыворотка қолдануға немесе лейкоцитарлы интерферонды пайдалануға болады. Соңғы дәріні пайдаланар алдында оны қайнаған суға ерітіп, әрбір 2—3 сағат сайын мұрынға тамызу керек. Немесе 0,25 проценттік оксолин майын тәулігіне үш-төрт рет кеңсірікке жағады.

Ауыр жағдайда тұмауға қарсы гаммаглобулин қолданылады, немесе сывороткалы полиглобулинді пайдалануға да болады. Бала ауырған кезде денесінің қызуын жиі-жиі өлшейді. Дененің қызуы көтерілгенде дәрігердің рұқсатынсыз температураны басатын амидопирин, аналгин, аспирин сияқты дәрілерді беруге болмайды.

Дәрігер келгенге дейін ауру балаға құлпынай қосылған шай, компот ішкізуге болады. Бір ас қасық сірке қышқылын суға араластырып баланың денесін сүртсе де температурасы тез төмендейді. Спиртті, арақты немесе сірке қышқылын суға араластырғанда, оның жылылығы 18—22 градустан аспауы керек.

Науқас балаға жиі-жиі қайнаған су, бал қосылған шай, жылы сүт, әр түрлі жеміс-жидек шырынын, көкөніс қайнатындыларын ішкізген, жылы киіндіріп, тамақты дәмді етіп берген жөн. Бала ауырған кезде тамақты сұйығырақ етіп даярлап, аз- аздан жиі-жиі ішкізген дұрыс. Айран мен сүтті, сүттен жасалған тамақтарды және жеміс-жидектерді күн сайын пайдалану қажет.

Бала ауырған кезде организмінде витаминдер жетіспейді, сондықтан да оған жеміс-жидек, олардың шырындарын берумен қатар поливитаминдер де берген пайдалы. Гриппен ауырған кезде мұрыннан тынымсыз су ағатындықтан 2 проценттік эфедрин, проторгол, немесе 0,05 проценттік нафтизин және басқа да сұйық дәрілерді пайдалануға болады.

Ауру асқынбаған жағдайда антибиотиктер қолданылмайды. Баланың жағдайына қарай тыныс алу және басқа органдардың қабынуын болдырмау мақсатымен дәрігер антибиотиктерді өзі белгілеуі мүмкін. Егер ауру асқынса немесе өте ауыр өтсе, онда бала міндетті түрде ауруханада емделуі тиіс.

Бала үйде жатса, күн сайын бөлменің есік-терезесін, еденін хлораминмен немесе хлорлы әкпен және басқа да дезинфекциялық дәрілер қосылған сумен бірнеше рет сүрту керек. Желдеткішті жиі- жиі ашып, бөлменің ауасын тазартып отырудың да маңызы зор. Науқас баланың төсек-орны, ыдысы, сүлгісі бөлек болуға тиіс. Сөйтіп, баланы жастайынан тазалыққа үйретіп, суыққа төзімді етіп өсіруге күш салу қажет.

Ауырған бала ең алдымен режимді қатаң сақтауға, ал ата-ана ауру балаға дұрыс жағдай жасауға тиіс. Өйтпеген жағдайда тұмауды асқындырып алуға болады. Өйткені тұмау елемей жүре беретін, өздігінен жазылып кететін сырқат емес. Ауру балаға жақсы күтім, білікті медициналық ем, дұрыс қамқорлық жасалған жағдайда, ол тұмаудан 5—7 күн ішінде айығып кетеді.

Бірақ тұмау баланың қорғаныс күшін күрт төмендетіп, оны әлсіретіп кететінін есте ұстаған жөн. Ауырған баланың өзіне-өзі толық келіп, қорғаныс күшін көтеруіне бірнеше күн қажет. Сондықтан да баланың үйдегі күтіміне ерекше көңіл бөлген дұрыс.

Көмейдің ішкі шырышты қабығының ісінуі (ложный круп)

Бұл ауру негізінде тұмау болғанда, суық тигенде, баспа асқынғанда, қызылшамен ауырған кезде көрінеді. Ауырған баланың даусы қарлығып ас ішуі қиындайды. Дем алысы да қиындайды. Денесі боп-боз болып, маңдайынан суық тер шығады. Ауа жетпей тынышсызданады, ыстығы көтеріледі. Қан тамырының соғуы әлсірейді. Сондықтан да аурудың белгісі білінісімен ыстық шай немесе сүт ішкізген жөн. Қайнаған суға сода салып, соның буымен дем алдырған пайдалы. Сондай-ақ аяғын жылы суға 10—15 минуттай салып жылытқан да жөн. Бірақ тамағына компресс жасаудың қажеті жоқ.

