Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балалар ауруы

 

Демікпе немесе бронхты астма


Демікпе (бронхиальная астма) — соңғы кезде жиі кездесетін болып жүр. Оны тудыратын аллергиялық жағдайлар. Демікпенің ұстамасы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін. Бұл ауру кезінде адамның тыныс алуы қиындайды, бала қысылып, бетінде қорқынышты үрей пайда болады, көзі бадырайып, күре тамырлары адырайып кетеді, түсі бозарып, денесінен суық тер шығады, ауа жетпей жанталасады. Мұндай ұстама кезінде балаға тыныштық беріп, желдеткішті ашып қояды, таза ауамен дем алуын қадағалайды, жейдешелерінің түймелерін ағытып, тыныстауын жақсартуға жағдай жасайды.

Мұнда да ауру баланы дәрігерге көрсетіп, оның айтқандарын бұлжытпай орындап отыру керек. Сонымен қатар дене шынықтыру мен спорт та ауру баланың денсаулығын нығайтуға зор көмегін тигізеді. Оны арнайы мамандығы бар медицина қызметкерлері емханада жүргізеді.

Егер ата-ана дәрігердің және жаттықтырушының айтқандарын бұлжытпай орындай білсе, онда жаттығуларды үйде де жасатуға болады. Сөйтіп, дене шынықтыру баланың әдетіне айналуға тиіс. Ауырған нәрестелер үшін де гимнастика мен массаждың ролі күшті. Оларды күніне 2 рет, белгілі уақытта, тамақ ішерден 30—40 минут бұрын жасайды.

Гимнастика мен массаждан кейін баланың көңіл-күйі көтеріліп, тамаққа тәбеті ашылады, ойынға зауқы соғады. Дене шынықтырумен айналысатын бөлменің жылы (жас нәрестелер үшін 21— 23 градус, ал ересек балалар үшін 19—21 градус) болғаны жөн.

Баланы белгілі уақытта ұйықтауға жатқызып, белгілі уақыгга оятқан жөн. Түнгі ұйқы жас нәрестелер үшін 15—16 сағат, 6—10 жастағы балалар үшін 11 —12 сағат, 13 жастан асқан жасөспірімдер үшін 9—10 сағат. Ұйықтар алдында бөлменің ауасын тазартып, еденді, есік-терезелерді сулы шүберекпен сүртеді.

Демікпе басталған кезде баланың кеуде жағын биігірек етіп, басын сәл шалқайтып жатқызады. Ауырған кезде пайда болатын улы заттар және кейбір дәрілердің қалдықтары қанға араласып, басқа органдарға (бауырға, бүйрекке, жүрекке, миға және басқа органдарға) зиян шектіруі мүмкін.

Сондықтан балаға қайнатылған су, жемістердің шырындарын жиі-жиі беріп отыру керек. Бала сұйықты көп ішетін болса, улы да зиянды заттар зәрімен бірге сыртқа шығып, организмге зиянын тигізбейді.

Ауырған кезде организмнің қорғаныс күші әлсірейді, витаминдер жетіспейді. Сол себептен бала аурудан толық айыққанша оған витаминдерді, құнарлы да дәмді тамақтарды, жеміс-жидектерді үнемі беріп отырады. Өйткені аурудан әлсіреген бала көп терлейді, денесінің бөртуі де мүмкін.

Денесі кірленген бала мазасызданып, тынышы кетеді, ұйқысы шала болады. Сондықтан да оны жылы бөлмеде шомылдырып, денесін таза ұстау керек. Шомылатын судың жылылығы 37,5—38 градус болғаны, баланы 10 минут жуындырған дұрыс. Шомылған бала өзін сергек ұстайды, жақсы да, ұзақ ұйықтайды.

Баланың өкпесі қабынғанда қандай медициналық көмек көрсетіледі.

Кеңірдек тармағындағы сілекей қабығының қабынуы (острый бронхит).

Бала тұмаумен ауырса қандай көмек көрсетіледі.

Қызамық немесе скарлатина бұл қандай ауру және оның белгілері.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Нәрестенің кіндігінің қабынуы
  • Өкпе деструкциясы
  • Үш жастан асқан балалар соқыр ішегі
  • Өкпе деструкциясын емдеу
  • Медиастенит ауруы

Пікірлер 7 Пікір қосу

  • Аяжан 22.08.2023 күні 09:16 уақытында

    астмамен кішкентай кезімнен ауырамын өте қиын

    Жауап беру
  • Торебаева жанита 02.02.2023 күні 22:44 уақытында

    Салемметсизбе меним балам ишин устап дем алу жолы киын болады жакында балнитсага жатып шыкканбыз инфекция болимине сол 1 7 кеин каиталанып тур ол неге олаи болып тур екен

    Жауап беру
  • Молдир 22.02.2022 күні 22:23 уақытында

    жаксы жазылған! билмитиним коп екен

    Жауап беру
  • Мадина 05.02.2022 күні 00:09 уақытында

    демікпе жайлы көп нәрселерді түсіндім

    Жауап беру
  • МАРЖАН 29.01.2022 күні 14:49 уақытында

    Быраз мугылмат алдым рахмет Еркетай

    Жауап беру
  • Жумамуратова Жулдыз 02.12.2020 күні 16:20 уақытында

    Саламатсыздарма.Мына макаланы оқып өзіме керек көптеген кеңестерді алдым.Аналар үшін таптырмас мүмкіндік екен.Шынымен мынадай алма ғайып заманда «жау жағадан алғанда, ит етектен алады» демекші нағыз пандемияның кесірінен әлем дүрлігіп датқанда ең бірінші кезек балаларымызды ойлайтынымыз анық.Тек балаларымыз

    Жауап беру
  • Камшат 17.09.2020 күні 13:44 уақытында

    көп нәрсені білдім!!! Жас аналарға пайдалы кеңестер көп екен!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.