Қызылша ауруы туралы мәліметпен танысыңыз.

Шошқа мойын (Паротит) ауруы жайлы біз не білеміз.

Демікпесі (астмасы) бар балаға көрсетілетін көмек.

Желшешек (ветряная оспа) қандай ауру сипаттамасы.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Өкпе деструкциясын рентгенмен тексеру
  • Өкпе деструкциясын басқа аурудан ажырату
  • Кеңірдек тармағындағы сілекей қабығының қабынуы
  • Лейкоз ауруы
  • Көзге әк түсіп кетсе не істеуге болады

Пікірлер 21 Пікір қосу

  • Аягоз 22.03.2022 күні 10:45 уақытында

    Пайдалы ақпарат үшін рақмет!

    Жауап беру
  • Мадина 05.02.2022 күні 00:07 уақытында

    балалар аман болсын. өзіміз ауырсақ та балапандар ауырмасын.

    Жауап беру
  • МАРЖАН 29.01.2022 күні 14:48 уақытында

    Билгенге маржан рахмет сиздергеее

    Жауап беру
  • Казна 27.01.2022 күні 08:02 уақытында

    Балапандар ауырмасын. Сақтанып жүрейік ағайын

    Жауап беру
  • Жауқазын 05.01.2022 күні 14:13 уақытында

    Естимеген елде коп дегенди коп акпараттар алдым

    Жауап беру
  • Бейсен Ұлдана 18.12.2021 күні 10:00 уақытында

    Көп мәлімет алдым рахмет. СӘТТІЛІК

    Жауап беру
  • Балжан 30.11.2021 күні 12:22 уақытында

    Көп мәлімет алдым рахмет?❤️‍?Сәттілік?

    Жауап беру
  • ТАЗАГУЛЬ 12.10.2021 күні 11:23 уақытында

    Тұмаудан сақтану керек. Асқынып кетсе де жаман …

    Жауап беру
  • ТАЗАГУЛЬ 12.10.2021 күні 11:22 уақытында

    Денсаулық зор байлық. Денсаулық ақ жаулық

    Жауап беру
  • Айгерім 23.09.2021 күні 08:02 уақытында

    Осындай қазақша қызықты ақпараттар көп болса екен. Бұрын тек орысша болушеді. Еркетай ұжымына рахмет

    Жауап беру
  • Индира 21.09.2021 күні 13:52 уақытында

    өте пайдалы ақпарат екен, Сірке суымен температура түрсіретінін білмеппін.

    Жауап беру
  • Замзагуль 18.08.2021 күні 13:49 уақытында

    Балаларымыз ауырмасын?керекті аақпарат үшін көп рақмет!

    Жауап беру
  • Roza 08.04.2021 күні 18:37 уақытында

    өте пайдалы мәлімет екен

    Жауап беру
  • элеонора 10.02.2021 күні 16:00 уақытында

    мәліметке рахмет!!!

    Жауап беру
  • Айгерим 01.02.2021 күні 23:51 уақытында

    Бәрі түсінікті етіп жазылған. Балақайлао ауырмасын

    Жауап беру
  • Майра 19.12.2020 күні 10:48 уақытында

    Расымен баламыз ауырса абдырап қалатынымыз бар, сондай кезде көп көмегін тигізетін мақала екен. Оқып түйгеніміз көп болды, рахмет. Бірақ ешбір бала ауырмасыншы.

    Жауап беру
  • Майра 07.12.2020 күні 00:14 уақытында

    Керемет ақпарат үшін рахмет

    Жауап беру
  • Гюзель 18.11.2020 күні 17:05 уақытында

    Балапандар періштелер ауырмасыншы. Өте қажетті мәліметтер алдым

    Жауап беру
  • Бағдагүл 05.09.2020 күні 22:58 уақытында

    ешқашан балапандар ауырмай аман болсын! Сіздерге рақмет

    Жауап беру
  • Маржан 21.08.2020 күні 01:24 уақытында

    Қазақша ақпаратты оқи алатының қандай жақсы.

    Жауап беру
  • Гулмира 08.05.2020 күні 22:44 уақытында

    Көп мәлімет алдым рахмет сіздерге

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.